Сабақ Тақырыбы: «Информатика алғырлары»



Дата08.06.2018
өлшемі27,2 Kb.
#41919
түріСабақ
«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі

шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы: « Информатика алғырлары»

/ақыл-ой зерделі сабақ/

6 «А»сынып

Пән мұғалімі: Жазықбекова Г.Е.

2014 жыл

Тақырыбы: “Информатика алғырлары” /жарыс сабақ/

Сабақтың мақсаты

Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ақыл - ой зерделі ойыны

Формасы: Топтық және жеке оқушымен жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар,бағалау парағы.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп,оқу-құралдарын ретке клтіру, сабаққа оқушылардың назарын аудару.

Бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы, өткен тақырыптар бойынша қорытынды бақылау жүргізу. Сендердің алған білімдеріңнің нәтижесін тексеру. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді, бүгінгі “Информатика алғырлары» атты сабағымызға қош келдіңіздер! Сабағымызда әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Информатика алғырлары” атына ие болады. Сабағымыз 6 кезеңнен тұрады.


Жоспары:

1. Бәйге жарысы

2. Жұмбақтың шешуін тауып,суретін салыңыз.

3. «Жүйрік болсаң, озып көр»

4. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

5. Кім жылдам? /компьютермен жұмыс/

6. Көкпар /ой-толғау/

Топтарды таныстыру: топ басшысын тағайындау:

1 топ – «Компьютер»

Ұраны: Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам-қағазсыз.

2 топ - «Принтер»

Ұраны: Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз

Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жана ма? Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз. Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.



1. Бәйге жарысы: 1)Лездік сұрақтары «Принтер» тобына:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)

7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).

8. Буып-түйілген файл (архив)

9. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

10. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

11. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)


2) Лездік сұрақтары «Компьютер» тобына:

1. Файлдар жиыны. (папка)

2. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

3.Сандарды теру үшін қай пернені пайдаланамыз? (Num Lock)

4. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

5. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

6. Бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі, жиыны. (желі)

7. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)

8. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)

9. Жаңа жолға көшу? (Enter)

10.Компьютерге қосалқы түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті прогрммалар? (Драйверлер)

11. Бас әріп теру үшін? (Shift)



2. Жұмбақтың шешуін тауып,суретін салыңыз:



  1. Жаңбыр жауса нөсерлеп, Әрі-сәрі боламын, Алып жүрсең қолыңа, Су болудан қорғаймын. /Қолшатыр/



  1. Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. /Шырша/


  1. Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Боламын дейді күндей. /Ай/


  1. Көктем сайын жайқалып,

Жаңбыр суын ішемін.

Күз болғанда сарғайып,

Қурап-қурап түсемін. / Жапырақ/
3. Жүйрік болсаң, озып көр: Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

- Тор көздегі сұрақтарға балдық жүйеде таңдап, жауап беру, ұпай алу.
5 – Компьютердің атасы /Чарлз Бэббидж/

5– Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. /операциялық жүйе/

5 – Монитор экранындағы бір нүкте не деп аталады? /пиксель/

3- CD-R мен CD -RW –дің айырмашылығы қандай? /1 рет жазу/көп рет жазу/

3- Желі арқылы хабарламалардың алмасу жүйесі. /Электрондық пошта/

3 – ДК-дің минимум тізімін ата /жүйелік блок, монитор, пернетақта/

2 – Компьютерде ақпарат енгізу құрылғысы /пернетақта/

2– Палитраның неше түсі бар? /30/

2 – 1 байт ол? /8 бит/

4. Жеті жұрттың тілін біл:

.

Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 3 ұпай алады.


1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат , информация, information)

2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы

/ Тышқан, мышь, Mouse/

5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)

6. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)


  1. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

  2. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша-блокнот-notebook)

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)


  1. Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер. (бит-бит-bit)
5. Кім жылдам?

Компьютермен жұмыс:.

А-деңгейі. Гүлдің суретін салу. В-деңгейі. Гүлді бояу. С-деңгейі. Мәтін енгізу

6. «Көкпар» Қарама-қарсы пікірлер бойынша ой-толғау: қолдаушы және қарсы пікір.

Тақырыбы: 1) “Компьютердің пайдасы” 2) “Компьютердің зияны”.
Екі топ тақтаға кезек-кезек жазады


  1. К әрпінен келетін информатикалық сөздер жазу: (компьютер, картридж, клавиатура, кактус, ксеркс, Кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, копировать, контур, курсив,колонка)

Қорытындылау:

Мұғалім сөзі. Түйін. Ұлт болашағы үшін,өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, ұрпаққа жасынан оқу оқыту, жаңа технологияны игерту, өнерлі болуға тәрбиелеу – бүгінгі заманның талабы.

Елбасы Н.Әбішұлы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Жастар – еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі». Ендігі Ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел !- деді. “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін!

Бағалау:

Критериалды бағалау жүйесі арқылы .Жеңіске жетер нағыз мықты –деп. Бүгінгі жеңімпаздарды анықтап,құттықтаймыз.



Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Сабақтың қай кезеңі ұнады?Қандай сезімде болдың? Смайликпен сезімдерін білдіру.
Каталог: uploads -> doc -> 060c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
060c -> Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков
060c -> Сабақтың мақсаты: Нуклеин қышқылдарымен таныстыру
060c -> Сабақтың тақырыбы: Диодтың түрлері Сабақтың мақсаттары: Білімділік мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет