Сабақ жоспары орал Қтл құжаттың коды



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі195,09 Kb.
#17721
  1   2



KATEV Халықаралық қоғамдық қоры

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Орал ҚТЛ

Құжаттың коды:K-KTL-FR-031-KZ

Рев. № / Күні:23.01.2015

Басылым күні: 01.09.2006

Бет №:/4



Сыныбы:

8 «В»

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Сағат саны:

2

Тақырыбы:

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі

Мақсаты:

а) білімділік:


ә) дамытушылық:

б) тәрбиелік:

«Батыр Баян» поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіндіру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға үйрету;

Туған жерге деген сезімдерін қалыптастыра отырып, сүйіспеншілігін арттыру, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:

Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап



Пәнаралақ байланыс:

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы



Көрнекілігі:

Слайд, топшама

Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушыларды түгендеймін;

  • Сабаққа дайындығын тексеремін.

Оқушыларды батырлық тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер арқылы 3 топқа бөлемін.

Оқушылардан «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын сұрап, құрылысына қарай талдатамын.

І. Шығарманың басталуы

«Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.

Жүрегім мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да, - деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады.



ІІ. Шығарманың дамуы

Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жолға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей» деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді.



ІІІ. Шығарманың шиеленісуі

Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.



IV. Шығарманың шарықтау шегі

Баян ішкі могологы арқылы өзінің іс-әрекетән саралайды. Ойы екіге бөлінеді. Бірі – айыптайды, екіншісі – ақтайды.



VI. Шығарманың шешімі

Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып, ауыр дерттен арылмақ болып, Абылайға келеді. Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алады. Бұл батырға көрсетілген ерекше құрмет.



(Шығармадан әсер алған жерлері бойынша салған суреттерін қорғайды).

Оқушыларға шығарма бойынша жалпы сұрақтар қойылады.

  1. Поэма ұнады ма?

  2. Поэманың таңқалдырған тұсы.

  3. Шығармада қандай тарихи тұлғалар кездеседі?

  4. Абылай хан туралы не білеміз?

Оқушылар шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы постер қорғайды.


Баян

Ноян

Баян – намысшыл, қайратты, әділ, елін, жерін сыртқы жаудан қорғайтын батыр, қайсар, өжет.

Ноян – сатқын, қорқақ, Отанына жаны ашымайтын ез, алаш жұртының намысын таптаушы.


Шығармадағы жанама кейіпкерлерге мінездеме беру



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет