Сабақ тақырыбы Ақселеу Сейдімбек. Әйел Ана. Сілтеме



бет2/3
Дата10.03.2017
өлшемі452,96 Kb.
#11315
түріСабақ
1   2   3




Сілтеме

Әдебиеттік оқу, 4 сынып. Күнтізбелік жоспар


Жалпы мақсаттар

Ертегінің негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау, танымдық қызығушылығын арттыру, ананы аялауға тәрбиелеу. Мәтіндегі негізгі ойды айқындау, ойын анық баяндау, дағдысын қалыптастыру, қайырымдылыққа баулу.


Түйінді идеялар

Әйел – қазақтың ұлы ақыны.



Оқыту нәтижелері

Ақселеу Сейдімбек туралы деректерді біледі;

«Әйел-Ана» ертегісін талдап, негізгі ойды анықтай алады;

Ертегідегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсінеді;

Ертегіні ақын тілімен сипаттап, әңгімелей алады;

Ертегі мазмұнына байланысты Әйел-Анаға деген сый-құрметті түсінеді;

Қорытынды жасайды;




Көрнекіліктер

Ақселеу Сейдімбек жайлы слайд, бағалау парағы, флипчарт, бағдаршам.


http://imektep.kz


Дереккөздері

Әбдікәрім Т.М., Рахметова. С.Р., Әдебиеттік оқу, 3 сынып. Алматы: Атамұра-2014. - 255 б.


Әдіс-тәсілдер


Жекелей, жұптық, топтық



Болжау, ТВ шоу, INSERT, постер, кластер, «Еркін» әдісі, «Бумеранг», «Галлереяда ой шарлау, тұжырымдамалық карта.


Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі
2-5 минут

Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал туғызу. «Ақ тілек. Әсем күлкі».
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет! (қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды).

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап! (қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О, о, о (бас бармағын көтереді).




Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығы тексерілді.

Психологиялық дайындық арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады

Топқа бөлу, топ ережелерін сақтау, топ басшысын, баяндамашыны сайлайды

Топ аттары туралы өз білгендерімен бөліседі.




Шапалақтау.



ІІ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

5 минут



«Миға шабуыл»

- Суретте кім бейнеленген?

- Оны неден аңғардың?
Ана туралы қандай қанатты сөздер білеміз?

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: Ақселеу Сейдімбек -«Әйел-Ана» ертегісі.




- Суретте ана, әйел-ана бейнеленген.

Сурет бойынша әңгіме құратамын.


Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын, ол – Ана. Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады». Ана барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан ананың ақ сүтінен дариды.
Жаңа тақырыптың мақсатын оқушылармен анықтайды.

Оқушылардың бүгінгі сабаққа деген көзқарасын ескере отырып, ортақ мақсат шығарады.



 1942 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Атасу ауылында дүниеге келген.

Ақын Жазушы

2009 жылы

дүниеден өткен Ғалым

Әдебиет зерттеуші



Бағдаршам арқылы бағалау.



ІІІ. Жаңа сабақ

20 мин

Автор туралы қызықты дерек

видеороликтен көрсетіледі.





Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Ақселеу Сейдімбек туралы мәліметтер айтады.

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (22. 12. 1942 ж., Байдалы би ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 16. 09. 2009 жылы, Астана)- жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).


Білімі

1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген.


Қызмет жолы

«Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975), Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы (1975-1976),

1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі.

1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.

1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.

1988-1997 ж. ҚазКСР ҒА - ның Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.

1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.

1999 жылдан Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде, кафедра меңгерушісі.


Шығармашылығы:

Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), « Кеніш» (1979), «Алпамыс батыр» (1979), «Серпер» (1982), «Ақ қыз» (1991) және т. б. әңгіме, повесть, очерктері, «Күңгір - күңгір күмбездер» (1981), «Мың бір маржан» (1989), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992), «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993), «Күй шежіре» (1993), « Көшпелілер тарихы» (1995), «Ойтолғақ» (1997), «Күй шежіре» (2-т.; 1997), «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді. Гомердің «Илиада», «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған.


Қайтыс болуы:

Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.




Бас бармақмен бағалау.



Каталог: upload -> content -> lesson -> 19537 -> media -> 05a7918104676e1e6286538934e2b7ae
lesson -> Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы Мектеп, сынып Орал қаласы, фмб нзм, 12-сынып сабақ тақырыбы М. Әуезов «Қарагөз» драмасы Осы сабақ
lesson -> Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі
lesson -> Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет