Сабақ тақырыбы Мен музыкантпын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата13.01.2020
өлшемі26,93 Kb.
#55738
түріСабақ
Байланысты:
1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР Музыка 4 сынып 4 бөлім Мамандықтар әлемі


4-бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебекова Ж.С.

Сынып: 4


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Мен - музыкантпын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау;

4.2.1.2 - музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып, қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизациялау;

4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу.


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • музыкалық мамандықтар жайлы шығармашылық жұмыстар жасайды;

  • өз шығармашылық жұмыстарын таныстырады, сыныптастарының шығармашылық жұмыстарын бағалайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • музыкалық шығармашылық жұмысты жасау үшін идеяларын ұсынады;

  • шығармашылық жұмысты шығару үшін музыканың көркемдеуші құралдарын қолданады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

• тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладау;

• өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:


  • танымал тұлға

  • композитор

  • дирижер

  • әнші

  • аспапшы

  • бақылаушы

  • бағалаушы

Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біз кімдерді музыкант деп атаймыз?

  • Біз кімдерді музыка шығарушылар, ал кімдерді музыка орындаушылар деп атаймыз?

  • Дауыстар арасында қандай айырмашылықтар байқадыңыздар?

  • Бұл тұлғалар қай музыкалық мамандық өкілдері?

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Құрмет.


Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісі арқылы ақпарт іздеуге пайдаланады.

Бастапқы білім


Өткен сабақта оқушылар Қазақстан дирижерлері, композиторлары мен орындаушылар жайлы ақпарат іздеп, танысты. Дауыс тембрлерін анықтады. Әнді орындап және аспаптардарды қолданып сүйемелдеу жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Стартер

Музыкалық сәлемдесу

Дауыс жаттығулары

Оқушыларға сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңыстыру.

Өткен материалды қайталау және сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға ойын ойнатылады.

«Тапқырлар» ойынын ойнату

Ойынның ережесі.

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өткен сабақ бойынша қарсылас топқа 3 сұрақ дайындайды. Егер қойылған сұраққа берілген жауапқа келіспесе, топт дұрыс жауаптарын өзі айтады.



Таныстырылым.


Сабақтың ортасы

20 минут


10 минут

1-тапсырма. Музыкалық шығармашылық

Топтарда «Мен – музыкантпын» тақырыбына жоба дайындаңыз. Музыкамен байланысты мамандықты таңдап, жобалық жұмыс дайындаңыз. Жұмысты критерийлерге сәйкес ұсыныңыз.



1 топ –композитор. Еркін тақырыпқа ән/мелодия ойлап табыңыз.

2 топ – дирижер. Алдында тыңдаған музыкалық шығарманы таңдаңыз. Оған дирижерлік етіңіз.

3 топ - әнші. Алдында үйренген әнді таңдаңыз. Оны жеке және ансамбльде орындаңыз.

4 топ – аспапшы. Алдында тыңдаған музыкалық шығарманы таңдаңыз. Сіз шығарма мелодиясының ырғақты сүйемелдеуін орындайтын музыкалық шулы аспапты таңдаңыз.

Бағалау критерийлерін құрастыру

- Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын әр топ өз шығармашылық жұмысын бағалайтын критерийлер құрастыруы қажет.

Жұмыстарыңызды таныстырған уақытта өздерің құрастырған критерий бойынша бағалайтын боласыңдар.

Презентация.

Әр топ шығармашылық жұмыстарын таныстырады.

Топтар

бағалаушы,



бақылаушы,

өнер көрсетуші деген үш аймаққа ауысып отырып өз шығармашылық жұмыстарын таныстырады.

1 топ бағалаушы, 1 топ өнер көрсетуші

2 топ бақылаушы- көрермен рөлін атқарады.

Әр топ өздері жасаған бағалау критерийлерін бағалаушы топқа береді.


Ресурстар:

Музыка тыңдау үшін нотубуктар мен құлаққаптар

Әннің сөздері

Музыкалық аспаптар



Сабақтың соңы

3 минут



Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады.


Алған білімдерін бағалау мүмкіндігі болады:

- алдын ала оқыту білімін қолдау;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- сұратар арқылы;

- бағалау критерийлері бойынша.


Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет