Сабақ жоспары пән аты: Информатика Сыныбы: 8 «Б» Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау



бет2/4
Дата05.02.2022
өлшемі57,96 Kb.
#18685
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ


Оқыту әдістері:баяндау арқылы түсіндіру,сұрақ-жауап


Сабақтың көрнекілігі:компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық, электронды оқулықтан тапсырмалар мен тест орындау,слайд .


Пән аралық байланыс: биология,тарих


Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымадстыру кезеңі


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1.Файлдар мен қапшықтарды қалай іздейміз?
2.Іздеу командасы не үшін қолданылады?
3.Қандай белгілері бойынша іздеу командасымен файлдарды табуға болады?(слайд-1)


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Компьютерлік вирустардан қорғау.»(слайд-2)
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі.Вирустармен біз биология пәнінен таныспыз. Биология пәнінен адам ағзасына түсетін вирустарды білеміз Компьютерлік вирустарда өздігінен көбею қабілеті бойынша биолгия пәнінен белгілі вирустарға ұқсайды..
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз «зақымдалған» дискета, диск,флеш жады немесе «зақымдалған файлмен бірге түсуі мүмкін.Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» программа деп аталады.Вирус басқа программаларды тауып зақымдайды, олардың қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкетік оймен жасайды. Компьютерлік вирусты ең бірінші рет 1989 жылы американдық студент Моррис жіберген. Осының салдарынан көптеген компьютерлер істен шыққан, ел экономикасына айтарлықтай зиян келген. Компьютерлік вирустар интернет желісі, сыртқы тасымалдашы құралдар арқылы жұғады.Енді осы вирустардың түрлерімен және олардың зиянкестігімен танысайық.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады: (слайд-3)


Файлдық

Жүктейтін (загрузочный)

Макровирустар

Файлдық жүйені қолданады, яғни файлдың өмір сүруін пайдаланады. Файлға жұққан вирустар өз сияқты файлдарды бәрін зақымдайды.

Дискілердің оқылатын, орындалатын бөліктерінде болады.Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.



Зақымдану түрлері бойынша вирустар резиденттік және резиденттік емес болып екіге бөлінеді. (слайд-4)
Резиденттік вирустар-компьютерге жұққан кезде өзінің резиденттік бөлігін жедел жадыда сақтайды да , одан соң ОЖ жаулап алады. Резиденттік вирустар жадыда болғандықтан олар үнемі жұмыс істеп тұрады.
Резиденттік емес вирустар- бұлар жедел жадыда болмайды, қашып-пысып жүреді, яғни уақытша ғана өмір сүреді.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет