Сабақ: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері»


Қазақ халқының шаруашылығына байланысты әдет-ғұрыптар



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі291,7 Kb.
#14863
түріСабақ
1   2
Қазақ халқының шаруашылығына байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Халқымыздың шаруашылығының басым түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Сондықтан халқымыз мал өсіруге баса көңіл аударып келді. Өзінің өсіріп отырған малының басы аман болуын тілегендіктен, оларға байланысты әр түрлі әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер дүниеге келген. Сондай әдет-ғұрыптардың бірі — отпен тазарту. Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан кешерде қыстау мен малды тазарту үшін қыстаудың әр жеріне от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген. Бұл қазақ жеріне ислам діні енгенге дейінгі от киесіне табыну түрі еді. Ел жайлауға көшкенде, әрбір ауыл көштерінің салтанатты, сәнді безендірілуіне ерекше көңіл бөлінген. Ол үшін алдыңғы түйені жақсы алаша, кілемдермен жабулап, қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнаткан. Мұндай көшті "қаркаралы көш" деп атаған. Қарқаралы түйені ауылдағы құрметті әйел немесе жас келін жетекке алған. Халық түсінігі бойынша, қырғауылдың қауырсыны кешке көз тиюден немесе жол-жөнекей көшті анау-мынау қолайсыз жағдайдан сақтайды.

Отбасына байланысты әдет-ғұрып, салт-саналар. Халқымыздың тіршілігінің басты негізі отбасы болғандыктан, бұл мәселеге байланысты әдет-ғұрып өте көп.

Құда тусу салтын жігіттің ата-анасы немесе оның жасы үлкен туған-туыстары жүргізген. Құда түсуден бұрын жігіттің ата-анасы құда түсер үйге жасырын барлау жүргізіп алады. Содан кейін, құда түсу үшін өзінің сенімді адамын жаушы етіп жібереді. Егер кыздың ата-анасы ұсынысты кабылдаса, құдалардың келу күнін белгілеп, келген жаушыға шеге шапан деп аталатын шапан жабады. Бұдан кейін күйеудің әкесі айтылған мерзімде құдалар жіберіп, калыңмалдың көлемі, тойға жұмсалатын шығындар, жасау-жабдық, қалыңмал төлеу мерзімі және тойды өткізетін уақыт туралы ресми келіссөз жүргізеді.

Ұлттық ойындар. Қазақ халкының ұлттық ойын-сауықтары алуан түрлі. Жастар бас қоскан жиында "Хан-уәзір", "Көрші", "Жылтыр кетті", "Мыршым" сияқты күлдіргі ойындар ойналатын. "Айгөлек", "Белбеу тастау", "Саққұлақ", "Аксүйек", "Сокыртеке", "Тымпи", "Алтыбақан", т.б. ойындарды жастар түнімен ойнап, ол қой күзету кезегіне де пайдасын тигізген. Сонымен қатар қазақта есептеп, санауға үйрететін "тоғыз құмалақ" ойыны болған.

Қазақ жастарының спорттық, денені шынықтыруға арналған "Күрес", "Жамбы ату", "Садақ тарту", "Аркан тарту", "Жаяу бәйге", ат үстіндегі спорттық ойындарының жастарды тәрбиелеуде ерекше орны бар. "Бәйге шабу", "Сайыс", "Қыз қуу", "Көкпар", "Аударыспак" сияқты ойындар жастарды мығым болуға, тез әрекет жасауға баулиды.

Діни наным-сенімдер. Орталық Азия мен Қазақстанға ислам діні Араб мемлекетінің жаулап алуымен байланысты ене бастаған. 707—712 жылдары араб қолбасшысы Кутейба Хорезм, Бұхар, Самарқанд қалаларын жаулап алады. Әбу Райхан Бирунидің жазуына қарағанда, Хорезмді алған кезде халық аяусыз кырғынға ұшырап, тұрғын үйлер, кітапханалар мен мектептер өртелген. Жергілікті халық ислам дінін бірден қабылдамаған.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау үшін қойылатын сұрақтар. 12 мин.

1. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары.

2. Әдет-ғұрып дегенде нені түсінеміз?

3. Әдет-ғұрып адамзат өмірінде қандай роль атқарады?

4. Қазақ халқының егіншілігімен байланысты әдет-ғұрыптар.

5. Отбасына байланысты әдет-ғұрыптар дегенді қалай түсінеміз?

6. Қазақ халқында Үлкенді құрметтеуге ерекше көңіл бөлген. Оған нені

мысал етіп алуға болады:

7. Қазақ халқына сай ұлттық ойындар.

8. Діни наным сенім туралы түсінік беріңіз.

Жаңа сабаққа байланысты интерактив тақтадағы ауылымыздағы ескерткіштердің суреттеріне қарап аттарын атап, қай жерде орналасқаның айту.

V. Оқушыларды бағалау. 2мин.
VI. Үйге тапсырма: “Қазақ халқының ұлттық ойындары” тақырыбында реферат жазу. 1 мин..


Мұғалім:.............................Джамалов Ф.
Каталог: uploads -> doc -> 0874
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0874 -> Литература Учитель: М. С. Ахметова Тема урока Урок поэзии. Стихи С. Есенина и М. Макатаева. Сравнительный анализ
0874 -> Сабақтың тақырыбы: Нарюрморт Сабақтың мақсаты
0874 -> Жүсіп Баласағұнның еңбектеріндегі афоризмдер, ондағы дүниетанымдық көзқарас Мазмұны кіріспе
0874 -> Көкшетау облысының Қызылту ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылы) дүниеге келді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет