Сабақ тақырыбы: «Қобыланды батыр»



Дата05.11.2016
өлшемі38,43 Kb.
#1091
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: «Қобыланды батыр» (жырдан үзінді)
Сабақ мақсаты:

а) Білімділігі: Батырлар жыры туралы мәлімет беріп, жырдан үзіндіні таныстыру. Жырдағы батырлар ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын екендігін түсіндіру.
ә): Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін, қиялын жыр кітаптар, суреттер арқылы. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашып түсініп, дамыту;
б)Тәрбиешілік: Елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері, жырлар жинағы, мақал – мәтел

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу ,түгендеу. Үй жұмысына дайындалу
II. Үй тапсырмасын тексеру:Айтша көкек.
Сұрақ – жауап арқылы пысықтау
III.әдіс-тәсіл: оқу ,мазмұндау, ребус шешу,мақал-мателдерді аяқтау, сөз жұмбақ

Жаңа сабақ.

Ребус:Суреттер арқылы жаңа тақырыптың атын шешу

1.қылыш, от, бөрік, ыдыс, лашын, айбалта, найзағай,дүрбі. Ы (Қобылынды)
1. «Қобыланды батыр» өмірбаяны

2. «Қобыланды батыр» жырынан үзіндімен таныстыру

Оқулықпен жұмыс

1.Өлеңді тізбектеп оқу

2.Мазмұндау

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз -

1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді ,секірді,

Орнына келіп отырды.

Дәптермен жұмыс
а)Қобыланды батырға мінездеме бер.
Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.
б)Батырлардың киімдерінің және қару – жарақтарының аттарын атап жаз.
Найза, садақ, жебе, айбалта, қылыш, пышақ.
Тақтамен жұмыс

Мақал –мәтелді аяқтау
1. Батырды жауда

Шешенді дауда сына

2.Батырдың бір ісі тентек

Қорқақтың екі ісі тентек

3.Батырдың көзі өмірге түседі

Қорқақтың көзі өлімге түседі.

4.Батыр елдің ажары

Бал құрақ көлдің ажары

5. Батыр жарқырап жүреді

Қорқақ қалтырап жүреді

6.Батырды намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді

Сандықшаны ашу

Қауышу –аман есен кездесу

Құл –біреуге тәуелді ,басыбайлы ер адам.

Күң- біреуге тәуелді ,басыбайлы әйел адам.

Қорытынды :

Сөз жұмбақ шешу арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп ,тақырыптарды қорытындылау.

1.Қобыланды батырдың қарындасының аты?

2.Күндікке түскен анасының аты?

3.Шабуылға аттанған аты?

4.Қобыланды батырдың әкесінің аты?

5.Шабуылға шыққанда қолданылған қару?

6.Тайбұрыл құлын кезінен баптаған Құртқамен не істеді?Тайбұрыл құлын кезінен баптаған Құртқамен не істеді?

Үйге: мазмұнын баяндау.
VIII. Бағалап, мадақтау

2 негізгі мектеп

«Қобыланды батыр»

(жырдан үзінді)



Бастауыш сынып мұғалімі: Малгаждарова М.С

2015-2016ж


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет