Сабақ жоспары №1 Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі



бет6/9
Дата24.10.2023
өлшемі54,06 Kb.
#187907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚМТҚ ЛЕКЦИЯЛАР

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Студенттермен амандасу,топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
II.Дәйексөз: «Білімнің алды жарық,
Білімсіздің түбі ғарып».
III.Үй тапсырмасын сұрау.
Математикалық дайындығының мазмұны тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау.
IV. Өткен тақырыпты бекіту кезеңі.
1.Екінші кіші топта қандай математикалық ұғымдарды игертеміз...
2.Орта топтағы балаларды нешеге дейін санап үйретеміз...
3.Мектепке даярлық топ балаларына қандай математикалық ұғымдарды игертеміз...
V.Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің жұмыс формалары .
Жоспар:
1.Сабақтың түрлері, ойын әдістерінің орны.
2.Қарапайым математика дайындығының әдістері.

VI.Тақтамен жұмыс: сызба сызу.





Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
әдістемесінің жұмыс формалары .



Дидактикалық ойын

Ұйымдастырылған оқу қызметі

V.Бекіту кезеңі:


1.Сөзжұмбақ құрастыру: «Ұйымдастырылған оқу қызметі » сөзіне тест сұрақтарынан.
VI.Үйге тапсырма:
1.Дәрісті оқу.
2.Тест сұрақтарын жаттау.
VII.Бағалау.
Белсенділік танытқан студенттерді мадақтау, бағалау.
VIII.Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
IX.Жүректен жүрекке
Ризашылық әні автор:Луиза Хей
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге,(2 рет)
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2рет)
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің жұмыс формалары .
Жоспар:
1.Сабақтың түрлері, ойын әдістерінің орны.
2.Қарапайым математика дайындығының әдістері.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен қолданылатын әдістер:
1. Көрнекілік
2.Сөздік
3.Практикалық
Практикалық әдістің тәсілдері:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой қабілеттерін дамыту үшін практика-лық әдісті қолданамыз. Практикалық әдіс - кезінде әр түрлі заттарды пайдаланамыз, үлестірмелі материалдарды, қимылдарды орындайтын әр түрлі дидактикалық материалдарды пайдаланамыз. Практикалық әдістің бірінші тәсілі «жаттығу» ,я болмаса әр түрлі дидактикалық тапсырмаларды беру. Тапсырмалар жеке және ұжымдылыққа бөлінеді.
Жеке тапсырма – тақтаға шығып орындалатын тапсырма.
Ұжымдық топ - топпен әр түрлі тапсырмалар орындайды.
Дидактикалық ойындар – сөздік, үстел үстінде ойналатын ойындар,лото,домино.
Көрнекілік әдіс-тәсілдер: Балаларға жаңа білімді түсіндіру кезінде
1)көрсету; 2)заттарды беттестіру; 3)бір заттың астына бір затты қою; 4)салыстыру және ажырату;
Сөздік әдістің тәсілдері:
1)түсіндіру; 2)нұсқау,анықтама беру;3)балаларға сұрақ қою; 4)балаларға ауызша есептер беру; 5)бақылау,бағалау,мадақтау; 6)талдау; 7)қорытынды жасау
Сенсорика
Мақсаты: баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауын, назары мен пәндік-манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.
Міндеттері:
1.Баланың талабы мен әуестігін, түрлі заттармен әрекет ету ниеттерін мадақтау.
2.Ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту.
3.Заттардың түсі, пішіні, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту.
Мазмұны: Заттық іс-әрекет 1 жас - 1 жас 6 ай
- 1 жас 3 айдан бастап балаларды құрал-жабдықтарды (ауа шарларымен, ұзын тұтқалы арбамен ойындар) қолдануға дайындау мақсатында заттық құралдармен таныстыру;
- бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю - жинастыру, алу - салу, кішкентай шарларды қорапқа, шелекке ауыстырып салу, кішкентай науалармен домалату;
- заттарды өлшемі (үлкен, кіші) немесе пішіні (шаршы, дөңгелек) бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауға үйрету;
- түрлі-түсті қақпақтарды жаю, жинастыру, бір затты іші қуыс заттың ішіне салу (көлемі кіші затты көлемі үлкен заттың ішіне салу), іші қуыс бірдей заттарды (кубтар, конустар, т.б.) мөлшері үлкен заттармен үстінен жабу;
- алмалы-салмалы ойыншықтарды жинастыру (қораптар, бөшкелер, т.б.);
- 2-3 сақинадан тұратын конустық тіреуіші (өзекшесі) бар пирамидаға ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі, кейіннен бір өлшемді бірнеше сақинаны, түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыру;
- балаларды заттардың түстерімен таныстыру: қызыл, көк;
- спектрдің алты түсінің біріне қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ және қара түспен боялған: біркелкі заттармен іс-әрекеттерді ұйымдастыра отырып, сезімдік тәжірибені кеңейту;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет