Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады. Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет4/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,02 Mb.
#851
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс мазмұны: Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (1893-1920). Сауат ашу білім алу қайнарлары.Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы,23 октчбрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызыл ту ауданында туады,5-6 жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ол анасы өліп бір жасында жетім қалады. Сонан кейін нәрестені ұлы анасы алып тәрбиелейді.

Сұлтанмахмұт 6 жасар күнінде әкесінен оқып,хат таниды. Осыдан соң әкесі Шоқпыт кейде өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,баласын оқудан үзбейді. Сұлтанмахмұт 1902-1903 жылдары Әлі деген молдадан,1904-1905 жылдары Торғай деген молдадан ,1906-1907 жылдары Мұқан деген молдадан оқыды.

Ол Мұқан молдадан оқып жүрген кезінде ,он үш жасынан өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлеңі “Секілді өмір қысқа жарты тұтам” деп аталады. Онда Сұлтанмахмұт өзінің оқуы туралы,ақын болуға жүргені турады сыр айтады.

Мұнан кейін Баянауыл қаласында медресе ашылып, 1908-1910 жылдары сонда, иолданың өз үййінде жатып оқиды.

1911 жылы Шоқпыттың көршіауылы Нұрғали деген кісіні молда ұстайды. БҰЛ Троицк қаласында оқып келген, жаңа тәртіппен оқыған кісі болады. Ол қазақ,татар, тілнде шығатын газет-журналдарды,әдебиет,фән кітаптарын алдырып оқытып тұрады екен.

Сұлтанмахмұт осы молдадан сабақ алады. Сол арқылы әдебиет,фән кітаптарын,газет,журнал оқиды. Қазақ, татар әдебиетіме танысады. Дүниенің мәнін, заманның жайын аңғара бастайды,өнер-білімге бас қояды,өлең-әңгіме жазуға белсене кіріседі.

Бұл кезде ол “Дін”,”Сарыбас”, “Соқыр сопы”,”Зорландым” деген ұзақ әңгіме жазады. Сұлтанмахмұттың 2 ірі поэмасы жариялылықтың жарық сәулесі түскенше жабық шығармалар сөресінен орын алып,оқырманнан жасырын,таса қалады. “Таныстыру” поэмасы Алашорда басшыларын дәріптейтін,ал “Айтысы ” байшылдық-ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін зиянды шығармалар деген ат қойылып,айдар тағылып тұтқындық күй кешті. Әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар жойылып келе жатқан бүгінгі таңда “Таныстыру” мен “Айтысты” қалың оқырман қауымға қайтармау Сұлтанмахмұт шығармашылығына қиянат,

“Таныстыру” 1917 жылылың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Абай елінде болған кезде жазылған. Ақпан төңкерісінен кейін Орынборда (1917,шілде) Советтердің Бүкілқазақстандық І съезі, сол жылдың желтоқсанында тағы да Орынборда ІІ съезі өтті. Қазақстан облыстарында қазақ комитеттерін сайлауға қызу дайындық жүріп жатты. Семей облысы қазақтарының съезі 1918 ж. 14 (1) наурызына белгіленді [3]. Төңкерістен соң елді жаңа жолға бастайтын азаматтар кімдер деген сұрақ тұрды. Сұлтанмахмұттың “Таныстыру” поэмасы осы сауалға тура жауап бергендей еді.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. 20 ғасырдың басында қандай газет-журналдар шыға бастады.

  2. 20 ғасырдың басындағы ағартушы-демократ өкілдері.

  3. Сұлтанмахмұттың оқу ағарту ға шақырған өлеңдері.

  4. С. Дөнентаевтің мысал жанрын дамутудағы ролі қандай.

  5. С. Көбеевтің мектеп оқушыларына арнаған хрестоматиясының маңызы неде.

Әдебиеттер:

1.Қазақ балалар әдебиеті.-А, 1974 ж.

2.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А,1965

3.Көбеев С. Орындалған арман.- А, 1988 ж.

4.Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры. 2 томдық. А: 1987.

5.Еспенбетов А. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт. А: 2008 ж.

6.Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).

7-апта

7-дәріс

Дәріс тақырыбы: 1917 жылдан кейінгі кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. 1917-1940 ж. қазақ балалар әдебиетінің ддамуына ықпал жасаған некгізгі жайлар.

2. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндердің жаңа қазақ балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлестері.



Дәріс мазмұны: Сәкен 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында (Қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Шын есімі Сәдуақас. Қажырлы, сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді, жас Сәкен шешесі Жамалдың да ертегісін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан хат таниды. Арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді әкесі орысша оқысын деп Нілді заводына жібереді. Тырнақ алды қадамын Нілді заводында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Европа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хат-хабар, сын мақала, бірнеше өлеңдерін бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.

Семинарияны бітірген соң сол тұстағы қазақ оқығандары сияқты Сәке де еңбек жолын «Сілеті-Бұғылы» деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды.1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіндірген 1917 ақпан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық, ақындық тағдырында ерекше орын алады. Бұл күндердің шежіресі «Тар жол, тайғақ кешу» романында көрініс табады. Оның құдіретті қаламынан: «Асау тұлпар»(1922), «Домбыра»(1924), «Экспресс»(1926), «Тұрмыс толқынында»(1928), «Көкшетау»(1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат»(1934), «Социалистан»(1935) сияқты өлең, поэма кітаптары, «тар жол, тайғақ кешу»(1927), «Жер қазғандар»(1928), «Айша»(1922), «Жемістер»(1935) прозалық шығармалары, «Бақыт жолыма»(1917), «Қызыл сұңқарлар»(1920) драмалары, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»(1933), «Қазақ әдебиеті»(1932) сияқты зерттеу еңбектері шықты. 1936 жылы Қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Сәкен сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» ордені берілді. Трагедиялық ажал Сәкенді 1938 жылы 28 ақпанда мерт қылды.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобында» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек. Қалам қызметіне ерте араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.

Майлин алғаш рет аул молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімнен доріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912) оқиды.

1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектеб інде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды.

Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе-Ғалияның оқуын аяқтай алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек боп Троицк қаласына қайтып оралады да, осы тіста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды.

1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан-коммунист» хткаяты осы газет бетінде жарық көреді.1925 жылы Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында әр алуан қызмет атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.

Осы ғасырдың оныншы жылдарының орта тұсында (1914-1915) Майлин «Шұғаның белгісін» Б.Майлиннің суреткерлік шеберлігінің ерекше өрнектері осы «Шұғаның белгісінің» бітімінен айқын байқалады. Ол – оқиға желісінің ширақ өрілуі, образдарының айқын даралығы, портрет бояуларының сараң болса да келістілігі, адам психологиясының иірімдерінің терең бейнеленуі, қысқа да мағыналы диалогтар, нағыз халықтық тіл оралымдар. Мұндай сипаттар жазушының кейінгі шығармаларына да дарыған.

Б. Майлин әңгімелерінің тақырыптық шеңбері кең, оларда қазақ даласы өміріндегі түбегейлі өзгерістер әр қырынан егжей – тегжейлі баяндалады. Жазушы көркем әңгімелерінде қазақ даласының революцияға дейінгі жай – күйі, революция жеңісі, ауылдағы тап – тартысы, советтік құрылыс пен мәдениет революциясының табыстары, қазақ еңбекшілерінің сана – сезімінің ояну, жетілу құбылыстары, өмірде, тұрмыста ескі мен жаңаның арасындағы қайшылық, жаңаның мерейінің үстемдігі молынан қамтылып, тереңнен алынып суреттеледі.

Революциядан бұрынғы ауылдағы теңсіздік, қайшылық, кедей шаруаның сүреңсіз тұрмысы, бай мен кедей арасындағы тартыс, қанаушы таптың кедейге мейірімсіздігі автордың «Күлпаш» (1922), «Айт күндері» (1922) әңгімелерінде шынайы әшкереленеді.

Ұлы Октябрь социалистік революциясы қазақ кедейінің таптық санасын оятып, тап күресіне жұмылдырды. «Кедей теңдігі» (1923), «Айранбай» (1924), «Күлтай болысы» (1925), «Шапайдың хаты» (1928), «Ақталған еңбек» (1928) әңгімелерінің бәрінде де осындай шиеленіскен күрес шындығы бейнеленген. Бұл әңгімелердің бәрінде де Совет өкіметі арқасында теңдікке қолдары жетіп, өз өкіметінің ұрандары үн қосқан, оларды іске асыруға жұмылған кешегі жалшы, малай, жарлылар – бүгінгі қадірлі азаматтардың образдары бейнеленген.

Академик – жазушы М.Әуезов: «Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады », - деп оның әңгімелерін жоғары бағалады.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Аұсу болысында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, араб – парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз – ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме – шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнердің басын ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, кошелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, көп жақсы үлгі көрсетіп, қазақы адамгершілік жолымен тәрбиелеп өсіреді.

Дауылды жылдардың тартысы тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үлгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып, шыңдайды. Жас азаматтың қызметтен өзге уақыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңі 1917 жылы 22 тамызда басылған Ілияс «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі көрінеді. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады.

1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ совет баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағының председателі болады, 1935-1937 жылдарда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, СССР Жазушыларының І съезінде сөз сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Кеңес дәуіріндегі балалар әдебиеті қалай дамыды.

  2. Б. Майлиннің балаларға арналған қандай шығармаларын білесіз.

  3. І. Жансүгіров балаларға арнап қандай кітапшалар шығарды.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ балалар әдебиеті. –А,1974 ж.

  2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А,1965

  3. Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. А. 1986-88 жж.

  4. Жансүгіров І. Бес томдық шығармалары. А. 1986-88 жж.

  5. Майлин Б. . Бес томдық шығармалар жинағы. А. 1986-89 жж.

  6. Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары.- Астана. 2004ж.


8-апта

8-дәріс

Дәріс тақырыбы: 1940-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. Қоғамдағы өзгерістер, Ұ.О.С жылдары

2. М.Әуезов, С. Мұқановтың әдебиетті дамытудағы рөлі.

3.Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафиндер еңбектеріндегі балалар өмірінің суреттелуі.

Дәріс мазмұны: М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркуйекте бұрынғы Семей облысы, Шыңғыс болысында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) туған.Оның атасы Әуез де, әкесі Омархан да арабша оқыған сауатты да ауқатты адамдар болған.

Болашақ ұлы жазушының алғашқы мұғалімі де – атасы Әуез болады.Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді. Әуез немересіне алғаш арабша хат танытып, оған өзінің досы Абайдың өлеңдерін оқытады.Әуез Абаймен құрбы, дос болған әрі ауылы аралас, қойы қоралас, көші-қонысы бір көрші болыпты.

М.Әуезовтың шығармашылық жолы 1917жылдардан басталады ( «Еңлік-Кебек»). 1918жылы ол Семейде «Абай» журналын шығарысады.Осы журналда ол әйел теңдігі мен ағарту тақырыбына бірқатар мақалдар жазады («Адамдық негізі әйел»).Әсіресе 20-жылдары ол шығармашылыққа ден қойып, көптеген көркем туындыларды дүниеге алып келді. М.Әуезов 1921ж. жазған «Қорғансыздың күні» мен 1928ж. жазған «Қилы заман» повесінің арасындағы розалық шығармаларының қай-қайсысында да Толстой Л. Мен Тургеневтің, Чехорв пен Горькийдің дәстүрінде адам әрекеттернің психологиялық дәлелдемелер мен бейнелеуге шебер екендігін байқауға болады.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов өз шығармашылығында суреткерлік шеберліктің адам баласы шыға алатын ең биік шыңына дейін барды. Бұл жолда М.Әуезовке тән бірнеше суреткерлік дара қасиет туып, қалыптасты.Әлем ғалымдары ұлы жазушы талантына тән басты-басты толып жатқан сапалық белгілерді бөліп атайды.Олардың кейбірі мынандай: халық, адам өмірін, қоғам тарихындағы айрықша мәнді, маңызды құбылыстарды суреттеудегі эпикалық кең тыныс, нәзік әрі терең психологизм, интелект биіктігі, тіл құдіреттілігі, көркем әдебиеттің үш түрлі тегіне (эпос, лирика, драма) тән үш түрлі көркемдік әлемнің поэтикалық ажарын бір тектің немесе тіпті бір ғана шғарманың бойына сіңіру,т.б.

«Абай жолы» секілді әлем әдебиетінің асыл қорына қосылған эпопеядан жалпы өнерге тән белгілі қасиеттердің бәрін де табуға болады.Сәулет өнері ме, сурет өнері ме немесе мүсін өнері дейсіз бе, не болмаса әуез, театр өнері дейсіз бе – солардың бәрінің де элементтері, көркемдік-бейнелеуіш тәсілдері осы шығармада түгел жүр десе болады. Оның үстіне «Абай жолы» - өз аясында өнер мен ғылымды бірдей ұштастырған,асқан жарастықпен тұтастырған айрықша көркемдік үлгі.Бұл ретте «Абай жолын» әдеби тектер мен түрлер, өнер мен ғылым белгілерін тұтас қамтыған күрделі әдеби шығарма ретінде тануға тура келеді.Жазушы өз шығармасын аталған әдеби тектер мен түрлердің, өнер мен ғылым салаларының құрамасы, жиынтығы етпейді, оларды эпореялық біртұтас, бір ғана құбылыстың сегіз қырлы, бір сырлы күрделі сапалық қасиетіне айналдырады.М.Әуезов эпосының жанрлық , поэтикалық тұтастығы мен даралығы да осында.М.Әуезовтың эпопеясын оқу мен ұғу үшін оқушыны қоғамдық ғылымдар мен көркемөнердің барша саласын, барша түрін танып білуге бастайды.

1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңа жол» ауылында (бұрынғы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданында) дүниеге келген. Болашақ қаламгер әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Содан кейігі білім алған кезеңі – оның нағашы ауылындағы кезеңі. 1906ж. қара жұмысқа іліккен нағашысы Ғабитті ауылына апарып шаруасына бас-көз етіп қалдырады. Ол осы көрші ауылдағы екі класты орысша мектепте оқиды. Бұл мектепте Ғабитке белгілі ақын, ағартушы Бекет Өтетілеуов сабақ береді. Ол Ғабиттің қиссаға құмарлығын білгеннен кейін, оны әдебиетке тарта бастады. Келер жазда өз атынан өтініш жазып Ғабитты Пресногорьковская станциясындағы жоғары юастауыш мектебіне түсіреді. Орысшадан екі алып, есаептен бес алып оқуға түстім деп жазды кейін «Автобиографиялық әңгімесінде».

Бұл мектепті 1921ж. бітіріп шығады. Сол кездегі уақыт дүмпуіне лайық үлесін қосқысы келген Ғабит Мүсірепов аталмыш мектепті бітірісімен «Ақмола облысының оңтұстық партизандарының тобы» деген отрядқа қосылады, тоғыз ай военком, төрт жарым ай аудандық милиуия бастығының орынбасары болады.

Қазақ әдебиетінің тарихына ұлы суреткер ретінде енуіне негіз болған екінші бір фактор – оның Орынбор рабфагында оқуы және Омбы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқыған мерзімі деп айтуға болады.

1923ж. күзде белгілі ақын, жазушы С.Мұқанов Ғабитті Орынборға алып келеді. Осындағы жұмысшылар факультетінде оқытады. Осы жылдары ол Гоголь,Чехов,Горький шығармаларын оқып, аудара бастады. Осы рабфакты бітірер кезінде қабырға газетіне өзінің «Тулаған толқында» атты ұзақ әңгімесін жазады.Кейін ол повеске айналады (1928ж. жеке кітап болды). Рабфакты бітіргеннен кейін де әдебиетке ауысуға дауаламай Омбыдағы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі. Осы кезде ол әдебиетке шындап бет бұрады. Жеті студент ортадан жалдап, өзін Белинскийдің шәкіртімін деп санайтын қартаң бір педагогтан қыс бойы әдебиеттен сабақ алады. Осы кезден бастап, ол әдебиет майданына араласып кетеді.

Ол 1928-1938ж. аралығында баспа орындарында кеңес партия мекемелерінде жауапты қызметтер атқарады.Атап айтсақ «Қазақстан» баспасының деректоры, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы болып қызымет атқарады.БК (б) П Қазақстан өлкелік камитетінің бөлім меңгерушісі, өнер істер басқармасының бастығы болады.

Осы он жылдың ішінде оның қаламынан: «Қос Шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Жеңілген Есрофил» атты әңгімелер мен «Тулаған толқында», «Алғашқы адым» повестері және «Әдебиет айтысына», «Мен қалай жаза бастадым», «Мұхтардың хаты» сияқты т.б көптеген сын мақалалары жарық көрді.Осы шығармаларында Л.Толстой, Дж.Лондон, А.Чехов, Н.Гоголь, М.Горький, В.Короленколардың ықпалы көп тигені байқалады.

1900ж. 22сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында қазіргі С.Мұқанов ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.

1918ж. Шәйін Тілегенов, Хамит Махметов секілді жаңашыл мұғалімдерден білім алады. Осы жылдары «Көңілім», «Жалшының зары» сияқты өлеңдерін жазады.

1918-19ж. Омбыдағы мұғалімдер курсында бес ай оқиды. Бітірген соң аз уақыт ауылда мұғалім болады.

1919-22ж. Сәбит ел арасында астық жинау жұмысын жүргізеді.ЧОН-ның (төтенше отряд) құрамында ақ бандыларға қарсы соғысады.Ақмола губерниялық ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкім және Ақмола губерниялық комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарады.

Қазақ халқының бір белеңінен екінші белеңіне бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне өту жолын, жаңа заманның қарышты қадамын С.Мұқанов «Жұмаштың өлімі» (1923ж), «Альбом» (1924ж), «Ленин» (1924ж), «Бал бөпе» (1926ж), «Октябрь өткелдері» (1927ж), «Сұлушаш» (1928ж), «Ақ аю» (1935ж), «Жұпархан» (1965ж) секілі поэмаларында эпикалық қарыммен жырлады. Бұл поэмаларында кеше мен бүгін, өткен мен болашақ салыстырыла суреттеледі. «Ақ аю» республикалық крнкурста бірінші бәйге алған шығарма.

«Сұлушаш» орыс,француз тілдерінде аударылып, кейін пьесаға айналып, сахнаға қойылды. «Жұрапхан» поэмасы кейін балетке арқау болды. Дейтұрғанмен, бұларда қарапайым жырлаймын деп қарабайырлыққа ұрынып қалу көріністері де бар.

С.Мұқанов кең тынысты романшы ретінде де дүние жүзіне мәлім болды.Өрелі романдарымен қазақ әдебиетін байытты.1931ж. «Адасқандар» романын жазды. Ол қазақ прозасындағы тап тартысына құрылған алғашқы әлеуметтік-психологиялық романдардың бірі болды.Сәбиттің роман жанрындағы ірі табысы – «Жұмбақ жалау» (1938ж).Ол 1916ж. ұлт-азаттық күресті бейнелейтін толымды шығарма болды.Кейін екінші басылымда «Ботагөз» деп аталды.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ғажайып майдан мен тыл байланысы, бірлігін баяндайтын «Сырдария» (1947ж) романы «Қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің ірі табысы» (А.Фадеев) саналды.

Сәбит Мұқановтың өмірлік басты кітабы отыз жыл жызылған (1930-1960) «Өмір мектебі» трилогиясы. Бұл еңбегі үшін оған 1968ж. ҚазССР мемлекеттік сыйлығы берілді.Сонымен қатар ол – драматург. «Ақан мен Зейра» (1936ж. М.Әуезовпен бірігіп жазған), «Қашқар қызы» (1958ж),т.б. пьесаларын жазған.

«Мен дүниеге келген кезде, қазақ өлгенін, туғанын қағазға жазбайтын.Әке-шешемнің жыл қайырып айтуынша, 1902 жылы тусам керек» - дейді Ғабиден Мұстафин өзінің өмір белестері туралы айтқанда. Жас кезінде ауылдағы молдалардан дін сабағын оқыған болашақ жазушы 1916ж. Спасск заводында табельщик болып істейтін Мауқымның Жүсібі дегеннен бір жыл орысша оқиды. Екінші жылы сол заводтағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне келіп түседі.

Ғ.Мұстафин «Еңбекші қазақ» газетінде ұсақ хабарларды және басқа материялдарды С.Сейфуллин мен С.Мұқановтың жол көрсетуі бойынша жазады.Өзінің айтуына қарағанда, Ғ.Мұстафин ол кезде жазушы еңбегінің маңызын да, сырын да түсінбеген.Ғ.Мұстафиннің Қызылордада шығатын «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде тұңғыш рет жарық көрген тырнақалды еңбегі «Таң келеді» деп аталған.Автордың кейіпкері шаруа болады. 1927-1928ж. «Жыл құсы» журналында Ғ.Мұстафин «Сәрсен мен Боқаш» деп аталатын алғашқы әңгімесін жариялайды. 1928ж. С.Мұқанов Ленинград университетіне оқуға кеткенде, Қазақстан жазушылар одағының секретары қызмеінде қалады. 1929ж. «Ер Шойын» атты әңгімелер жинағын баспадан шығарады.

Ғ.Мұстафин еңбегіне жауапты, ардақты, кең мағынасындағы халықтық еңбек деп қарайды.Жазушының ұстанған қағидасы бойынша, бұл орайдағы табыстардың кілті – қаламгердің өмірді, өз шығармаларына негіз етіп алатын өмір құбылыстарының сыры мен мәнін мейлінше кең және терең, қапысыз Тани білуінде.Жазушы әдеби шығарманың образдық жүйесіне, әсіресе ондағы әр сөздің тек қана өз орнында тұруына ерекше назар аударған. Қаламгер халық тілін жете білгенде де, халықтың сөз үлгілеріне қанық болғанда да, шебер емес, жинаушы ғана екендігін айта отырып: «Шеберлік – сөздің орнын табуда, мөлшерін білуде. Мұны білгеннің әр сөзі алтын», - деп тұжырымдады.Бұл тұжырымдар жазушының өзгеге айтқан ақыл-кеңесі ғана емес, өзінің жазушылық өнерінің мәні мен мағынасын, суреткерлік нысана- тұрғысын анықтайтын азаматтық позициясы да.

Ғ.Мұстафин 1985ж. 20-қаңтарда дүниеден өтеді. Ал жазушының ойы мен сезімі, қуанышы мен реніші, арманы мен тілегі – бәрі де оның шығармаларында қалды.

Ғабиден Мұстафин – артына өлмейтұғын сөз қалдырған жазушы.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1. ҰОС кезінде қазақ әдебиетінің қандай дәрежеде болы.

2. ҰОС кезіндегі балалар әдебиетінің дамуына кімдер ықпал етті.

3. М. Әуезовтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

4. С. Мұқановтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі

5. Ғ. Мүсіреповтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі

6. Ғ. Мұстафиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі

Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиеті. –А,1974ж.

2. . Ахметов.Ш Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А,1965

3. Мүсірепов. Ғ, 3 томдық шығармалар жинағы, А.1980.

4. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы.- А. 1985

5. Мұқанов С.16 томдық шығармалар жинағы,- А.1975. Ергөбеков Қ. Мұқанов С. А.1989

6. Мұстафин Ғ. 5 томдық шығармалар жинағы,- А.1984

9-апта

9-дәріс
Дәріс тақырыбы: Жаңғыру кезеңіндегі балалар әдебиетінің дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. «Жылымық» кезеңі

2.Бұл кезеңдегі балалар әдебиетінің өсіп дамуы.

3.Ә.Тәжібаев «Толағай» ертегісінің ерекшелігі

4.С.Бегалин және Ө. Тұрманжанов шығармаларына шолу.

Дәріс мазмұны: 50-60 жылдардағы әдебиет жайынан айтқанда, ең алдымен көңіл қоятын нәрсе – бұл кезеңнің өзіндік заманалық ерекшеліктері бар екендігі. Идеологиялық шылбыр едәуір босаңсып, еркіндік белгілері нышан берді. Бұл әдебиет пен өнерге біраз оң ықпалын тигізді.

Бұл дәуірде әдебиетте осындай әрқилы тақырыптар көтерілді.Сөз еркіндігі әлі де жоқ еді. Оған байланысты көркем әдебиетте де, өнерде де қатаң бақылау үзілген жоқ.

1909ж. Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әкесі Тәжібай ертерек қайтыс болып (1915), 6 жасар Әбділданы анасы Аманкүл өзінің Қараөзек деген жердегі төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын 13 жасқа дейін Анасы мен Нағашы атасының тәрбиесінде болады.Анасы араб, парсы тілін, мәдениетінен хабары бар сауатты адам болған әрі елге мәлім халық ақыны болды. Нағашы атасы Далдабай да сөз өнеріне бейім, ертегі, аңыз, жырларды көп білетін кісі болған. Жас Әбділда да осы сыр өңірінің әнші, жыршыларын көп естіп, құлағына құйып өседі.

1922ж. Қызылордада жаңадан жетім балаларға мектеп-интернаты ашылып, Әбділда сонда оқиды. Алғашқы шәкірттік өлеңдерін осында жүріп, қабырға газетінде жариялайды.

1970ж. филология ғылымының докторы, 1976ж. профессор атақтарын алды. 1960ж. «Өмір және поэзия» монографиясын ,1971ж. «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты монографиясын жариялады. 1974ж. «Көне қоңырау» жинағы үшін Қаз.ССР мемлекеттік силығын алды.

Ә.Тәжібаев 1927жылдан жариялана бастады. Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» деген атпен 1933ж. шықты. Одан кейін «Оркестр» (1935), «Құтқару» (1935,1936,1939), «Екі жиһан» (1938), «Абыл» (1940), «Шын жүректен» (1949), «Сүйген жүректер» (1951), «Таныс дауыстар» (1984) атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді.

Қазақ поэзиясының елеулі туындылары ретінде бағаланған «Гүлден дала» (1953), «Аралдар» (1958), «Жастық жырлары» (1962), «Кешеден бүгінге» (1964), «Көне қоңырау» (1973), «Жаңа өрімдер» (1975), «Құрдастар» (1977), «Толағай» (1978), «Таныс дауыстар» (1984), т.б. жыр жинақтарын жазды.

Бұлардан басқа драматургия саласында да өнімді еңбек еткен. «Жүректілер» (1963) пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» атты драмалық дастандардың, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз Бен жігіт», «Монологтар» пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» комедияларының авторы. Бұл шығармаларында адамның бас бостандығы, қоғамдағы орны, махаббаты, азаматтық парызы сияқты өзекті мәселелер көтерілген.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет