Сабақ тақырыбы Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы


Мектеп : Орал қаласы ФМБ НЗМ



бет220/220
Дата11.05.2022
өлшемі6,23 Mb.
#142695
түріСабақ
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220
Байланысты:
10 сынып Құқық негіздері ҚМЖ 10 сынып ҚГБ
дизайн 5 сынып, кожа, семинар 19, ЛЕКЦИЯ 1-2 Философия, Саясаттану. Дәріс 1., 1601985361
Мектеп : Орал қаласы ФМБ НЗМ

Сыныбы: 10

Мерзімі:

Оқушы саны:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пән аты:

Құқық негіздері

Тақырып:

Еңбек құқығы жүйесі

Оқу мақсаты:

10.3.4.1 ҚР еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру
10.3.4.2 әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарын іске асыруын зерттеу



Сабақ мақсаты:

Еңбек қатынастарының құқықтық реттелу ерекшеліктерін, қағидаларын, еңбек құқығының жүзеге асу жолдарын анықтау



Бағалау критерийлері:

Бағалау критерийі: Берілген жағдаяттардың шешімін анықтайды
Дескриптор:

  • Заңнамаға сүйене отырып, заңға сілтеме жасай отырып мәселенің шешімін көрсетеді




Тілдік міндеттер

  • Оқушылар:

  • Жағдаяттарды шешу барысында талқылау жүргізеді (тыңдалым және айтылым дағдылары).

  • тақырып аясында зерттеу жүргізеді, заңнамамен жұмыс жүргізеді (оқылым, айтылым дағдылары)

Терминдер

Еңбек
Еңбек құқығы
Еңбек субъектілері
Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек кодексі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Еңбек дегеніміз...

  • Еңбек құқығының қағидалары...

  • Еңбек құқығының қайнар көзі...

  • Еңбек құқығының маңызы...

Құндылықтарды дарыту

- Өз елінің заңдарына деген құрметті қалыптастыру; заңды орындау міндеттілігін ұғындыру
- Жаһандық азаматтылық: жағдаяттарды шешу, өзге елдермен салыстыру
- Құрмет пен ашықтық.



«Мәңгілік ел
идеясы
құндылығы:

Оқушылар бойында:
Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Әлеуметтану, тарих

АКТ-ны қолдану

Интернет материалдары, презентация, слайд т.б.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың басында мұғалімдер:
- оқушының назарын аудара алады;
- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды.



Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы.
Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;

отаң отбасынаң басталады


http://kaztrk.kz/rus/society/Otan_otbasinan_bastaladi.html

отбасың құндылықтар сақта


http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ

Өнегелі отбасы –білім мен тәрбие ордасы http://www.youtube.com/watch?v=D0i69FMcaVo


Критерийлер:


1. Өзектілігі
2. Креативтілік
3. Тәрбие мен ұлттық құндылықтары
4. Нәтижелігі

Сабақтың ортасы
(time management)
3 мин.
4 мин.

Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай?
ББүкілсыныптық талқылау жүргізіңіз: «Отбасы мүшелерінің қандай құқықтары мен міндеттері бар?».
Т Кейс технологиясы негізінде төрт топқа проблемалық жағдаяттарды ұсыныңыз. Оқушылар ҚР заңдарына сүйене отырып, мәселелердің шешу жолдарын ұсынады:
1. А мен В некесін бұзу және ортақ мүлікті бөлу жөніндегі талаппен сотқа шағымданады. Сот отырысында жауапкер бөлінуге жататын заттардың қатарында бейнемагнитафон, жұмсақ жиһаз, кілем және т.б. А-ның ата - анасы тойға сыйлаған мүліктердің көрсетілмегенін айтады. Сот аталған заттардың той күні екеуіне тарту етілгенін анықтаған.
2. Д мен М заңды некесін тіркеу барысында, өзінің күйеуінің тегін алатынын жариялайды. Оның өтініші қанағаттандырылған. Аз уақыт өткен соң өзінің некеге тұрғанға дейінгі ататегін қалдыруды, бұл шешімге келуіне 14 және 16 жастардағы балаларының қарсылығы негіз болғанын көрсеткен.
3. Азамат В әйелімен ажырасқан бері өзінің кәмелетке толмағана қызына алимент төлеп отырды. Бірнеше жылдан соң, қызы кәмелет жасқа толып, колледжді аяқтап, жұмысқа тұрғаннан кейін әкесі қызынан материалдық көмекті сұрайды. Бірақ қызы оған қарсылық білдіреді. Қызының айтуы бойынша, әкесі шешесімен ажырасып, жеке тұрған және оған тәрбие беруде қатысқан жоқ.
4. Соттың шешімі бойынша азамат Р тиісінше қартайған әкесіне алимент төлеуі тиіс, оған қоса қартайған және ауырып жүрген әкесіне қарайтын күтушінің жұмысына ақы төлеуге міндетті. Бұл шешім әділетті ме?
Б/Т Топтар бір-бірінің шешімдерін талқылайды, сұрақ қояды. Әрбір проблемалық жағдаятқа қысқаша қорытынды жазады.
Т «Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері» тақырыбына әлеуметтік жарнама дайындауға тапсырма беріңіз

Сабақтың соңы



Не білдім?
Не көрдім?
Не түсіндім?
Нені жетілдіруім керек?




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар
болды, неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:




Мектеп : Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Сыныбы: 10

Мерзімі:

Оқушы саны:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пән аты:

Құқық негіздері

Тақырып:

Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын құқықтық реттелуі

Оқу мақсаты:

10.3.4.1 ҚР еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру
10.3.4.2 әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарын іске асыруын зерттеу



Сабақ мақсаты:

Еңбек қатынастарының құқықтық реттелу ерекшеліктерін, қағидаларын, еңбек құқығының жүзеге асу жолдарын анықтау



Бағалау критерийлері:

Бағалау критерийі: Берілген жағдаяттардың шешімін анықтайды
Дескриптор:

  • Заңнамаға сүйене отырып, заңға сілтеме жасай отырып мәселенің шешімін көрсетеді




Тілдік міндеттер

  • Оқушылар:

  • Жағдаяттарды шешу барысында талқылау жүргізеді (тыңдалым және айтылым дағдылары).

  • тақырып аясында зерттеу жүргізеді, заңнамамен жұмыс жүргізеді (оқылым, айтылым дағдылары)

Терминдер

Еңбек
Еңбек құқығы
Еңбек субъектілері
Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек кодексі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Еңбек дегеніміз...

  • Еңбек құқығының қағидалары...

  • Еңбек құқығының қайнар көзі...

  • Еңбек құқығының маңызы...

Құндылықтарды дарыту

- Өз елінің заңдарына деген құрметті қалыптастыру; заңды орындау міндеттілігін ұғындыру
- Жаһандық азаматтылық: жағдаяттарды шешу, өзге елдермен салыстыру
- Құрмет пен ашықтық.



«Мәңгілік ел
идеясы
құндылығы:

Оқушылар бойында:
Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Әлеуметтану, тарих

АКТ-ны қолдану

Интернет материалдары, презентация, слайд т.б.

Сабақбарысы

Уақытты
жоспарлау

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Дерек көздері



Қызығушылықты ояту кезеңі.
3 минут


Жаңа сабақ
1 қадам
15 мин

2 қадам
тапсырмалар
3 мин

3 қадам
15 мин

Қорытынды
4 минут



Ұйымдастырушылық кезеңі
Суреттер мен сұрақтар арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Анықта: берілген суреттер бойынша нені еңбек деп айталамыз?






Жаңа сабақты түсіндіру:
Сабақ мақсаттарын баяндау.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Еңбек құқығының түсінігі

  • Еңбек-материалдық және рухани игіліктерді жасауға бағытталған адамның мақсатты қызметі. (ҚРЕңбек кодексінің1-бабы)

  • Еңбек– бұлеңбекөніміналуүшінадамныңдене, ақыл-ой, руханиқабілеттерінжұмсауарқылыжүзегеасатынмақсаттықызмет.

  • Еңбектіңекітүрінажыратыпалғанжөн: өзигілігінебағытталғанжекееңбекжәнежалданбалыеңбеқ.

Еңбек құқығы азаматтардың еңбек бостандығына конституциялык құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен кызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек катынастарын реттеуші саласы.
Еңбек құқығы - жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.


Еңбек құқығының субъектілері


Еңбек құқығының субъектілері дегеніміз еңбек құқықтық қатынастарына және олармен тығыз байланысты қатынастарына еңбек құқықтары мен міндеттері бар және оларды жүзеге асыра алатын қатысушылар (заңды және жеке түлғалар).

Еңбек құқығы субъектілерінің түрлері:
азаматтар (жұмысшылар);
әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар - жұмыс берушілер;
жеке жұмыс берушілер;
еңбек ұжымдары;
кәсіподақ ұйымдары;
республикалық, салалық және аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар (келісім комиссиялары, бітістіру комиссиялары, еңбек арбитражы, еңбек заңдарына сәйкес еңбекті қорғауды қадағалайтын және бақылайтын органдар.


Еңбек құқығының қайнар көздері.


Еңбек құқығының қағидалары:
1.Еңбек шартының бостандығы;
2. Жұмысқанегізсізқабылдамауданжәнежұмыстанзаңсызшығаруданқорғау;
3. Еңбектіңсаламаттыжәнеқауіпсізталаптарынқамтамассызету.
4. Мемлекетпенбелгіленгенеңтөменгіжалақымөлшерінеқұқық;
5. Еңбек күнін заңдық шектеу, демалыспен қамтамасыз ету;
6. Заңмен бекітілген жеңілдіктермен еңбекті біріктіру;
7. Еңбек тәртібін жұмысшылардың сақтауы,
мекеме мүлкін сақтау;
8. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету.
Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру;
9. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының
және жұмысшылардың қатысуы;
КР Конституциясы
24-бап. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар

1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. 
2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.

Азаматтың қандай еңбек түрімен айналысатындығы туралы шешімді кім қабылдайды?
Ерікті еңбек ету дегеніміз не? Еріксіз еңбек ету қандай жағдайларда мүмкін?

Топтық жұмыс: Еңбек қатынастарының ерекшеліктері: ҚР Еңбек кодексі мен ҚР заңнамаларын негізге ала отырып жағдаяттар шешу
Бағалау критерийі: Берілген жағдаяттардың шешімін анықтайды
Дескриптор:

  • Заңнамаға сүйене отырып, заңға сілтеме жасай отырып мәселенің шешімін көрсетеді

1 топ: Жағдаят №1
Мектеп директоры өзіне кедергі келтіріп жүрген кәсіподақ ұйымынан құтылмақшы болды. Осы мақсатта ол мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлерін өз кеңсесіне бір-бірлеп шақырды және екі арыздың бірін жазуға таңдауды ұсынды: не кәсіподақтан шығу арызы немесе өз еркі бойынша жұмыстан шығу арызын жазу. Математика мұғалімі өз құқықтарын қорғау үшін сотқа баруға шешім қабылдады.
Мектеп директоры еңбек заңнамасының қандай қағидаларын бұзып отыр?

2-топ: Жағдаят №2
Колледж оқытушысы өз құқықтарын қорғау барысында колледждің жетекшісімен бірнеше рет қақтығысып қалды. Біраз уақыттан соң оқытушы өз еркімен жұмыстан шығу жөнінде өтініш береді. Жұмыстың соңғы күнінде жұмыс кітапшасын алғаннан кейін, ол ондағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7б.1 б. 54 т. (қызметкердің жұмыс орнында алкогольді, есірткелік, уытты мас күйінде болу) сәйкес жұмыстан босату туралы жазбаны көреді. Кадр бөлімінің бастығына жүгінген кезде, ол кездейсоқ қателік кеткенін айтып жазбаны түзетіп береді. Алайда, оқытушы бұны кездейсоқ қателік емес деп өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуді шешеді. Сотқа берген талап арызында оқытушы еңбек заңнамасының негізгі қағидалары оған қатысты бұзылғанын көрсетті.

Бұл жағдайда қандай қағидалар туралы айтылуы мүмкін?Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының қандай заң актілерінде тұжырымдалған?



3-топ: Жағдаят №3
Мемлекеттік еңбек инспекторы бір колледж қызметкерлерінің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін шағымдарын қарастырған кезде үнемі жұмыс берушінің (колледж директоры) жағына шығып, қолдау көрсететін. Уақыт өте мемлекеттік еңбек инспекторы колледж директорының жақын туысы екендігі анықталады. Колледж ұжымы еңбек инспекторын шеттету туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне жазбаша шағым жіберу туралы шешім қабылдады.

Еңбек ұжымы өз шағымында еңбек құқығының қандай қағидалары бұзылды деп көрсете алады?


4-топ: Жағдаят №4
Бюджеттік оқу орнының мұғалімдеріне 8 айдан астам уақыт бойы еңбекақысы толығымен төленбей келген.
Директордың айтуынша, бұл қаржы жетіспеушілігіне байланысты, яғни жергілікті бюджеттен толық қаржының бөлінбеуі мен мектептің жөндеу жұмысына жұмысалғандықтан.
Бұл жағдайда қандай қағидалар бұзылды?

Топтық талқылау және топтардың өзара бағалауы


Рефлексия
Мен мына тұстарды басқаларға түсіндіре аламын...
Тақырыппен таныстым, бірақ ...
... сәйкес жағдаяттарды шеше аламын

Құқық негіздері, Практикум, Әдістемелік құрал, Астана 2015 ж.

Тажибаева А.Х. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ Оқу -әдістемелік құрал, 2016

Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы.Оқулық. – Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 405 бет.


ҚР Конституциясы



Сборник задач по трудовому праву Республики Казахстан: учебное пособие / Сост. Пилецкая Е.Н. – Костанай: Костанайская академия МВД РК, 2014. – 60 с

Қорытынды бағалау(рефлексия)
Ең жақсы өткен екі дүние (оқуға және үйренуге қатысты)
1.
2.
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқуға және үйренуге қатысты)
1.
2.
Осы сабақтың барысында мүмкіндік барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
1.
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет