Сабақ тақырыбы №2 сабақ. Қарындасым билейді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/3
Дата20.12.2021
өлшемі380 Kb.
#103964
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
2-сабақ Қарындасым билейді
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты
Лексикалық минимум

би, моншақ, сахна, қимыл

Грамматикалық минимум

Құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту


Бауырмашылдық қасиеті артады, би өнерінің ерекшелігін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

хареография

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым, аудиотаспа

Бастапқы білім


Өнерлі отбасы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын «Жеңілдетілген анықтама блиц» ойыны арқылы сұрайды. Әр жұпқа бір-бір сурет беріледі. Оқушылар берілген суретті бір-бір сөйлеммен сипаттап шығады. (Отбасына қатысты суреттер беріледі.)



Ой қозғау. Оқушыларға инбелсендітақтадан би туралы суреттер көрсетіледі.






Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?



Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеміз;

  • суреттер мен тірек сөздер негізінде мәтін құраймыз;

  • сөйлемнің орын тәртібін сақтап, сөйлем құраймыз.




Сабақтың ортасы


(МК, Ұ) Жаңа сөздерді (моншақ, сахна, қимыл)

суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгерту.










моншақ

сахна

қимыл

Қызыл моншақ. Үлкен сахна. Жылдам қимыл.


(Ұ) Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, өз ойларыммен бөліседі.

Тыңдалым мәтіні:

Марина мен Әлихан өнерлі балалар. Марина биді жақсы көреді. Сол үшін ол биге үйірмесіне барады. Ол халық билерін жақсы билейді. Ал Әлихан домбыра үйірмесіне қатысады. Себебі ол домбыраммен ән айтқанды жақсы көреді.



  • Саған кімнің таңдауы ұнады?

Оқушылар төмендегі сөйлемді жалғастырып айтады:

Маған Маринаның таңдауы ұнады. Себебі .......... .

Маған Әлиханның таңдауы ұнады. Себебі......... .
(Т) Оқылым. Әр топ оқылым мәтінін төмендегі тапсырмалар негізінде меңгереді:

1. «Пазл» әдісі. Кестедегі сөйлемдердің реттілігін сақтап, тұтас мәтін құрайды.




Гүлсаяның әдемі моншағы бар.




Ол жақсы билейді.




Оның көйлегі қызыл.




Ол сахнада достарыммен «Қаражорға» биін билейді.




Қарындасым – Гүлсая биі үйірмесіне қатысады.

2. Мәтін не туралы?

а) Би туралы

ә) Моншақ туралы

б) Сахна туралы

3. Оқушылар мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін төмендегі сұрақтарға жауап береді:


  • Гүлсая неге қатысады?

  • Оның көйлегі қандай?

  • Гүлсаяда не бар?

  • Ол кіммен билейді?


Грамматикалық қоржын

Кім? Қайда Не істейді?
билейді.

Қарындасым сахнада

билемейді.




Сергіту сәті. Қаражорға биін билейк!

1-қимыл. Иықты жоғары, төмен, алға, артқа қозғалту.

2-қимыл. Қолды толқын сияқты қимылдату.

3-қимыл. Қолды оңға, солға қимылдату.



(Ж) Жазылым. «Дұрыс тіркестер» ойыны. Оқушылар сөздерге қосымшалар жалғап, дұрыс тіркестер құрайды.

Қабілеті жоғары оқушылар сөйлем құрайды. Ал қабілеті орташа оқушыларға төмендегідей қосымшалардың тізімі беріледі:



не

ды

да

ым


(Ж) Айтылым. «Сиқырлы қобдиша» әдісі.

Әр жұпқа сиқырлы қобдишадан диалогтегі сұрақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап дайындап, өзара ауызша диалогке түседі.



Дескрипторлар:

  • сұрақтарға жылдам жауап береді;

  • сөздерді қатесіз айтады.


(Т) Жазылым. Оқушылар үш топқа бөлініп, суреттер бойынша мәтін құрап жазады.

Дескрипторлар:

  • тірек сөздерді жиі қолдану;

  • сурет мазмұнына сәйкес мәтін құрайды;

  • мәтінді 5 сөйлем көлемінде мазмұндайды.

Кері байланыс. Ойтаразы. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап береді.






Сабақтың соңы

5 минут


Үйге тапсырма:

«Балапан» телеарнасынан «Рубидің ғажайып әлемі» мультфилімін көріңдер. Руби және оның достары биді қалай үйренді? Әңгімелеп беріңдер. (https:/yandex.kz.сайтын пайдаланыңдар).



Қызыл смайлик. Сұрақтарым көп. Белсенді бола алмадым.

Көк смайлик. Сұрақтарым жоқ. Белсенді болдым.

Жасыл смайлик. Маған бәрі түсінікті болды. Өте белсенді болдым.


















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет