Сабақ МҰҒалімге ақпарат  Тақырыбы: Айнымалы типтер Күтілетін нәтиже



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі95,44 Kb.
#29778
түріСабақ
1   2   3   4
САБАҚ БЛОКТАРЫ






і. АҚПАРАТ БЛОГЫ






Тақырып жоспары:

  1. Айнымалылар типтері.

  2. Типтерді сипаттау.

  3. Типтер мысалы.

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Тип дегеніміз не?
Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.




3-слайд





4-слайд Типтерді сипаттау
Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Жазылу пішімі:
1. var<идентификатор> : <тип>
2. type<тип атауы> = <тип мәндері>;

Типтерді сипаттау диаграммасы

5-слайд Бүтін сан түріндегі типтер

Типі

Мәндердің өзгеруі

Ұзындығы, байт

BYTE

0 – 255

1

SHORTINT

-127 – +127

1

INTEGER

-32768 - +32767

2

WORD

0 - 65535

2

LONGINT

-2147483648 - +2147483647

4







6-слайд Нақты сан түріндегі типтер

Типі

Ауқымы

Мәнді цифрлары

Өлшемі, байт

REAL

-1.7∙10³⁸ – 1.7∙10³⁸

11 – 12

6

SINGLE

- 3.4∙10³⁸ – 3.4∙10³⁸

7 – 8

4

DOUBLE

-1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸

15 – 16

8

EXTENDED

-1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³²

19 – 20

10

COMP

-2∙10⁶³-1 – 2∙10⁶³+1

19 – 20

8







7-слайд Логикалық тип

  • BOOLEAN

  • Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды - TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.

  • Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND - (және), OR - (немесе), NOT - (емес), XOR -(арифметикалық немесе)




8-слайд Символдық тип

  • CHAR

  • Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.




9-слайд Тіркестік тип

  • STRING

  • Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.

Сипаттау мысалы:
VAR
s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}
s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }




10-слайд Саналатын тип
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:
атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);
Var
kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);




11-слайд Диапазондық немесе ауқымдық тип

  • Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.

  • Мысалы:

атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;
Var
Apta_kunderi = 1..7;
Ai_kunderi = 1..31;




12-слайд Жиымдар (Массивтер).

  • Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.

  • ARRAY

  • Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.

  • Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.




13-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.
1.
VAR
M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары }
A1 : array[100..200] of real;
ch1 : array['A'..'Z'] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }
ch2 : array[0..255] of char;




14-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы
2.
TYPE
Date_M = 1..31;
Cyrillic_b = 'А..Я‘;
Latin_b = 'A..Z'; {диапазондық тип}
Belgi = (2,3,4,5);
Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип}
VAR
t1, t2 : Date_M;
c1 : Cyrillic_b;
s1 : Latin_b;
a1, a2 : Belgi;
b : Ball;







іі.Логикалық тапсырмалар блогы




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.



Айнымалылар типтері.

Типтерді сипаттау.

Типтер мысалы.










Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________




ііі.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы




Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары

  1. Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.

  2. Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.

  3. Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?

a) WORD; b) INTEGER; c) SINGLE; d)LONGINT; e)SHORTINT.

  1. Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?

a) COMP; b)BYTE; c) WORD; d)EXTENDED; e)CHAR.

  1. Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?

ІІ деңгей тапсырмалары



  1. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?

  2. у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?

  3. Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?



ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:

  • MARRIED егер адам үйленген болса рас;

  • BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;

  • MALE егер ер адам болса рас;

  • EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.

Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):

  1. тұрмыс құрған әйел;

  2. үйленбеген ер адам;

  3. тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;

  4. жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;

  5. тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.




іV.Интеллектуалдық тренинг блогы




Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.
1-топ:
Нақты сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
2-топ:
Бүтін сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
3-топ:
Символдық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.




V.Күтілетін нәтиже блогы




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет