Сабақ тақырыбы: Ашық сабақ. Наурыз мерекесі. Жалпы мақсат



Дата08.06.2018
өлшемі25,07 Kb.
#41992
түріСабақ
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Ашық сабақ. Наурыз мерекесі.

admin

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

 


3-сынып

Мектеп: Төлеген Айбергенов атындағы  №16 орта мектеп

қазақ тілі мұғалімі:     Расулова Е.А.

   Күні:                                          26.04.17ж.



Сабақ тақырыбы:

Ашық сабақ. Наурыз мерекесі.

Жалпы мақсат:

Наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының салт - дәстүрлері, әдет - ғұрптары және мерекенің тойлану жолдарымен таныстыра отырып, әңгіме жазуға үйрету

Сабақтың мақсаттары

Тақырып бойынша берілген сөздерді тыңдап, мағынасын түсінеді.

Тақырып бойынша тыңдап, соған сәйкес сөздерге сипаттама бере алады, сұрақтарға жауап береді.

Тыңдаған материал бойынша өз пікірін білдіре алады.


Күтілетін нәтижесі:

Фотогалерея арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады, «Блиц кездесу» арқылы тақырып мазмұнымен танысып, түсінеді, кластер сызып, оқығанын қолданады, мәтел сөздердің және бата - тілектердің мағынасын ашу үшін талдау жасайды, барлық алған мәліметтері бойынша әңгіме жазып, жинақтайды. Бір - бірін, топты бағалайды, сабақ туралы кері байланыс береді.

Негізгі идеялар:

Ұлттық Наурыз мерекесінің тойлануы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. Үлестірмелі материалдар

  2. АКТ, маркерлер. Видеокөрсетілім «Наурыз мейрамы»бейнеролигін көру.

 

Сабақта қолданатын модульдер

“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Оқыту әдістері:

Миға шабуыл

Интерактивті оқыту әдістері

диалогтік оқыту

Жигсо, Спираль Сын тұрғысынан ойлау, Блум таксономиясы, психологиялық ахуал орнату, блиц кездесу, фотогалереяға саяхат, қол шапалақтау



  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:

оқулық, қосымша материалдар, стикер, суреттер,электрондық оқулық, интернет жүйесі

Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма


 

 

 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Сыныпты топқа бөлу (сыйлық сыйлау арқылы)

 


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығарып шеңбер құрдыру. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу

Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі арқылы

 


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Топ бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау.

Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу.

 

II.Ой қозғау « Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері,

 


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын аштыру.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді, топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды, өз ой-пікірлерімен санаса білу

«Наурыз мерекесі » туралы білімдерін тексеру және слайд бойынша Наурыз мерекесі, ұлттық ойындар орыналастыру жиынтығы туралы суреттерді  көрсету бойынша жұмыс 

(8 мин)


 - Наурыз қай елдің сөзі?

- Қандай мағына білдірді?

- Кімдер бата береді?

- Ол күні қандай тағам дайындалады?

- Ол күні не теңеледі?

- Наурыз мейрамы қашан тойланады?

Осы аталған сұрақтар төңірегінде 3 топ жұмыс атқарып, өз ойларын, пікірлерін ортаға салып жұмыс атқарады.

 

III.Мағынаны ашу: «Спираль» әдісі (10 мин) «Наурыз мерекесі, ұлттық тағамдар , ұлттық ойындар» тақырыбымен жұмыс



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, Сурет галереясындағы суреттерді таратып алып, суретке байланысты әңгіме жазуын қадағалау.

«Төрт сөйлем» әдісі.

Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырдым.

 Мәтінмен жұмыс.

Қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрінде ерекше тойланатын мейрам – Наурыз мерекесі. Наурыз парсы сөзі, қазақша айтқанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мереке 22 наурызда тойланады. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Қар ериді. Көктем келеді. Наурызда адамдар бірін-бірі құттықтап, сағынышпен көрісіп, жақсы тілектер айтады. Үлкендер жастарға бата береді. Наурыз-көже дайындайды. Кейде адамдар бір-біріне тілекті өлең арқылы да білдірген.

 


Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді

  1. Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа тапсырма беріледі.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.

V.Сергіту сәті: «Ақ түс» (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау

Берілген тапсырманы орындау

 

VI.Шығармашылық тапсырма

«Өмірлік ахуалды талдау» әдісі (Тақтамен жұмыс, сұрақ- жауапты талдау, бағалау) (8 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы ілінген қағаздарды топқа таратады және қосымша материалдар үлестіріледі

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын табиғатағы қызықты сурет арқылы жеткізу

 

VII.Қорытындылау:

(сұрақ-жауап) (4 мин)

  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Наурыз мерекесі, наурыз әндері туралы не білемізі?

  3. Алған білімдерің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

VIII.Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

IX.Бағалау:

Өзін-өзі бағалау (3 мин)

X.Үй тапсырмасы:

Оқулық бойынша тапсырма.Наурыз мерекесі мәтінінің мазмұны.

 

 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет