Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



бет1/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН, Жатиз томирис мақсатқызы (1)



Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар
(оқу-әдістемелік нұсқау)


Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна

Ақтөбе қаласы,


Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
химия және биология пәндерінің оқытушысы

«Республикалық 45 minut.kz» басылымында қарастырылып, баспаға ұсынылды
Пікір жазған: «Республикалық 45 minut.kz» газетінің редакторы: І.Б.Нагиев

Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна– химия және биология пәндерінің оқытушысы

Ұсынылып отырған жинақта колледж оқытушысының


шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі химия пәнінен практикалық жұмыстар келтірілген. Оқытушының шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты химия пәні мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Бұл оқу құралында химиядан сабақ беретін мұғалімдерге қажетті практикалық жұмыстар іріктеліп алынған. Практикалық жұмыстар белгілі бір тарау немесе оның бір бөлігі өтілгеннен кейін химиялық тәжірибелерді оқушылардың өздігінен орындауы үшін арнайы бөлінген сабақ. Практикалық жұмыстарда оқушылардың алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдылары қалыптасады. Химияны оқытуда әртүрлі оқу эксперименттер кеңінен пайдаланылады. Егер сабақта қажетті тәжірибелер жасалмаса және бағдарламада көрсетілген міндетті практикалық жұмыстар жүргізілмесе, онда ең жақсы деген тақырыптың өзі де қанағаттанарлық деп есептелмейді.
Химия сабақтарының мақсаты химиялық теорияларды, заңдарды бағдарламада көрсетілген іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болып саналады. Ал практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағының маңызды бөлігіне ұсынылған жұмысты орындау үлгісін мұғалімнің оқушыларға өзі көрсетуі немесе белгілі нұсқауға сәйкес өздерінің орындауы жатады.
Сонымен практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтарына:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау және техникасын қауіпсіздінін белгілеу.

  2. Жұмысты орындау тәсілдерін жоспарлау.

  3. Жұмысты орындаудың үлгісін көрсету не нұсқау беру.

  4. Орындалған жұмысты талдау не жүйелеп жазу, қорытындылау.

  5. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.

  6. Өзіндік жұмыс жаттығуларын орындау.

  7. Үйге тапсырма беру сияқты кезеңдерден тұрады.

Сабақта мұғалім дидактикалық мақсаттарды шешеді.
Оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйретеді – химиялық сынақ-тәжірибе кезінде іскерліктер қалыптастырылады. Мұндай сабақтар міндетті түрде химия кабинетінде өтеді, оны зертханалық жұмыс деп атауға болады. Әдістемеге бұлай атауды алғаш ендірген әдіскер В. Н. Верховский. Ол былай деп жазды: «зертханалық сабақ химияны оқытудың негізгі формасы деп есептейміз».
Практикалық сабақтарда (зертханалық сабақ) шамамен осындай жоспармен өткізуге болады:

  1. Кіріспе бөлімі (сабақтың мақсаты, өтілетін жұмыстың мазмұны бойынша техника қауіпсіздігін әңгімелеу)

  2. Негізгі бөлімі – өз беттерінше практикалық жұмыстарды оқулық немесе арнаулы нұсқау бойынша оқушылардан тақтаға не дәптерлеріне не карточка жазу ескеріледі. Жұмысты орындау барысында оқушылар химиялық жұмысты байқайды және оны суреттеп жазады, реакцияда пайдаланған аспапты салады, реакция теңдеуін құрастырып, формуласын реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізеді, қорытынды жасайды.

  3. Қорытынды. Сабақтың соңында орындалған жұмыстың қорытындысын шығарып мұғалім тақтаға кейбір оқушылардың практикалық жұмысының нәтижесіне баға қояды. Оқушыларға орындалған практикалық жұмыстың жазба есебін жаздырады.

Дұрыс ұйымдастырылған практикалық сабақ оқушылардың:

  1. маңызды химиялық құбылыстар мен реакциялардың сипаты туралы білімін нақтылауларына, олардың мәнін терең түсінулеріне;

  2. химиялық құбылыстарды бақылап, заттарды қасиеттеріне қарай ажырата білулеріне;

  3. химия зертханасында жқмыс істеудің әдістерімен және қарапайым химиялық әрекеттермен танысып, оларды игерулеріне;

  4. химиялық заттар және химиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыруларына;

  5. еңбек ету икемділіктерін жетілдірулеріне зор ықпал етеді.

Практикалық сабақ барысында, негізінен оқушылардың мынадай іскерліктер мен икемділіктерді меңгеруі көзделеді:

  • химиялық ыдыстармен (пробирка, қолба, шыны ыдыстар, кәрден табақша, т.б.) , зертханалық құрал-жабдықтармен (жылытқыш құралдар, штативтер, т.б.) , химиялық реактивтер-қышұылдар, сілтілер, тұздар және олардың ерітінділерімен жұмыс істей білу;

  • дайын бөлшектерден құралдар құрастыру (газ жинайтын, т.б.) және оның нығыз жабылғандығын тексеру;

  • цилиндрмен сұйық заттардың көлемін анықтау және таразы арқылы зат салмағын өлшеу;

  • химиялық іс-әрекеттер жасау (сұйық және қатты заттарды еріту, газдарды ерітіп сіңіру, заттарды қыздыру, сүзу, буландыру, фйдау, сұйықтарды айдау, ауаны және суды ығыстыру арқылы газ жинау, тұнбаны сүзгіде жуу және т.б.);

  • оқылған заттарды физикалық, химиялық қасиеттеріне және әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктеріне қарай (оттегі, сутегі, көмірқышқыл газы, қышқылдар, негіздер, хлорид, иодид, бромид, аммоний, натрий, калий, кальций, барий, алюминий, темір – екі және үш валентті, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер, белоктар, кқп тараған пластмассалар мен химиялық талшықтар және т.б.) ажырата білу;

  • тізбектегі химиялық өзгерістерді жүзеге асыру нәтижесінде жаңа заттарды алу;

  • тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазу және байқалған құбылыстардан қорытынды шығара білу.

Практикалық икемділіктерді қалыптастыру кезінде төмендегі жағдайларды ескерген жөн:
А) оқушыларға күрделі тәжірибелерді түсіндіре отырып көрсету;
Ә) әр түрлі жұмыс әдістерін қолданатын жаттығуларды жиі жасату;
Б) оқушылардың барлық әдістерді дұрыс қолданып жұмыс істеуін үнемі қадағалап отыру.
Практикалық жұмысты бағалау химия бағдарламасында көрсетілген нұсқаулар бойынша, сондай-ақ оқушылардың жұмыс істеу икемділіктерін бақылау нәтижесінде жүргізіледі.
Жұмысты бағалаған кезде:

  • қауіпсіздік ережесін сақтай білетіндігі;

  • тәжірибені дұрыс жүргізгендігі;

  • реакция теңдеуінің дұрыс жазылуы;

  • реактивтер мен зертханалық құрал-жабдықтарды орынды қолдана білуі, жеке тәжірибелердә орындау икемділігі;

  • жұмыс барысындағы ұқыптылығы мен ұйымдастыра білу іскерлігі;

  • жұмыстың қорытындысын дұрыс жаза білу қабілеті ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет