Сабақ: Музыка Мектеп: №19 Тақырыбы: Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева



бет2/2
Дата10.06.2017
өлшемі269,87 Kb.
#18999
түріСабақ
1   2

Музыка тындау: «Алия», «Наурыз», «Қазақ елі», «Шақырады көктем», «Атамекен».

Музыкалық сөздік жұмыс

Қиын музыкалық сөздердің мағынасын түсіндіру
Риано-ақырын
форте – қатты

Крещендо- дыбысты күшейту

Дэменуэндо-дыбыстығ күшін бәсендету

Стакатто-секіртпе үзіп-үзіп ойнау

Фина-шығарманың соңы

Альтерация белгілерітуралы түсінік

Бемоль-жарты тон төмен

Бекарь –адлынғы нотадағы белгіні жою

Реприза-шығарманы екі рет қайталау

Пауза –кідіріс,тоқтау
Дауыс жаттығулары: 1.Ма-мэ-ми-ма-му, 2.Ли-ли-ли, 3.Біз .оқушы баламыз,оқып білім аламыз. 4.до-ре-ми-фа-соль-ля-си-до
Ән: «Қазақ сарбаздары» әннің сөзімен жұмыс және динамикасы жайында тұжырымдау.ән қандай екпінде орындалатындығын оқушылар өздері тауып айту. Топқа бөліп орындау. Жалпы орындау.Жеке-жеке шығарып айтқызу.Әннің кульминациясын (қиын жерін) бірнеше рет айтқызу.

Тапсырма: «Миға шабуыл» Берлген қатарды ретімен қою арқылы жоспар құрастыру

1

2

3

4

5
















1.Роза Рымбаеваның әндері

2 .Роза Рымбаеваның марапаттаулары

3.Эстрада жұлдызының отбасы

4.Әлия әнін мән мағнасы

5. Р.Рымбаева алғаш қандай ансамблдің құрамында болды ?

Ой толғау.

1 .Сен сазгер болсаң кандай әндерді жазар едің ?

2.Балалар әндерін көп жазған композитор?



3. «Атамекен» «Әдем-ау», «Келші-келші балашым» әндерін кім шығарды?






Соңы

Роза Рымбаеваның шығармашылығы туралы және Әлия әнінің әлемге паш еткен эстрада жұлдызы туралы шығармашылық жұмыс жасау. 
Осы эстрада әншісі қазақ еліне еңбегі туралы мәлімет. 
Сабақты қорытындылау, бекіту. 
1 Роза Қуанышқызы жайлы не білдік?

2.Әлия әні не туралы айтылған? 3.Р.Рымбаеваның дауыс диапозоны кандай?

Бағалау. 
Үйге тапсырма:.Роза Куанышқызы Рымбаева туралы шығармашылығы мен әндерін талдау.

Ән. «Казак сарбаздары» әнін жаттау.








Сабақтың тақырыбы: Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева.

Сабақтың мақсаты:

Р.Рымбаева туралы түсінік беру



Білімділігі:

Қазақ музыкасының туындап сақталуы. Қазақ музыкасындағы эстрада – вокал жанрындағы тарихи әндердің даму жолдарын түсіндіре отырып, білім деңгейін көтеру.



Дамытушылығы:

Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.



Көрнекіліктер:

Музыкалық аспаптар, интерактивті тақта видиолар, слайдтар.



Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Музыка тыңдау.

5. Бейне көрініс. «Әлия»

6.Қорытындылау.

7.Үйге тапсырма.

8.Бағалау.

Сабақтың барысы:

Үйге берген тапсырманы сұрау.

Жаңа сабақ. Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева.

Көрерменіне әрдайым күлімсіреп, сахнада өзінің әлсіздігін көрсетпей, көрерменіне адал, дара тұлға – Роза Қуанышқызы Рымбаева. Сахнаны талғамай, стадион болсын, үлкен сарайда да, ауылдық мәдениет үйінде де тамаша өнер көрсететін әнші. Сонымен қатар, қарапайым әйел, балаларының сүйікті анасы. Нәзік мүсінді, қайсар мінезді, зор дауыс иесі. Бұл – Роза Рымбаева. Ол Кеңес Одағының және қазақ эстрадасының тірі аңызы. Биыл әнші шығармашылығының 35 жылдығын атап өтуде. Оның орындаған әндері Отандық музыкалық өнердің алтын қорына енді. Ол бүгінде әдемі әрі талантымен тамсандырады.  Роза Рымбаева – Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі,  көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы (барлығынан тек «Бас жүлде», «Парасат», «Құрмет», «Тарлан», «Астана», «Звезда созидания» ордендерінің иегері, Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры.Роза Қуанышқызы – 1957 жылдың 28 қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Жаңғыз-төбе станциясында теміржолшылар отбасында өмірге келген. Әншінің өнердегі алғашқы үлкен қадамы, ҰОС – ның 30 жылдығы қарсаңында өткен ән байқауында жеңімпаз атанады. Сол байқауда белгілі дирижер, музыкант , «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері – Тасқын Оқапов байқап, «Гүлдер» ансамбіліне шақырады.

1974 – 1975 Республикалық әншілер байқауында жеңімпаз атанады.1976 – 1979 – «Гүлдер» ансамблінің әншісі.1977 – Бүкілодақтық «С песней по жизни» байқауында «Бас жүлдені» жеңіп алады. (Мәскеу, Ресей)1977 – «Алтын Орфей» халықаралық байқауының «Бас жүлдесі» (Болгария)1977 – «Сопот-77» халықаралық байқауының «Бас жүлдесі» (Польша)1979 – Тасқын Оқаповтың басқаруымен «Арай» ансамблін құрады1979 – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді1979 – 1984 –Театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.1981 - Ленин комсомолының сыйлығы берілді.1983 – «Гала-83» халықаралық байқауында «Бас жүлде» (Куба)1984 - Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді1986 – Қазақстанның халық әртісі атағы берілді1986 – «Алтын микрафон» халықаралық байқауында «Бас жүлде» (Түркия)1995 – Эстрада – цирк колледжінде сабақ береді2000 – «Эстрада өнер» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атанады2000 – Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.2004 – Мемлекеттік сыйлықтың лаураеты атанады.2005 – Мәскеудің даңқ алаңында тұңғыш рет әншінің есімі ашылады2007 – «30 жыл сахнада» шығармашылық мерейтойы2008 – Пекин Олимпиадасының алауын алып жүред2008 – Қарағандыда әншінің есімі даңқ алаңында ашылады2008 – «Қазақстан әйелі» жобасының жеңімпазы атанады2008 – «Көктем шақырады, Роза шақырады» атты концерттік бағдарламасына 10 жыл толды2011 – VII Азиада ойындарының әнұранын орындайды2011 – «35 жыл сахна төрінде» әншінің шығармашылық мерейтойы2012 – Халықаралық турне. (ТМД, Жапония т.б елдеріне)

Әншінің өмірлік, шығармашылық тағдыры ауыр болды. Ең үлкен қасіреті, 23 жыл өмірлік жары болған, әрі ұстазының өмірден өтекені. Бірақ әншінің қайсар мінезі мен тынымсыз еңбекқорлығының арқасында Роза бұрынғысынша халықтың зор мақтанышы, аяулы әншісі. Шығармашылығына 30 жыл толғанда әншінің есімі Мәскеудегі «Жұлдыздар алаңында» үлкен салтанатпен ашылады.

Музыка тыңдау: «Әлия» Р.Рымбаеваның орындауынды

Бейнебаян : Әлия туралы фильмнен үзінді

Қорытындылау.

Р.Рымбаева кім?

Р.Рымбаеваның дүниеге келген жері және жылы?

Р.Рымбаеваның қандай әндерін білесің?



Р.Рымбаева алғаш қандай ансамблдің құрамында болды ?

Үйге тапсырма. Елге жырын арнаған Алтынбек Қоразбаев туралы оқып келу.

Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0fb0
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fb0 -> Сабақ Тақырыбы: Жақсылық- жан азығы Құндылық: Дұрыс әрекет
0fb0 -> Пән: қазақ тілі. 2сынып Тақырыбы: Мәтін түрлері
0fb0 -> Сабақтың тақырыбы: Өткен материалды бекіту сабағы. Сілтеме: Жоспар, 2 сынып әдістемесі
0fb0 -> Сабақ: Тақырыбы: «Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер»
0fb0 -> Сыныбы 4 Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жазғытұрым. Мағжан Жұмабаев Сабақтың мақсаты
0fb0 -> Сабақ «0» а сыныбы Пән: Көркем әдебиет 15. 12. 2015ж
0fb0 -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану Сабақ мақсаты
0fb0 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Дөңес төртбұрыш. Көпбұрыш. Сабақтың мақсаты: Дөңес төртбұрыштың қасиеттерін зерттеуде оқушылардың танымдылық ой-өрістерін кеңейту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет