Сабақ тақырыбы: Отпан тау-Адай ата кесенесі-Маңғыстау төрінде



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі313,33 Kb.
#31041
түріСабақ
1   2

«Ақтау» тобы: Көк бөрі Түркі халықтарының символы.Ертеде заманда аталарымыз көкжал қасқырды пір тұтқан.Себебі ол қандай қиыншылыққа да төзімді,өз жауларыынан да қорғана білетін,қолға үйренуге көнбейтін,туған жерінен басы ауған жаққа кетпейтін,ұяластарын сыртқы жауға бермейтін,қызыл кітапқа енген айлакер аң.Аталарымыз өз ұрпақтарының болымысында осындай қасиеттер болғанын қалап, балаларына үлгі тұтқан.

14 наурыз БатысҚазақстан өңірі халқының көне заманнан бергі Амал келді,


жыл келді”деп жыл басы ретінде тойлаған,ғасырлар бойы салт-дәстүрге енген мейрам.2008 жылдан бастап,бұл мейрамөлкемізде Отпан таудағы Ақсарай алаңында өткізіліп келеді.



Ерте заманда елге жау шапқанда кең байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап жатқан халықтың басын жинау үшін Отпан таудың басында ұран отын жаққан.Сөйтіп,Адай халқы бірігіп елін,жерін жаудан қорғап қалған Отпан таудың басынан жаққан алау от сонау Үстірттің үстінен көрінеді екен.Маңғыстау халқының амал мерекесі 14 наурызда басталады.Сол кезде Тағзым оты жағылады.

Ту төбе.Тәуесіздігіміздің көрінісі.Ту тұғырдың биіктігі 20метр шамасында.Сонымен қатар болашақта Баһадүр батыр ескерткішін орнату жоспарланған.Бұл-қазақ жерін қорғағанАлатауға дейін барып,Сайрамды үш айналған Адай ата ұрпағы батырларына арналған ескеркіш статуя,Адай Ата-Отпан тау ТТЭМ орталығының мәртебесін көтеру,өлкеміздегі туризмді дамыту мақсатындағы ұлттық мәдени шаралар.
Кең байтақ жерімізді қорғап,бүгінгі күнге жеткізген ата бабаларымыздың рухына арнап және бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосып жүрген халқымыздың еңбектегі жеңісінің құрметіне Ұран отын жағу.

Кадір Дәулет «Адай» күйін орындайды. Оқушылар шығармашылығы «Маңғыстауға арнау» өлеңдерін оқиды

Тәрбие сағатының негізгі бөлімінде Адай ата кесенесін интерактивті тақтадан оқушыларға суреті көрсетіледі.Оқушылардан алдарыңдағы суретте не бейнеленгені сұралады,тәрбие сағатының негізгі тақырыбы ашылады.Бұл көріп отырғандарын «Адай ата-Отпан тау»этнографиялық рухани тарихи-мәдени кешені.


Адай ата туралы қандай әнгімелер мен өлең жырларды білесіңдер?
Адай ата кесенесін тұрғызуға ұсыныс берген кім еді? Сабыр Адай суреті көрсетіледі.Бұл кісі туралы не білесіңдер?
Негізгі бөлімінде оқушыларды жоғарыда бөлінген топтар бойынша жұмыс істейді.
Мәселен бірінші топқа Адай ата кесеснесінің тарихы туралы. екінші топқа Отпан тау, Ұран оты тауы туралы. үшінші топқа Көк бөрі туралы әңгімелеп қорғайды.

Маңғыстау ақын-жазушыларының шығармаларын әр топ мәнерлеп оқиды.

(Сабыр Адай, Әбіш Кекілбаев, Темір Мыңжас, Ғалым Әріп, Светқали Нұржанов) Әр топ берілген тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін,біз бүгінгі тәрбие сағатынан



Не үйрендік? Не білдік?-деп оқушылардан сұралады.

Қорытынды. Мұғалім «Отпан »тарихи мәдени кешенінің салыну мақсаты ата-баба рухынан нәр алу,оларды құрмет тұту, сол арқылы өткен өмір тарихы арқылы өзіміздің тәуелсіз жаңа тарихымызды жасау. Елбасымыз Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат ,бір мүде,бір болашақ»Жолдауын халқына жария етті.Ел бірлігін,ынтымағын нығайту мақсатында маңғыстаулықтар жылда 14наурызда бүкіл қазақ және қазақ елінің этнос өкілдері Адай ата-Отпан тау кесенесінде кездеседі.Бұл Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: Мәңгілік ел» стратегиялық Жолдауын жүзеге асырудың жарқын көрінісі. «Көне де қасиетті Маңғыстауда сан қилы сын сағаттарда ұран отын жаққан,кәрі сеңгір Отпан таудың бүгінде мәңгілік отын маздатар Тағзым биігіне айналуы жан сүйсінерлік жақсылық өткенге құрмет, болашаққа деген жауапкершіліктің биік өнегесі дер едім.Бұл кешен түбі терең тарихымызды ұрпағымыздың есіне салып,жүректеріне имандылық нүрын сеуіп,ұлы мұраттарға үндеп тұратын болады.Ол сондай-ақ Маңғыстау өңіріне жолы түсетін шетелдік туристердің де арнайы іздеп барып тәу ететін қасиетті мекеніне айналады деп үміттенемін» деген Елбасы. Тарихи-мәдени мұраларды оқып үйрену-рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастырады.

«Маңғыстау  - біздің әніміз» әні хормен орындалады.

Көк байрағым көпке өзін танытты!


Көк аспан мен астасып-ақ қалыпты.
Жүрегім ғой –
Жүрегіме көрдің бе-
Күн қонақтап, Қыран ұя салыпты.
 
Желбірейді ниетіндей қазақтың.
Қазағыммен көк те жалғыз талас күн.
Бейбіт аспан
Берекесі - Әлемнің,
Үміттілер үзбей көзін санассын- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздыр!

Қорғанбай Айдарсұлу,

23 мектептің география пәнінің мұғалімі



Ақтау қаласы
Каталог: uploads -> doc -> 015c
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
015c -> Сабақтың тақырыбы: «Білімің ұшар қанатың»
015c -> Сабақтың тақырыбы: §29. Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік
015c -> Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия Сабақтың мақсаты
015c -> Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
015c -> араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «асыл сөзі» деп айтуға болады деген. Ертегілер
015c -> Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз. Мақсаты
015c -> Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет