Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қозғалыс



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі410,91 Kb.
#91481
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
sabaq-kz attachment omyrtaly-zhne-omyrtasyz-zhanuarlardy-ozalys-msheler
Документ


Сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қозғалыс

Мектеп: Арал қаласы, Т.Г.Шевченко атындағы № 13 мектеп

Күні:30.06.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Темірхан Жаннұр

Сынып: 7

Қатысқандар: 16

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.6.4 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру

Ойлау дағдысы

Білу, түсіну, талдау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Тірі ағзалар оның ішінде омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін айтып мысал келтіре алады
Оқушылардың басым бөлігі: омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалу мүшелерін салыстырып, ерекшелігін түсіндіреді
Кейбір оқушылар: Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды ажыратып талдай алады



Бағалау критерийі

- омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелеріне мысал келтіру;
- омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстырып, ерекшелігін түсіндіру;
- Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды ажыратып талдау;

Тілдік мақсаттар



Оқушылар: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалысы туралы түсінік алады. Сабақтың тақырыбын ашады,жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстырып, мысал келтіре алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: мұртша, жұп аяқтары, қанат. қаңқа,реактивті қозғалыс, гидростатикалық қаңқа , сыртқы және ішкі қаңқа сүйектері

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсартуда ауызша тапсырмаларды орындауда сөйлеу дағдылары дамиды.Жазылым бойынша терминдерді дәптерлеріне жазады

Талқылауларға арналған тармақтар: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелері туралы не білесіңдер?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Неліктен қозғалыс тіршілік қасиеттерінің бірі болып табылады?

Құндылықтарға баулу


Топтық жұмыс барысында әртүрлі көзқарастарды сыйлау, бірлесе жұмыс жасау арқылы қолайлы орта қалыптастыру;
Айтылған, оқылған мәліметтер сыни тұрғыдан талдау; Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды қорғауға тәрбиелеу;

АКТ қолдану дағдылары

Слайд презентациясы және бейнематериал

Пәнаралық байланыс

Физика, жаратылыстану, химия

Алдыңғы білім

Өсімдіктердің қозғалу себептерін түсіндіру, талдау


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

2 мин

4 мин

3 мин


  1. Сабақты ұйымдастыру

Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «9 ромб» әдісі бойынша жүргізіледі


Қ.б: бас бармақ


  1. Оқушыларды топқа бөлу (жыл мезгілдеріне байланысты)

І топ «ЖАЗ»
ІІ топ «КҮЗ»
ІІІ топ «ҚЫС»
ІҮ топ «КӨКТЕМ»

  1. Қызығушылықты ояту:

Жануарлар қозғалысы туралы бейнеролик көрсету https://www.youtube.com/watch?v=zzH5bWoueXk



Қағаз қиындыларына бөлінген ромб пішінділері

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар суреттері

Интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы
8 мин
2 мин

3 мин

3 мин

2 мин

3 мин
2 мин


Топпен жұмыс (постер қорғау)
І. Біржасушалы және көпжасушалы жануарлардың қозғалыс ерекшелігін салыстырыңыздар
2. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс ерекшелігін салыстырыңыздар
3. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың мекен ету ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстырыңыздар
4. Неліктен қозғалыс тіршілік қасиеттерінің бірі болып табылады?
Қ.Б: Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Мұғалім түсінігі:
Гидростатикалық қаңқа: жауын құрттары, актиния, теңіз жұлдыздары
Сыртқы қаңқалар: былқылдақденелілер, жәндіктер
Ішкі қаңқалар: кез-келген омыртқалылар
Жұппен жұмыс
«Суретті әңгімеле» әдісі


Жұп болып суреттің атын тауып мекен ету ортасы мен қозғалыс мүшелеріне тоқталып іс – қимылмен көрсетеді.
Қ.Б: смайлик арқылы бағалау

Жеке жұмыс (Мюнстерберг әдісі)
лершекіпкір, қаяғанжал, теғышыпақіретшықбұл, одоб, тақан, ратлықлат, омаснапорит, сійеүжлымиқкеріт, қяатрөт, танақебзүж, улағзоқтівиткаер, ғышыапқуаа
Адасқан әріптер арасында бүгінгі сабаққа қатысты тіркес және термин сөздерді тауып, сипаттама береді
Қ.Б: мадақтау арқылы бағалау
«Жарайсын», «Керемет», «Тамаша», «Жүйріксін» т.б
«Түртіп алу» әдісі арқылы дәптерлеріне бүгінгі сабақтағы негізгі терминдерді жазып алады.


Постер парақшалары, маркер, стикер қағаздары

Суреттер


Адасқан әріптер жазылған парақшалар



Сабақтың соңы

6 мин

2 мин




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет