Сабақ жоспары Тренинг: №1 Тренингтің тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»


Аутодеструктивті іс-әрекеттің алдын алу мақсатының келесі әдістемесіне өтеміз. 10 мин



бет3/5
Дата04.08.2017
өлшемі0,53 Mb.
#22832
түріСабақ
1   2   3   4   5

7. Аутодеструктивті іс-әрекеттің алдын алу мақсатының келесі әдістемесіне өтеміз. 10 мин.

Психотерапевтикалық ертегі

«Қисайып кеткен ағаш»

Мақсаты: оқушылардың суицидтік мінез-құлықтың алдын алу.

Міндеттері:

• қиын жағдайларда оқушылардың мінез-құлқын ескеру, сындарлы жағдайларда өзін өзі ұстау тәсілдерін үйрету.

Жұмыстың барысы:

Міндеттері: оқушыларды өзін-өзі зерттеу және түзету; оның «өмірде» керектігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызу.

Тапсырма: ертегінің соңына дейін жабық көзбен тыңдау керек.

Бірде әдемі ағаштар арасында әдемі орманда жылдар бойы тығыз қабыршақты және жіңішке бұтақты бір «қисайып кеткен ағаш» өмір сүрді. Ол өзінің ұсқынсыз көрінісімен, басқа ағаштарға күлкі болып жүрді. Ұзақ жылдар бойы өзіне көңілі толмай, жиркенішпен өмір сүріп, басқаларға қызығу мен қызғанышта болды.



(Метафоралық дағдарыс: оның өз ерекше сұқытын қабылдамау, өзін басқалармен салыстырып сәтсіздікке баламалау, «қисайып кеткен ағаш» қайғырады, оның ерекшелігін айқындап айтатын достары жоқ)Бірде орман кесушілер келді. Олар, бір-бірлеп ағаштарды кесіп жүк көлігіне тиеп әкетті. «Оларды жиһаз фабрикасына апарып әдемі жиғаз жасайды, ағаш бұйымдар әзірлейді, ал мен пайдасыз болып қала берем. Өйткені мен шірікпін, мені ешкім керек қылмайды ...

(Метафоралық дағдарыс: реніш, қызғаныш, фрустрация)

Бір күні таңертең орманды шал кезіп келді.Ол ұзақ уақыт бойы орман аралап жүріп, үйін жылыту үшін отын жиып алды. Біреуге пайдалы болуым мүмкін емес деп шешкен «Дәрменсіз» қисық ағаш, шөптің арасында жатыр еді.Оны ер адам байқап көтергені өте таң қалдырды.Қария ағаштың мықтылығын тексеріп, арбасына төнкеріп салып алды. «Дәрменсіз»қисық ағаш өз тағдырын сезді: отқа жанып күл-қоқыспен далаға шығары анық.Бірақта бұған қарамастан,ол бақытты еді! ( метафора: «Кейде, жарамды болуға деген талпыныс«пайдалылығы» біз өзімізді «суицид»ке итермелеп «жанып» кетуге әзірлігімізді білдіреді»)Ол арбада әр түрлі таяқ ағаштардың ортасына тап болды, дереу қызғаншақтарда , доста табыла кетті. Әдеттегідей зиянкестер көп болып, олар оның кемшілігін айтып, кемсіте бастады. Онсызда жылдар бойғы қайғысына қосылып бұл сөздер оған ауыр соққы болды (бейсаналық процестер)Кенеттен арба соқпақ жолдан қатты селкілдеп «қисық ағаш тау-тастан домалап төменге құздан ұша жөнелді! Тіпті отқа жануға да мүмкіншілік тумаған недеген сорлы едім... деп налыды қаншалықты қиындыққа тап болғанын түсінген ағаш өмір бойы көрген қиыншылықтарын көз алдына елестеді.Ол бар күшімен қайтсе де бір нәрсеге ілініп аман қалсамғой деп тіледі. Пауза.



(Метафоралық дағдарыс: өмірін өзгертуге мүмкіндік) Ол теңізге құлады. Бұл не? Мен қайдамын? Енді не болады? –деп ойлады «қисық ағаш». Бұл түсініксіз жағдай болды ... теңізде дауыл басталып, ол ауада көп уақыт аралығында қалықтады. Кенет жел күшейіп, теңізге үлкен қауіп төндіріп, бұлттар жақындап, қараңғы болды.Ағаш суық толқынға батты,теңіз оны аямай жан-жаққа лақтырды.Қисық ағаш біткен жерім осы ғой деп үміті үзіле басталды ... Бірақ дауыл баяу саябырси бастады .. аспанда күн көрінді ... «кисық ағаш» айналасына қарап, жан жағы қызықты әлемге таңырқай бастады..., тамақ іздеп су үстінен ұшып бара жатқан құстар, жағымды және жұмсақ теңіздің жылы толқындары, сүйікті баланы тербеткен тәрізді: оның өмірге деген көз-қарасы өзгеріп, тыныштыққа кенеле бастады. Және ол бұл дүниеде өз ерекшелігін, қайталанбастығын сезінді. Пауза.... (метафора:су мен даул- жан және дағдарыс символы. Неғұрлым дағдарыс адамды күйзелтсе, адам өз өмірін өзгертуге асығады, ол өзін табады, яғни ол өз көзқарасын өзгертуге мүмкіндік алады, оның ақылы толып, өзін сабырлы сезініп өзгереді. Жан «саулығы» пайда болып, аз уайымдап, оның өмірі осы дауылдан кейін жаңара бастайды).Ол толқындар арқылы жүзіп жағаға да жетті. Тағы да, дәрменсіздік... және қай уақытқа дейін осында жатар екен...ешкімге керексіз шаң тозаң болып... Менің өмірім қандай мағынасыз болды десеші.! –деп, күнге кыздырынып жатып ұйықтап қалады. Жел соғып теңіз тұзы басып, бірте-бірте күн тұзарды кристалдарға айналдырды... ағашты жарқырата түсірді. Қисық ағаш тағы налиды....

( невротикалық кедергі: адам бір нәрсеге үнемі наразы болып тұрады.)Ол біреудің нәзік қолы тиіп, оятып, оны көтергенін сезеді. Бір адамның жымиып: «Бұл ғажайып! Неткен керемет! –деп тұрғанына «Дәрменсіз» қисық ағаш таңырқады. «Ол бірде-бір адамның сонша махаббатын сезбеген ... (кідірту) ... және өзі жайлы осындай мақтауды ешқашан естімеген... (кідірту) және ешкімнің нәзік қолын сезінбеген... (ұзақ үзілістен) . Адам оның шаң топырағын сілкіп, сырлап, жылтыр лакпен бояп, түсін өзгертіп үйге әкелді. (Метафора: жекетаным; өзіндік «тұсаукесер») «қисық ағаш» таңырқай берді, оны бір ерекше көптеген адамдар келетін жерге әкеп қойды....олар оның пішінінің ерекшелігіне, көркемдік мәніне тамсанды ... (ұзақ кідіріс) «қисық ағашқа» «теңіз сыйлығы» деген жазуы бар стендке орналастырып және үлкен құрметке бөленді. Ол бірнеше рет түрлі жарыстарға ұсынылып, және көптеген марапаттарға ие болды. Дүниежүзі бойынша, оның жылылығымен талғампаздылығы және өзге де керемет қасиеттері көп айтылып , қымбат бағаланды. «қисық ағаш»:«Қанша қиыншылықтарды басымнан өткіздім, өмірімнің соңында өмірдің мәнін таптым»- деп масаттанды.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет