Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет3/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 4-тапсырма.

а) «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?

ә) Қазақстан Республикасы Конституциясынан алынған үзіндіні көшіріп алып, өз ойларыңды ортаға салыңдар.

«Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы».

(ҚР Конституциясы, 27-бап, 2-тармақ)
Бағалау

І-тоқсан. 5-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: «Жарасып тұр дәстүрім!»

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Әңгімені түсініп оқып, не туралы айтылғанын түсіндіріңдер. Рөлге бөліп оқыңдар.

Айбота: - Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

Ермек: - Сүйінші сұрау - шын қуанғандықтың белгісі. Қуаньш тұр екенсің, міне, сүйіншіңді ал.

Анар: - Айбота, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

Айбота: - Байғазы берсең, көрсетем.

Анар: - Байғазы - балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Саған моншағымды берейін, көрсетші.

Айбота: - (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал атам маған қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

Анар: - Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.

Марат: - Әйгерім, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.

Әйгөрім: - Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.

Марат: - Ол не?

Әйгерім: - Адам алғаш рет алыс жолға шыққанда жасалатын басқосу. Мал сойылып, ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.

Марат: - Егер ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін, өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.

Әйгерім: - Алыс сапарға шыққан адамдар туысқандарына сыйлық әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

Сөздік


байғазы - подарок за новую вещь

басқосу - встреча, объединение

базарлық - подарок от пиршества

сыйластық – уважение

2-тапсырма. Адамның көңіл күйін білдіретін тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек, достықты, қарым-қатынасты білдіретін тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек жазыңдар.

Ақыл қосты (дұрыс кеңес берді), арасынан қыл өтпейді (өте тату болу), ат ізін суытпау (жиі келіп тұру), екі езуі екі құлағына жетті (қатты қуану ), әңгімесі жарасты (жақсы сөйлесу), жұлқызы оңынан туу (жолы болды), қаймағы бұзылмау (ауызбірлікте болды), қол ұшын беру (көмектесу), тонның ішкі бауындай (өте жақын, өз адамындай), шаң жуытпау (қорғаштады), іші бұру іреуге жанашырлық жасады), талағы тарс айырылу (қатты ашуланды ).

3-тапсырма. Түрлі түсті жапсырмадағы №1, №2, №3, №4 суреттердің қайсысы төмендегі дәстүрлерге сәйкес келеді?

Дәстүр атаулары: Бесікке салу, беташар, шашу, тұсаукесер.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

Қуанышты хабар жеткізуші адам «...» деп келеді. Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көршілеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға «...» әкеледі. Жае адам жолға шыдданда жасалатын дәстүрді «...» деп атаймыз. Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «...» тойы жасалады. Келін түскенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден ... шашады.

Қажетті сөздер: сүйінші, базарлық, тоқымқағар, тоқым қағу, шашу.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Төмендегі мақал-мәтелдерге қатысы бар тұстарын көрсетіңдер:

1. Қонақ қойдан жуас (момын).

2. Қонағы бар үй қыдырмайды.

3. Қонағын сыйлаған төрге шығарады.

4. Сақтаулы етті үй иесі емес, қонақ жейді.



Әжем қызық. Сойылған малдың етін көже-қатыққа ғана пайдаланып, ең сүбелі мүшелерін сүрлеп, сақтап қояды. Әсіресе, шілденің ыстығында жас етті желге қақтырып, сорғытқанда, сыртын жұқа дәдемен орап, астыңғы жағынан болар-болмас түтін салғызып, әбігерге түседі.

  • Қазақ үшін қонақтан үлкен ешкім жоқ. Қарағым, осыны ұмытпа, - деп екі күннің бірінде шешемнің құлағына құйып отырады. Түс кезінде біздікіне арып-ашып, шаршаған екі бала келді. Әжем де ұсақ-түйек шаруа істеп, қыбырлап сыртта жүрген.

  • Апа, - деді он төрт-он бестердегі қыз бала ұялып. - Біз алыстан келе жатқан жолаушы едік. Рұқсат болса, бауырымыз екеуіміз сіздердікіне қонып шығайыдшы.

  • Құдайы қонақ болсаңдар қысылмаңдар, қарақтарым, - деді әжем құрақ ұшып. - Менің де өздерің сияқты балаларым бар.

Әке-шешем жолаушылап аудан орталығына кеткен еді. Әжем қазан көтеріп, ет салды. Ыстық бауырсақ пен қаймақ қатқан шайды терлеп-тепшіп ішіп отырғанда: -Апа, сізді үйге келіп дәм татсын дейді, - деп көршінің баласының жетіп келмесі бар ма.

Әжемнің бір қасиеті шақырған жерден қалмайтын. Бірақ бұл жолы бармады. - Әке-шешеңе айта бар, келмеді деп ренжімесін. Үйде қонақтар бар, - деді. Мен таңғалдым.

Әжемнің «қонақтар» дегені менен көп болса, төрт-бес жас қана үлкендігі бар екі жолаушы бала болатын. Бір-біріне тығылып, тамақ ішіп отырған апалы-інілі бейтаныстарға бұл жолы іштей құрметпен қарадым. Қалай дегенмен, жолы үлкен сыйлы қонақтар ғой!

Сөздік

сүбелі мүшелерін сүрлеу — коптить хорошие куски мяса

жұқа дәкемен орау - завернуть в марлю

түтін салғызу пустить дым

әбігерге тусу - хлопотать

бейтаныстар - незнакомые

Бағалау

І-тоқсан. 6-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Отбасы бақытының қағидалары

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Берілген ұғымға көңіл аударыңдар. Көшіріп жазыңдар. Сыйластық

Отбасы бақытының негізгі кілті сыйластық орын алған отба­сында береке де, бірлік те болады. Жалғыз отбасында емес, адам­дар арасында да сыйластық үзілмеуі тиіс.

Сыйластық сенің үйіңде орнаған ба?

2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Бірнеше сұрақ құрап, өзара сұхбаттасыңдар.

Нағыз адам

Жапан даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.

Құдық басында ұзын арқанға байланған шелек бар. Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып, су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады.

Өңірде байлаулы арқан үзіліп, шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады. Мал суаруға да шелек таба алмай, қолы кесілгендей болды.

Келесі күш таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі керіліп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз салып, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.

-Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.

Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Таңдайы құрғаған кісі арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды.

Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадаи сабан арасына салып, жүріп кетті.

  • Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.

  • Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы.

Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған күйі қала берді.

  • Бұл қандай адам? - деп сұрады немерем.

  • Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы. (В.Сухомлинский)

Сыйлассаң сыйымды боларсың

3-тапсырма. «Нағыз адам» әңгімесіндегі қарамен жазылған тұрақты тіркестердің сөйлемге қандай мағына беріп тұрғанын айтыңдар.

4-тапсырма. Өлеңді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жа­уап беріңдер.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет