Сабақ тақырыбы: Қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі177,57 Kb.
#171184
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Семинар 3
12-сабақ. Лекция. Диэлектриктердегі электр өрісі, Мәдениеттану 25 сұрақ тест, тжбХ11, Семинар 5, 1 практика ДЭ

3 апта:
Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы.
Практикалық сабақ мазмұны:
1. Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы.
2. Графика. Қазақ алфавитінің даму, қалыптасу кезеңдері.
3. Латын негізді қазақ әліпбиі.
1. Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы.
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша жэне жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.
Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға (орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.
Емле немесе сауатты жазу нормалары да көпшілік талкысына көп түсетін болғандықтан, үнемі түзету, кырнау, толықтыру сияқты негұрлым жетілдіру процесін басынан кешіреді. Қазақ тілі емлесі де бұл процестен шеттеп қалмады. Тағы да эрі қарай жазу тәжірибеміз көрсеткендей, эрі енді жазу мәдениетіне көңіл бөліне бастағандыктан, сауаттылыктың тетігін ғылыми негізге сүйеніп табу әрекеті қолға алына басталды. Сондыктан 1983 жылы казак емле ережеліне біраз түзетулер мен өзгерістер енгізілген жаңа редакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұска да заң жүзінде кабылданды: 1983 жылы 23 тамызды Қазак ССР Жоғаргы Советі Президиумының Указымен бекітілді. Бұл қаулыда: «Министрліктерге, мемлкеттік комитеттерге, ведомостыларға, газет- журнал редакцияларына, баспаларға, ғылыми-зерттеу мемкемелеріне, оқу орындарына қазақ тілі орфографиясының осы негізгі ережелері жарияланған күннен бастап оларды жазу практикасына алу міндеттеледің — деп жазылды.
Халыкаралық терминдер казақ жазба тіліне XX ғасырдың басынан бастап молынан ене бастады. 1929 жылы араб әліпбиіне негізделген казақтың тұңғыш жазуы тәркіленіп латынға көшкен кезде қабылданған емле ережелеріміз бойынша баска тілден енгізілген сөздерді казакша естілуінше, айтылуынша жазу тэртібі ұсынылды. 1929-1940 жылдарында латынша жазу кездерінде орыс тілінен енген сөздердін эркайсысы бірнеше вариантта жазылды. Профессор Қ. Жұбановтың көрсеткеніндей коммунист деген сөз он алты түрлі болып жазылған.
Орфографиялық нормаларды, дәлірек айтсақ, дұрыс жазу ережелерін тұрактандырып, нормаға айналдыруда ғылыми пікірталастар да жок емес. Біркатар фонетис мамандар қазіргі емле ережелеріміз қазақ тілінін үндестік заңдарын бұзып барады, яғни екінші, үшінші буындарда езулік ы, і әріптерін жазу (құлып, күміс) тілімізге тэн ерін үндестігін жойып келеді, сондықтан түбір сөздің өз ішінде де, қосымшаларда да ерін үндестігін сақтап қулұн, күмус, күмүстү деп жазу керек, сондай-ак қазак тілінің буын үндестігі деп аталатын фонетикалык нормасын жазуда да сактау керек, ол үшін төл сөздерді де, кірме сөздерді де тұтас не жуан, не жіңішке дауыстылармен таңбалау керек (кітәп, қызмат, тәккәппар, көзәйім, атпан келдік, қаламман жаздық, ауылдықы, қаланықы) деген пікірлер айта бастады.
Тарихка бағзы заманның деректеріне көз жіберсек, өзге халыктар сияқты казақтың жазу тарихы да әріден басталады. Тым ерте заманғы жазудың тегі суреттен басталғаны белгілі. Тіл ғылымында мұны пиктографиялық (латын т. рісіиз — суретті және §гарһо — жазамын) жазу деп те атайды. Бұл жазу бойынша эр сурет бүтіндей бір хабарды білдірген, Сондыктан пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұныны бейнелейді. Қазіргі Қазақстан және Орта Азия территориясында ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мүндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сиякты тастарға кашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жырткыш аңдардан корғану жэне т.б. суреттер мал бағып, аң аулаған ертедегі адамдардың киелі түсініктері мен ғұрыптарын бейнелейтін тайпалардың тұңғыш жазуы болды. Қолданыла келе сурет жазуы да омірге икемделіп, дами түсті. Осының негізінде ұғымды білдіретін символикалык немесе идеографиялық жазу пайда болды. Пиктографиялык жазуга карағанда, идеографиялык жазудағы идеограммалар өзінің магыналары аркылы тілді дэлірек бейнеледі, сөйлеудің, сөздің синтаксистік орын тэртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағын да ажыратып бере алды. Ертедегі сурег жазуымен кабаттаса келетін ай мен күн алуандас таңба нұскалары, өрнекті пішінде оюлай салынған бейнелі суреттер идеографиялык жазудын таңбасы. Бұл жазу Қазакстан жерінде ұзақ сакталып, оның символдык көрініс нұскалары келе-келе казактың рулык таңбаларына айналып, меншікті көрсетерлік белгіге айналып кетті.
Түркі тайпаларының тұңғыш әріптік жазуы болған руникалык алвафиттің шығу тегі элі күнге дейін шешілмеген жұмбак. 1894 жылы осы жазудың кілтін тапкан профессор В.Томсен көне түркі руникалык алфавиті арамей (парсы-арамей) эріптік жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынып еді. Түркологтардың біразы осы пікірге косылып еді. Ал енді бір галымдар (Н.Аристов, И.А.Батманов) бұл ешбір алфавиттің ыкпалынсыз-ак өздігінен жасалып, түркі таңбаларының негізінде туган төл жазу деп санайды. Академик Ю.Клапрот руникалық алфавит көне грек (грек жэне финикей) жазуымен негіздес деген пікірді үстанады.
Белгілі түркітанушы галым А.С.Аманжолов руникалык жазудың біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мың жылдықтың ортасынан біздің заманымыздың 1 мың жылдыгының аяк кезіне дейін түркі тілдес халықтардың карым-қатынасына кызмет етіп, 1500 жыл бойы колданыста болған төл жазуы екендігі бүгінде еш күмэн туғызбайтындығын айтады.
Қазак әдеби тілінің калыптасып, дамуына белгілі бір дәрежеде эсер еткен үш түрлі жазу жүйесін ерекше атаған дұрыс. Олар: араб, латын және кириллица жазулары. Бұл жазулар казір әлемде кең таралған. жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалык жүйе де согұрлым жетілген болып саналады. Әрбір әріп әрбір дыбысты толық таңбалайтындай мінсіз графика жок деп есептеледі.
Қазак жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде колданылуы XI ғасырдан-ақ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылган «Құтты білік дастаны, алғашқы түркі лингвисті М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазакстан жерінде алғаш колданыла бастаған кезеңдерінде жазылган. Сонымен катар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А.Югнекидің «Ақиқат сыйы», Н.Рабгузидің «Әуле- энбиелер киссасы» және т.б. осы сиякты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.
XIX ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары казак тілін зерттей бастағаны мэлім. 1861 жылы Қазанда басылып шыккан Н.И.Ильминскийдің “Материалы к изучению киргизского наречия” деген кітабы қазақ тілінің жүйесін таныткан тұңгыш еңбек болды. Бұл кітап орыс графикасында жазылды, казак тГлінде терминдер жасалған жок. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды [16].
П.М.Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского языка” деген атпен I бөлімін (фонетика жэне этимолтрогия) 1894 жылы, П болімі (синтаксис) 1897 жылы шыккан еңбегі казак тілін грамматикалык кұрылымын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңгыш зерттеу екені мәлім. Бірак бұнда гылыми жағынан ғана зерттелді де, терминдер жасалмады.
Қазак гілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап “Айқап” журналы мен “Қазак” газетіненің беттерінде білдіре бастайды. “Айкаптың” 1912 жылгы 9-10 нөмірлеріще “Шаһзаман мырзаға” аттты үлкен мақала жазып, онда казак дыбыстарын білдірмей кейбір араб таңбаларын казак алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба кою кажеттігін дәлелдейді. Осы мақалада дыбыс, әріп, дейесші, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қағида деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш ,рет кездестіреміз. “Қазак” газетінің 1913 жылғы 34 және одан кейінгі сандарында «Жазу мәселесі” деген көлемді макала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (у, ү, о, и, е, ы) таңбалау жайындагы өзінің пікірлерін айтады. Сөйтіп, эрі карайғы ізденістерінде араб графикасын казак жазуы .үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) казак жазуы үшін араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау; 2) казак тіліндегі ы, е, и, о, ү, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 3) к, г дыбыстарынан баска дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни казіргі ә, і, ү дыбыстарымен айтылатындыгын) білдіру үшін сөздің алдынан дэйекше таңба кою. Бұлайша түзетілген алфавит сауат ашудың дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі байқалады.
А. Байтұрсынұлының араб жазуын казақ тіліне икемдеген нұскасын казақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер ешбір талассыз кабылдады. Себебі оның реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни, дыбыс үндестігі заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалган болатын. Сөйтіп, казак дыбыстарының табиғатын айқындап тануы, ғылымға казактың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік береді. Оның 1912 жылдардан бастап ұсынған осы алфавитке негіздеп алған жаңа жазуы (“Жаңа емле” деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. Қазак жазуының белгілі бір кезеңінде қолданылған араб графикасы 28 әріпті камтыды және классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесі негізінде жасалды. Барлык әріптер дауыссыз дыбыстарды камтиды, сонымен қатар созыңқы дауысты а, у, и әріптері диакратиялык сызықша (жолдың үстіне немесе астына қойылатын) таңбалар арқылы таңбаланады. Араб алфавиті арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде пайда болды. ҮІ ғасырда 22 әріпті қамтыса, ҮІІІ ғасырда олардың саны 28-ге жетті. Жалпы араб жазуының кемшіліктерімен қоса, алғашқы қазак баспасөзінің жазу құралы болган араб графикасының қазақ әдеби тілінің калыптасуына көп септігі тигендігін де айта кетуіміз керек.
Баспа беттерінде жарияланған мэліметтерге караганда, 1915 жылдың жылдың бір өзінде жаңа емлемен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы ұсынған “жаңа емле” 1913 жылдардан бастап мұсылман медресселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастағандығы айтылады.
Араб таңбаларын казак тілінің фонеикалық табиғатын лайыктап қазақтың ұлттык графикасы ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан (окыту тәжірибесінде одан бұрын басталуы мүмкін) бастаған А. Байтұрсынұлыны оны эрі карай да жетілдіре түседі, полиграфиялык жағынан колайлы-колайсыздығына көңіл бөледі, оку процесіне тиімді- итиімсіздігін салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайыкталған казак графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталган Қазак, кыргыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талкыланды. Бұл съездің күн тәртібінде алты мәселе койылды:
1) жазу, яғни орфография ережелері,
2) әліпби (ягни алфавит, графика мәселесі),
3) қазақша пэн сөздер (терминология),
4) ауыз әдебиетін жою шаралары,
5) оқу, гылым кітаптарын көбейту шаралары,
6) бастауыш мектептің программасы.
Съездің 15 маусымындағы мэжілісінде А. Байтұрсынұлыны “Әліпби такырыптары” деген атпен баяндама жасайды. Ол түркі жұрттарының колданылып келе жатқан әліпбиі бар екенін, оны тастап, баска графикаға көшу оңай емес екендігін. айтып пікір білдіреді. Әліпби кандай касиеттерге ие болу керек деп, казақ халқы колданып отырған икемделіп, өңделген араб алфавитінің оң сипаттарын дәлелдейді. Осыдан кейін латын алфавитін жақтаушы Н.Төреқұловтың баяндамасы талкыланады. Талқылаудан соң мынандай карар шығарады: Қазак тұтынып отырған түрік (араб) әліпбиінің баспа түрінің дара болмауы баспа ісіне де, үйрету ісіне колайсыздык танытатындыктан, одан кұтылу үшін түрік әліпбиінің өзін түзету өзге әліпбиді алудан анағұрлым жеңіл болатындыктан, түрік әліпбиінің жазба түрін осы күйінде калдырып, баскасын дара түрінде алу керек” -деп А.Байтұрсынұлы реформалаган жэне баспа түрінің де вариантын ұсынган араб жазуы негізінде казак алфавитін кабылдады. Бұл жөнінде ғалым Е.Д.Поливанов макаласында: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская графика , я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последный щау в истоическом формировании национальной графики, которым полне могут гордиться киргизские деятели просвещения — создатели реформы, как крупным культурным завоеванием». Соған карамастан, қазак жазуына 1929 жылы латын графикасына көшірілді. Бұл туралы Ә.Қайдаров макаласында: «1929 жылы Қазақстанда тіліміздің табигатына бейімделіп, ресми ұлттык жазу болып калыптаса бастаған Ахаңның әліпбиін аластатуға ешкандай объективті себеп, кажеттілік болмаған еді дейді. Егер жазуда басшылыкка алынатын «емле бірте-бірте түзеліп, жылдар бойы тәжірибеден өтіп, дәстүрлі сипат алған күнде ғана, сол тілдің сауатты жазу нормалары калыптасатынын ескерсек, онда графика ауыстыру мәселесі ұлт дамуына кері эсер тигізетіні шындык. Осы түрғыдан келгенде, графика ауыстыру кешегі Кеңестер одағының идеологиясының көзделген бір максаты болуы да мүмкін.
Әліпби айтысы XX гасырдың басында жазудың кызметі кеңейе бастаганнан бастап ең өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түскен емес. 1926 жылғы 26 ақпаннан 6-наурызға дейін Баку каласында Бүкілодактык Бірінші Түркологиялық съезд өткізіліп, онда күн тэртібінде түркі халыктарының жазу мэселесі, орфографияның негізгі принциптері жэне олардың әлеуметтік мэні, терминология мэселесі, түркі халыктарының тарихы, этнографиясы, ана тілін окыту методикасы т.б. көптеген көкейтесті мәселелер қойылды. Солардың ішінде ең үлкені түркі халықтарының барлығының тегіс латын графикасына көшу мэселесі болды. Бүл съезге Қазақстаннан А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нэзір Төреқұловтар делегат болып катысты.
Жұмысымызда айтылғандай, дэстүрлі жазуды ауыстырған сайын қаржылай шығынды былай койғанда, ұлттық дэстүр мен мэдени жалғастыктықтың уақытша болса да желісі үзіліп, сауаттылық дәрежесі төмендейтіні белгілі. Сондықтан жазуды алмастыруға бет бұрған халыққа 50 жылдай кызмет еткен славян жазуы қалай кызмет етті, оны ауыстырудың объективті себептері қандай деген сұраққа жауапты Ә.Қайдаровтын еңбегінен табамыз:
А) бұл жазу, сөзсіз, бүгінгі Кеңестер Одағы халықтарының, эсіресе бұрын жазу — сызуы болмаған ұлыстардың мәдениетін көтеруде игі ықпалын жасады; бірақ ол сол жұрттардың өз еркімен қалап алған жазуы емес, үстем саясаттың жоғарыдан міндеттеген, күшпен таңған жазуы болатын;
ә) сондықтан да болар, ол әрбір тілдің өз ерекшеліктерін толықтай таңбалай алмады, туыс тілдерді басын қосып, жакындастырудың орнына олардың арасын ашып, алшақтата түсті;
б) алфавит таңбалары ұлт тілдерінің емес, орыс тілінің мүддесіне сай алынды, сол себептен де оның ішінде басы артық, керексіз әріптер көп болды;
в) алфавиттің өзі де, оның негізіндегі қагида, ережелер де ұлттық тілдер табиғатына, дамуына нұксан келтірді, (мысалы, казақ тілінің түбір жүйесін, үндестік заңын, дыбыстар тіркесін табиги калпынан айырып, басқаша қалыптасуына себепкер болды), ең бастысы жас ұрпақтың туған тілін терең түсуіне кедергі жасады, т.б;».
Адам когамында жазу көп, бірақ кемелденген жазу жок. Әрбір жазудың жетістіктермен катар кемшіліктері де болады. Демек, жазудың қадір — кымбаты жеке (не бір топ) тіл тарапынан қойылатын талғам- талаптарға қай дәрежеде жауап беруіне байланысты аныкталуы тиіс. Жазудың касиет — белгілері өзара салыстырып карағанда ғана айкындала түсетіні туралы Ә.Қайдаровтың пікіріне біз де косыламыз. Академик қазак жазуына кызмет еткін үш жазуды былайша өзара салыстырады (түсінікті болу үшін пікірін толық беріп отырмыз):
1) Алфавиттегі әріп танбаларынын саны ана тіліміздегі фонсмалардың санымен бірдей болуы керек; мәселен Ахмет Байтұрсынұлы реттеген араб эліппесі алғаш 28 дыбыс таңбасынан (оныңі дауысты, 20-сы дауыссыз дыбыстар) кұрылып, кейін оган қосымша орыс — интернационалдық терминдерді дәл беру үшін тағы 5 эріп (в, ф, Іх, ч, һ) косылған болатын. 1929-1940 жылдары пайдаланған латын алфавитінде 30 эріп (оның 9-ы дауысты, 221-і дауыссыз дыбыс таңбалары) алынса, Шыңжаң қазақтарының 1960-1980 жылдардағы қолданған латын жазуында 37 эріп (9-ы дауысты, 28-і дауыссыз) те,төртеуі ханзу тілінің ыңгайына карай алынған кос дыбысты (іһ, сһ, $һ, п§) таңбалары еді. Ал орыс графикасы негізінде қабылданган казақ алфавитінде 42 таңба (ондагы дауысты дыбыс таңбалары — 15, дауыссыздары — 27, оның ішінде қос дыбыстылары — 9, жіңішке, катаң белгілері — 2) бар.
Осының өзі — ақ тіл табигатына тән дыбыстар мен оны таңбалушы әріптер арасындагы сәйкестіктің бұзылуын көрсетіп тұр. Бір тілдің табигатында үш — төрт түрлі көріністің (бірде 28, бірде 37, бірде 42 таңба) болуы әрине, заңды кұбылыс емес. Демек, бұл жазудың біреуінде болмаса да біреінде кінарат бар. Кейде төл дыбыстардың санынан алынған таңбалардың көп болуы сол тілдің қолданыс шеңберін, яғни баска тілмен карым — қатынасын (жетпейтін әріптерді алу) саналы түрде ескеруге де байланысты.
Бірақ онда да ол тек кейбір жалқы және кос дауыссыз дыбысты таңбалар (мысалы, ц, ч, щ, ю, я) есебінен гана көбеюі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет