Сабақ мақсаты : Табиғатқа «Қиянат жасамау»



бет2/3
Дата07.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#8845
түріСабақ
1   2   3

4.Дәйексөз.

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова

-Табиғатсыз өмір сүру мүмкін бе?

-Егер адамдар ағаштарды кесіп,гүлдерді жұлып,ауаны,суды,жерді ластаса не болады?Қалай ойлайсыңдар?/балалардың жауаптары/



Бүгінгі сабағымыздағы дәйексөзді дәптерге жазып алайық




Әңгiмелеу (сұхбат).  Мәтінмен жұмыс.
Қ. Толыбаевтың “Ақ гүл” атты мәтінімен танысу арқылы оқушылар табиғаттың тіршілік бастауы екенін, жанды нәрсенің барлығы дерлік табиғаттан нәр алып, өсіп - өнетініне терең мән береді.
Ойланып көрейік. (топпен жұмыс)
Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?
Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады?





Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Пікірді жалғастырып айту


1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені...»
2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»
3. «Табиғат – мен үшін шығармашылық, өйткені...»
Оқушыларға таратылған алма пішініндегі қағазға жер - анаға деген ризашылықтарын жазып, оқып.. (Ән ойнап тұрады).

Талдау: Ал енді сұрақ? Адам үшін қайсысы маңыздырақ: су ма, ауа ма, топырақ немесе жер ме?(Пікірталас)





Үй тапсырмасы.

21сабақтың 94 бетіндегі О.Бөкейдің «Алтай»мәтінін оқып келу.







Топпен ән айту.

Ертегілер әлемі 
АйгерімҚалаубаева 

Ғажайып түс көрдім, 
Таң ата мен бүгін, 
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 
Нұрына шомылдым бүгін. 
Жұлдыз, айы көркем, 
Әдемі еді неткен, 
Құстары сөйлейді, 
Бұлттары тербейді
Мен оянып кеттім, әттең! 
Қ/сы: 
Ертегілер, ертегілер
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Гүл тердім бұлттардан, 
Әр гүлде бір арман, 
Таусылмайтын тәтті, 
Сыя келіп жатты 
Жан біткеннің бәрі маған. 





Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда.

(тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық)Оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштейөздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.


Сабаққа қатысқандарына рахмет!




Ақмола облысы

Жарқайың ауданы



Кен негізгі мектебі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет