Сабақ Тақырыбы : Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы. Жұлын



Дата24.01.2023
өлшемі104 Kb.
#166249
түріСабақ
Байланысты:
8 зертханалық сабақ
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

8-ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы. Жұлын
Мақсаты: Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы жайлы толық ақпарат беру

Жүйке жүйесінің орталық бөліміне филогенетикалық ең ерте бөлігі — жұлын, және кеш дамып келе жатқан ми бөлігі жатады. Бұл екеуі құрылысы және жұмысы жағынан бір-бірімен өте тығыз байланыста келеді.


Жүйке жүйесін топографиялық жатқан жағдайына қарай орталық және шеткі бөлімдер деп екіге бөліп оқимыз. Оның орталық жүйке жүйесі деген түсінікке сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен ми жатса, жүйке түбіршіктері, жүйке түйіндері, жүйке тораптары бөлімдері мен жүйке ұштары шеткі жүйке жүйесіне жатады.
Жұлын (теdullа sрinаlis) омыртқа өзегінің ішінде жатады. Мұның ұзындығы ересектерде 45 см, ені 1,5 см, салмағы 80 г.
Жұлын ауыз омыртқа сынық тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Соңғы жіпшеден айнала жұлынның төменгі бунақтарынан таралған түбіршіктер ат құйрығын түзеді. Олардың көбі сегізкөз тесіктері арқылы сыртқа тебеді.
Жұлын тізбектеліп жатқан 31 бунақтан түзілген. Оның әрбір бунағының екі жағынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып, омыртқаралық тесік тұсында бір-бірімен қосылып, 31 жұп жұлын жүйкесін түзеді. Жұлынның ішімен ұзына бойы жұлын ағзасы өтеді. Ол жоғары жағында мидың төртінші қарыншасында жалғасады.
Жұлынның көлденең кесіндісін қарағанда оның ақ және сұр заттан түзілгенін байқамыз.
Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық арнасын айнала орналасқан.
Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады. Оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқылы үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған - алдыңғы орталық сай мен алдыңғы бүйір сайының аралығында, бүйір бағаны - алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған артқы бүйір сайы мен артқы орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар жүйке талшықтарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді. Жұлынның сұр заты мен бағандарының аралығында бунақаралық келте талшықтар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның бунақаралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлынның өз аппараты деп атайды.
Жұлынды қоректендіретін артерия тамырларына қабырғааралық артериялар жұлынның көкірек бунақтарына тарамдалса, төменгі бел, сегізкөз, құйымшақ бунақтарына бел, сегізкөз артериялары тарамдалады. Ал жұлынның жоғарғы мойын бунақтарына бұғанаасты артериясының омыртқа тарамы барады. Бұл артериялар омыртқа арнасына енгеннен кейін жұлынның алдыңғы, артқы артерияларына бөлінеді. Алдыңғы артериялары жұлынның алдыңғы жағында, артқы артериялары артқы жағында тарамдалып, жұлынның ақ заты мен сұр затын қоректендіреді. Сұр затына қан тамырлары көбірек барады және бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады.
Жұлынның вена тамырлары артерияларына аттас келеді. Жұлында лимфа тамырлары болмайды, олардың жұмысын қабықшаларының арасында жатқан жұлын-ми сұйықтығы атқарады.
Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне ми мен жұлыннан таралатын жүйке жатады. Мидан 12 жұп ми жүйкелері тарамдалса, жұлыннан 33 жұп жұлын жүйке таралады.
Жұлын жүйкелері. Адамда 31 жұп жұлын жүйкесі болады. Оларды жатқан жағдайына қарай 8 жұп мойын, 12 жұп көкірек, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз, 1 жұп құйымшақ жүйкелеріне бөледі.

Тапсырма №1. Суретті салып, белгіленулерін табыңыз



Тапсырма №2. Жұлынның ақ және сұр заттарының атқаратын қызметін анықтаңыз


Бақылау сұрақтары:
1. Жұлын деген не?
2. Жұлын жүйкелерінің саны?
3. Жұлын жүйкесі қалай пайда болады?
4. Жұлын жүйкесі нешеге бөлінеді?
5. Жұлынның алдыңғы тармақтарынан пайда болған өрімдер?
6. Мойын өрімдері қанша бөлімнен тұрады?
7. Иық өріміне сипаттама берніңіз?
8. Сегізкөз құйымшақ өрімінің ерекшеліктері?
9. Бел өрімі неше тармақтан тұрады?
10. Жұлын жүйкесінің қызметі?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет