Сабақ жоспары Бөлім: ф дыбысы



бет2/2
Дата18.05.2022
өлшемі184,85 Kb.
#143731
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1640600878, 1640600878
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

4 мин




(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Тақырыпалды тапсырма: Жұмбақтар оқу,шешу.
1.Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2.Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3.Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
4. Қос қоржынын артынып,
Қос құлақтай қалқиып,
Тұратын бұл қай әріп? (Ф әріпі)
-Сонымен, сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
- Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф
- Қандай дыбыс? Неге дауыссыз дыбыс?
- Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
- Ф әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.










Сабақтың ортасы
5 мин

1-тапсырма:
«Кім бірінші?»
Шарты: Оқушыларға ф дыбысы бар сөздерді айтып жарысады. Әр оқушы ф дыбысы бар сөзді айту арқылы алға бір қадам жылжып отырады. Ойын аяғында мәреге кім бірінші жетеді сол жеңімпаз атанады.


Дескриптор: Балл: 2

  1. Ф дыбысы бар сөздерді айта алады.

  2. Ф дыбысы бар сөздерді қатесіз дұрыс айта алады.

  3. Ф дыбысы бар сөздерді жылдам айту арқылы бәсекелесе алады.

Түрлі түсті жолақтар

6 мин
2 мин


2-тапсырма: «Өлеңді жатқа жаз»
Шарты: берілген төрт жолды өлеңді оқып жатқа жазу.
Өлең: Фойеде ел жиналған
Фестивальді тойлады.
Фатима қыз финалда
Флейтада ойнады.

Сергіту сәті: «Шатаспа» ойыны



Дескриптор: Балл: 3

  1. Өлеңді оқып, жатқа дұрыс жазады;

  2. Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздерді атап айтады;

  3. Өлеңдегі сипатталған флейта музыкалық аспап туралы түсініктерін мазмұндап айтады.


Оқушы іс-әрекеті: Оқушыларға «балалар» сөзін қосып іс-әрекет айтатын болсам орындайды. Айтпайтын болсам орындамайды. Орындап қойса, ойыннан шығады.

3-сынып, қазақ тілі, 52 бет


10 мин


3 -тапсырма: Мәтінді оқу.
ТЖ: «Менің нұсқам... әдісі»
Шарты: Оқушыларға ертегі/әңгіменің біраз бөлігі беріледі, тек қандай шешімге келгені белгісіз болады. Оқушылар сол берілген ертегі/әңгімені оқып әрі қарай өз нұсқаларында ұсынады. Осы жерде барлық оқушылар пікір алмасып, бір-біріне жаңа идея қосады. Сонымен қатар, олардың нұсқаларына байланысты сұрақтар қойылады. Мысалы:

  • Неліктен сен осындай шешімге келдің?

  • Неге бұл ертегі/әңгімені дәл осылай жалғастырдың?

  • Сенің пікірің дұрыс деп санайсың ба?

1-қатар: Мәтін неліктен «Доп ойнаймын деп...» аталған? Сен қандай ат қояр едің?
2-қатар: Мәтінді өзің жалғастырып, қалай аяқталалтынын болжа.
3-қатар: Оқулықта берілген болжамдардың бірін таңдап мәтіннің неліктен солай аяқталатынын айт.

Дескриптор: Балл: 3

  1. Мәтін неліктен «Доп ойнаймын деп...» аталғанын түсіндіріп, өз тарапынан мәтінге ат қояды.

  2. Мәтінді өзі жалғастырып, қалай аяқталалтынын болжайды.

  3. Оқулықта берілген болжамдардың бірін таңдап мәтіннің неліктен солай аяқталатынын дәлелдей алады.




3-сынып, қазақ тілі, 53-54 бет

Сабақтың соңы
Рефлексия



Кері байланыс: «Ашық микрофон»
Шарты: Оқушыларға сабақ барысында өтілген тақырып пен жасаған жұмыстарға байланысты бағыттаушы сұрақтар қойылады. Оқушылардың сұраққа жауап беруі арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін байқау қажет.
РЕФЛЕКСИЯ: «От шашу»
Шарты: Оқушылармен бірге сабақты қорытындылау мақсатында қол шапалақтауды пайдалану.

Дескриптор: Балл:2

  1. Өтілген тақырып негізінде қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап бере алады.

  2. Өз ойын еркін жеткізе алады.

Оқушы іс-әрекеті:
Егер сабақ ұнаған болса, және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, 3 рет шапалақта;
- Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, 2 рет шапалақта;
- Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болатын болса, мұғалімнің көмегі қажет болса, 1 рет шапалақта.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



«Мадақтау сөз» әдісі.
1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет