Сабақ тақырыбы: Жиындардың бірігуі мен қиылысуы


«жиын» 1 топ, «ішкі жиын»



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі42,68 Kb.
#93803
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН
Жатиз томирис мақсатқызы (1), d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
«жиын» 1 топ, «ішкі жиын» 2 топ, «жиындардың қиылысуы» 3 топ, «жиындардың бірігуі» 4 топ. Әр топтың топ басшысы, хатшысы, баяндамашысы бар. Оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын және бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:





Тапсырма түрі

Орындай алдым

Кемшіліктер жібердім

1

Өз тобын дұрыс анықтайды







2

Үй тапсырмасы







3

«Елші» әдісі топта







4

Жеке жұмыс
«Баспалдақ әдісі»



















Басым көпшілігін дұрыс орындағанда – Сен жарадың!
Жартысын орындағанда – Жақсы жұмыс жасадың!
Жартысынан аз орындағанда – Сәттілік!

жасыл түсті


сары түсті
қызық түсті бағдаршам

«жиын», «ішкі жиын», «жиындардың қиылысуы», «жиындардың бірігуі» сөздері жазылған қағаз қиындылары


Бағалау парақшасы әр оқушыға таратылады



6 минут

Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар: Өткен сабақты қайталау мақсатында «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолданамын. Берілген сұрақтарға оқушылар жедел жауап қайтарады.
Сұрақтар:

  1. 1) Жиын дегеніміз не?

  2. 2) Жиынның элементі деген не?

  3. 3) Жиынды латынның қандай әріптерімен белгілейді?

  4. 4) Бос жиын деген не?

  5. 5) Элементтерінің санына қарай жиындар қандай түрге бөлінеді?

  6. 6) Тақ сандар жиынын атаңыздар?

  7. 7) Жиындардың берілуінің неше тәсілі бар?

  8. 8) Жұп сандар жиынын атаңыздар?

  9. 9) х€А жазуын қалай түсінесіздер?

10) Ішкі жиын деген не?
11) Жиындарды қандай дөңгелектермен кескіндейді?
12) «Ϲ» нені білдіреді?
13) Д¢Е жазуын қалай түсінесіздер?
14) Тең жиындар деген не?
15) Ø нені білдіреді?
16) ∩,Ù символдары нені білдіреді?
Оқушыларды «Mадақтау» әдісі арқылы бағалау.
Жарайсың!
Бәрекелді!
Өте жақсы!
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

Слайдта жазылған сұрақтар

Сабақтың ортасы


12 минут

10 минут


1 минут

«Елші» әдісі арқылы топтық жұмыс.
Әр топқа тапсырма беріледі. Содан кейін топта тапсырманы бірге талқылайды, есепті шығарады. Тапсырманы орындап болған соң топтағы бір оқушы келесі топқа кезектесіп шығарған есебін талқылап, түсіндіреді.
1-тапсырма:

  1. 1 топқа:

2426 санындағы цифрлардың А жиынын және 45695 санындағы цифрлардың В жиынын элементтерімен жазыңдар:
а) А және В жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар;
б) А және В жиындарының бірігуін элементтерімен жазыңдар;
в) Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер;
2 топқа:
24264 санындағы цифрлардың С жиынын және 45695 санындағы цифрлардың Д жиынын элементтерімен жазыңдар:
а) С және Д жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар;
б) С және Д жиындарының бірігуін элементтерімен жазыңдар;
в) Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер;
3 топқа:
56324 санындағы цифрлардың Е жиынын және 45698 санындағы цифрлардың К жиынын элементтерімен жазыңдар:
а) Е және К жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар;
б) Е және К жиындарының бірігуін элементтерімен жазыңдар;
в) Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер;
4-топқа:
23146 санындағы цифрлардың Х жиынын және 42816 санындағы цифрлардың У жиынын элементтерімен жазыңдар:
а) Х және У жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар;
б) Х және У жиындарының бірігуін элементтерімен жазыңдар;
в) Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер;


Дескриптор:

  1. 1) Жиындардың қиылысуын табады.

  2. 2) Жиындардың бірігуін табады.

  3. 3) Эйлер-Венн дөңгелегіне кескіндейді.

Әрбір дескрипторға 1 баллдан қойылады.

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.




2-тапсырма:
Жеке жұмыс «баспалдақ әдісі».
Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі.
А деңгейі: №1053, №1054
В деңгейі: №1057, №1059
С деңгейі: №1063, №1067
А деңгейі: №1053
24264 санындағы цифрлардың Е жиынын және 45695 санындағы цифрлардың F жиынын элементтерімен жазыңдар.

  1. Е және F жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар;

  2. Е және F жиындарының бірігуін элементтерімен жазыңдар;

В деңгейі: №1057
«Марс» және «Уран» сөздеріндегі әріптерден:

  1. А жиынын және В жиынын құрастырып жазыңдар;

  2. А және В жиындарының қиылысуын жазыңдар;

  3. А және В жиындарының бірігуін жазыңдар;

С деңгейі: №1063

  1. Жай сандар жиынының, құрама сандар

жиынының және 1 саны жиынының бірігуінен тұратын жиын қалай аталады?
Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер.

  1. К –жай сандар жиыны Р –құрама сандар жиынын.

К және Р жиындарының қиылысуы қандай жиын?
Дескриптор:

  1. 1) Жындардың бірігуін табады.

  2. 2) Жиындардың қиылысуын табады.

  3. 3) Эйлер-Венн дөңгелегіне кескіндейді.

Әрбір дескрипторға 1 баллдан қойылады.
Бағалау. Оқушылар бағалау парақшасына шығарылған есептердің дұрыс-бұрыстығына белгі қояды.


Сергіту: «Көз жаттығуы»
Көз қарашығыңызды жоғары көтеріп төбеге назар аударыңыз. Осылайша 5 секундттай төбеге қарап тұрып, қарашығыңызды қайта төмен түсіріңіз. Енді 5 секундтай еденге қарап тұрыңыз. Осылайша жаттығуды 5 рет қайталаңыз.

Қағазға жазылған тапсырмалар (есептер)

Оқулық
Алдамұратова Т.А.



Сабақтың соңы
6 минут
2 минут

Бағалау парағының қорытындысын шығару.
Оқушылар өздерінің бағалау параұшасын зерделейді:
Басым көпшілігін дұрыс орындағанда – Сен жарадың!
Жартысын орындағанда – Жақсы жұмыс жасадың!
Жартысынан аз орындағанда – Сәттілік!


Үйге тапсырма:
Тақырып бойынша қажетті материалды қайталау.
№1070, №1071


Рефлексия.

ҚОСУ

АЛУ

ҚЫЗЫҚТЫ










ҚОСУ – сабақта ұнағанын жазу (жағымды эмоция, пікір)


АЛУ – сабақта ұнамағанын жазу (түсініксіз, қажетсіз, пайдасыз ақпарат)
ҚЫЗЫҚТЫ – сабақта болған қызықты ақпараттат (мұғалімге қоятын сұрақ, проблема)

Бағалау парағы
Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсепексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау



Таңдалып алынған сабақ беру әдістері мен деңгейлі тапсырмалар. Жеке тапсырмалар орындау барысында әлсіз оқушыға түсіну үшін көмек көрсету , мықты оқушыға – бағыттаушы сұрақтар қою. Қабілетті оқушылардан тапсырмалардың барлығы орындалуы немесе аздаған қате жіберіп орындалуы күтіледі.

Оқушыға түсінуге сұрақтар қою.
Оқушының өзін – өзі бағалау, бір-бірін бағалау.
Кері байланыс жүргізу.

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын асырмау, белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Рефлексия

-Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
- Оқушылар бүгін не үйренді?
-Сынып атмосферасы қандай болды?
- Барлығына уақыт жеткілікті болды ма?
- Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? Неге?



Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды.
Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді.

Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды.


Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды.





Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді?
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет