Сабақ тақырыбы Паскаль заңы. Сұйықтық ішіндегі қысым. Қатынас ыдыс. Гидравликалық пресс. Есептер шығару



бет6/8
Дата04.08.2017
өлшемі1,03 Mb.
#22666
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8




Қосымша № 3. Тақырыптық тест тапсырмалары


Сұйықтықтар мен газдардағы қысым

Бастапқы деңгей

1

Қай күйдегі зат тек әсер етуші күш бағыты бойынша қысым түсіреді? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) Тек сұйық.

Б) Тек қатты.

В) Тек газ.



2

Сұйыққа батырылған дене тереңдігі артқан сайын денеге түсірілген қысым қалай өзгереді? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) Ұлғаяды.

Б) Азаяды.

В) Өзгермейді.



3

Биіктігі 76 см сынап бағанасы қандай қысым тудырады?

А)1013кПа.

Б)101кПа.

В)10,1кПа.



4

Төбесіне дейін толтырылған шелекке тас тастағанда судың шелек түбіне түсіретін қысымы өзгере ме?

А) Ұлғаяды.

Б) Азаяды.

В) Өзгермейді.



5

10 м тереңдіктегі су қысымы қандай? Дұрыс жауапты көрсет.

А) 10 кПа.

Б) 100кПа.

В) 1000кПа.



6

Газбен толтырылған баллон ішінен газдың жартысын шығарып жіберді. Осы кезде газ қысымы қалай өзгерді? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А)Ұлғаяды.

Б)Газ қысымы өзгермейді.

В)Азаяды.



Орташа деңгей

1

А) Неліктен велосипед доңғалағындағы қысым оны абайсызда шегемен тесіп алғанда тез төмендейді?

Б) Неліктен сабын көпіршігі шар тәріздес болады?



2

А) Неліктен қыста бөлмеден далаға шығарылған доп әлсіз үрілген сияқты болып қалады.

Б) Паскаль шарын еркін құлатуға мүмкіндік берсек одан су аға ма?



3

А) Баллоннан газдың жартысын шығарды. Баллондағы газ қысымы қалай өзгереді? түсіндіріңдер, неліктен?

Б) Жартылай толтырылған цилиндрлік ыдысқа ағаш білеуше тасталды. Ыдыс түбіне түсірілетін су қысымы өзгерді ме?



4

А) Автомобиль шинасына ауа үрлеп жатқанда бара бара ауаны үрлеу қиындайтынын қалай түсіндіресіңдер?

Б) Неліктен үлкен тереңдікке түскен жүзушінің құлағы ауырады?



5

А) Резеңке ауа шарын қыста даладан сатып алып үйге әкелді. Жылы бөлмеде үрілген шармен қандай құбылыс орын алуы мүмкін? Неліктен?

Б) Шелек түбіне түсіретін су қысымы өзгере ме, егерде суға допты салса?



6

А) Жабық ыдыстағы газ молекулаларының саны, ыдысты қыздырғанда өзгермейді. Молекулалардың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы неліктен артады?

Б) Егер ұсақкалибрлі винтовкадан қайнатылған тұқымға атса онда тесік пайда болады, ал шикі тұқымға атса ол жарылып кетеді. Осы құбылысты қалай түсіндіресіңдер?



Қатынас ыдыстар

Бастапқы деңгей

1


Кофе құйғыштарының қайсысына көп сұйық құйылады? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) №1 кофе құйғыш.

Ә) №2 кофе құйғыш.

Б) Екі кофе құйғыш та бірдей сұйық мөлшерін сыйдырады.





2

Егер шүмекті ашса бір ыдыстан екінші ыдысқа су құйыла ма? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) Құйылмайды.

Ә) Су бірінші ыдыстан екінші ыдысқа құйылады.

Б) Су екінші ыдыстан бірінші ыдысқа құйылады.



Каталог: upload -> content -> lesson
lesson -> Сабақ тақырыбы Жаңа сөздер Жалпы мақсаты
lesson -> Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы Мектеп, сынып Орал қаласы, фмб нзм, 12-сынып сабақ тақырыбы М. Әуезов «Қарагөз» драмасы Осы сабақ
lesson -> Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі
lesson -> Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет