Сабақ реті : Күні: Класс: Пәні: Сабақтың тақырыбы : Ньютон әлемі


Сабақ реті: Күні: Класс: Пәні: Сабақтың тақырыбы



бет3/4
Дата04.08.2017
өлшемі3,73 Mb.
#22656
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақ реті: Күні: Класс: Пәні:

  • Сабақтың тақырыбы: Галилей әлемі.

  • Сабақтың мақсаты: оқушыларға Галилео Галилей туралы қысқаша мәлімет айтып беру.

  • Өмірде Галилей ашқан заңдарын қалай қолданамыз?

  • Күтілетін нәтиже: Итальян физигі Г. Галилей туралы қысқаша өмірбаяннын білу.

  • Галилей заңдарын қайда қолдану қажет екендігін түсіну.

  • Көрнекілігі: ғалымның портреті, бірнеше сурет өміріне қатысты.

  • Сабақ барысы:

  • Теория беріледі (презентация түрінде).

  • Галилео Галилей (15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

  • Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол АристотельЕвклидАрхимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады.1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.

  • Дін басылары Н.Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы "Әлемнің екі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді. 1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

  • Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.

  • Үлкейткіш оптикалық түтік-телескоппен ең алғаш аспанға көз салған адам әйгілі итальян оқымыстысы Галилео Галилей еді.Голландияда дүрбі түтігі жасалғандығын Галилей 1608 жылы білді. Оған осындай дүрбімен түнгі аспанды бакыласа қайтер еді деген батыл ой келді. Галилейдің өзі гылым тарихында тұңғыш екі телескопты құрастырды. Ол телескоптар, әрине, әлі де жетілдірілмеген еді. Кескінді кішісі бар болғаны 3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін. Соған карамастан Галилей осындай қарапайым құралдармен-ақ ұлы жаңалықтар ашты.
    Каталог: uploads -> doc -> 0322
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    0322 -> Сабақта. Сыныпта. Мектепке барар жол. Нәтиже сабақ. Ойын сабақ. ІII модуль КҮЗ
    0322 -> Сабақ тақырыбы: Гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығулар
    0322 -> Сабақтың көрнекілігі: сандар құрамы, цифрлар, суреттер, өрнектер. Сабақтың типі: аралас сабақ
    0322 -> Ф. 219 №19 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
    0322 -> 1. Армысыздар Тақыр ауылының өнер сүйер қауымы! Армысыздар көрермен қауым!
    0322 -> Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Ауыз әдебиеті әлеміне саяхат»
    0322 -> Сабақтың тақырыбы : майлықожа сұлтанқожаұлы (1835 -1898)


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет