Кейбір білімгерлер орындай алады: Мәтіндегі метафораларды анықтайды. «Полигон» тақырыбына оқылым және тыңдалым материалдары бойынша өз ойын байланыстыра конспект жазады.
Табиғатты аялайық тақырыбына пікірлерін білдіреді.
Тілдік мақсат
Білімгерлер орындай алады: Семей ядролық полигоны жайында көркемдегіш құралдарды пайдалана конспект жазады.
Пән лексикасы және терминология: экология-экология-ecology
ядролық сынақ-ядерное испытание-nuclear test
атом бомбасы-атомная бомба-atom bomb
жарылыс-взрыв-explosion
Диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:
Ядролық сынақ, полигон, атом бомбалары, экологиялық апат, радиоактивті заттар, радиация, қорғаныш обьектілері, жарылыс салдары
Талқылауға арналған сұрақтар:
Кеңес дәуірінде Қазақстанның қай аймақтарында ядролық сынақтар жүргізілді?
Ядролық сынақтар қоршаған ортаға қандай зардаптар әкелді?
Құндылықтарға баулу
Экология жайында сыни ойлауы артады. Топтық ,жұптық жұмыс жасауда бір-бірін құрметтеуге қалыптасады. Адамдар арасындағы экологиялық мәдениетті түсіну дағдысы қалыптасады.