І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 минут)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
Шеңбер құрып, қасындағы досының есіміне басталатын әріпті қолдана отырып, сын есімдер айту арқылы таныстыру.
|
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар сыныптас-тарын сын есімдерді қолдану арқылы танысты-рады.
Мысалы: Абдуали — ақкөңіл оқушы.
|
Топқа бөлу
(3 минут)
|
1,2,3,4 –ке дейін санау арқылы топқа бөлінеді
|
Оқушылар осы сандар бойынша топ құрайды.
|
І. Ой қозғау
1-тапсырма
(5 минут)
|
Интербелсенді тақтадан қыстың суретін көрсетемін. Оған боранның дыбысын қосамын. Боранның дыбысын естірту.
- Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Қыс айларын ата.
-Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді? (ассоциация жасату)
-Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
- Ендеше, бүгін Абай Құнанбайұлы-ның “Қыс” өлеңімен танысамыз.
Сабақтың тақырыбын хабарлау
|
Шағын топтағы оқушылар топтаса отырып суретті
шешеді және дыбыс естірту арқылы ненің дыбысы екенін анықтайды.
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.
|
ІІ.Мағынаны тану
2-тапсырма
7минут
|
Жақсы, балалар,енді Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен, оқулықта берілген мәтінді үнтаспадан тыңдатамын.
Топтық жұмыс:
1-топ: Абай өмірі,шығармашылығына топтастыру жасау
2-топ: Қыстың жеке-жеке көріністерін сипаттау
3-топ: Өлең мазмұнымен қара сөзбен жеткізу
4-топ:Өлең мазмұнын суретпен жеткізу
Кейіптеу- жансызды жанды түрінде суреттеу
Лирика- адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді
Табиғат лирикасы- лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар
Сөздікпен жұмыс:
Ұшпа – шашыранды бұлт
Шидем – қойдың жабағысынан сыртын қаптап тіккен киім.
Қондыбай, Қанай – кедей ауылының адам аттары.
|
Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындап, қорғайды.
Дәптерлеріне кейіптеу, табиғат лирикасының анықтамарын,түсініксіз сөздердің мағынасын жазып алады
|
Сергіту сәті 3 минут
|
«Қыс» өлеңінің мазмұнын қимылмен жеткізу
|
Қимылдар жасау арқылы қыс бейнесін көрсетеді.
|
3-тапсырма
5 минут
|
Синкуейн
1,2-топ: 1. зат есім-қыс
3,4-топ: 1. Зат есім-Абай
|
|
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин)
|
Өлеңді жаттау(қосымша «Жазғытұры» өлеңін оқуға)
|
Тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.
|
VI. Бағалау (3 мин)
|
Формативті бағалау
(Түрлі түсті жетондар бойынша)
жиынтық бағалау
|
Бағалауға қатысу
|
VII. Рефлексия
(5 мин )
|
«Соңғы бес минут» стратегиясы арқылы сабақтан әсерлері туралы сұрау
|
Әр топтан бір оқушы сабақтан үйренгені туралы айтады. Қалған оқушылар оған сұрақ қоюға болады.
|
Неге қол жеткіздім?
|
Өлең мазмұнын түсіне алуға,автор туралы түсініктерін тереңдетуге,
өзін –өзі бағалау және басқа топ мүшелерін бағалау нәтижесінде өзіндік пікір қалыптастыруға; ЖАДА бойынша бірлесіп міндеттерді шешуге; Ассоциациалық оқыту арқылы нақты мәліметті жаңғыртуға қол жеткіздім.
|