Сабақ тақырыбы : Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Есептер шығару



бет3/3
Дата27.02.2020
өлшемі186,5 Kb.
#59111
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8-сынып, Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау 2020 жыл
апталық, апталық, СЫНЫП САҒАТЫ, СЫНЫП САҒАТЫ, 13. КТЖ Физика 9 сынып, Сабак жоспары, MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері, soch himiya 7cl kaz, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, 6 сынып ¦9, 6 сынып ¦9, 1 сынып буквы, 13 сабақ




ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


5-10 мин

10-15 мин



1) Паралелль және тізбектей жалғау заңдылықтарын еске түсіру

Оқушылар формуласын жатқа жазады. Оқушылар жазып болған соң парақтарын тақтаға іледі. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

2) Топта жұмыс жасауға және бірін- бірі бағалауға дағдылану үшін оқушылар тапсырманы топпен талқылайды.

1 топ тапсырмасы. Тізбектегі жалпы кернеу неге тең?




2 топ тапсырмасы. Жалпы кернеу 3 В болса, жалпы ток және

R2, R3 кедергісі арқылы өтетін токты тап.

Әр топ оқушылары тапсырмаларымен ауысып өзара бағалау жүргізеді және бір- біріне кері байланыс жасайды.





Сабақтың ортасы

15-33мин

33-38 мин


3) Оқушылар қолдану дағдысын дамыту мақсатында өздік жұмыс орындайды

Тапсырма №1: Суретте көрсетілген электр тізбектің берілгендері бойынша жалпы кедергісін және амперметрдің

көрсетуін анықта.






Бағалау критерийі

Дескриптор

Өткізгіштерді тізбектей жалғау заңдылықтарын және Ом заңын есептер шығаруда қолданады.

  • тізбектің бөлігіндегі жалпы кедергіні есептейді;

  • амперметрдің көрсетуін анықтайды.




Тапсырма №2: Суретте берілгендері бойынша тізбектегі жалпы токты және кернеуді тап.




Тапсырма №3: Суретте берілгендері бойынша тізбектің

жалпы кедергісін тап.


Тапсырма №4: Тізбектің жалпы кедергісін тап.

R1=R2=1,8 Ом, R3=R5=1 Ом,

R4=R9=R10=3 Ом, R6=R8=1,2 Ом,

R7=0,8 Ом, R11=R12=0,3 Ом, R13=0,7 Ом.




Дұрыс жауаптарды қолданып оқушылар өзін- өзі бағалайды, мұғалім немесе оқушылар бірі- біріне кері байланыс жасайды.





Сабақтыңсоңы

38-40 мин




4) Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.



5) Үйге тапсырма §41 оқу

  1. Тізбектің А және В нүктелерінің арасындағы кернеу 220 В болса, (сурет) жалпы ток күші қандай?




  1. Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы кернеу

10 В болғанда жалпы ток күшін тап.










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар тізбектің эквивалент сұлбасын сызады.

Оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалауы







Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет