Сабақ тақырыбы Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу



Дата03.10.2019
өлшемі40,75 Kb.
#49183
түріСабақ
Байланысты:
қмж№27
0011c1a4-c12cf687, zhanar-ak-yldy-k-yz-razrabotka-uroka-po-kazakhskom, 50 әдіс, 2 тоқ қмж№27, 2 тоқ қмж№5, 2 тоқ қмж№5, 12, HW2 Kulbayev Ulykbek, ccae5c9c-49e7-4d2d-a5d7-e50b4e73cda4, ccae5c9c-49e7-4d2d-a5d7-e50b4e73cda4, занятие 3 лабор, Мақсатыма жетемін-Брайан Трейси

Тексерілді





5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: І.Кеңесбаев

Күні: 02.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні: М.Жандарбекова

Сынып: 5 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.7 Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жай және құрама сандарды ажырата алады, көбейткіштерін таба алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады және есептер шығару барысында қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Құрама сандарды көбейткіштерге жіктеуге негізделген есеп-жаттығуларды шығара алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • жай және құрама сандарды ажырата алады;

  • сандардың бөлінгіштік біледі және қолдана отырып көбейткішке жіктейді

  • жіктеу ретін дұрыс орындайды

  • барлық көбейткіштерді өсу ретімен жазып және санның дәрежесінің анықтамасын қолдана алады.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:

  • құрaмa caндаpдың көбейткiштерін айтады;

  • бөлінгіштік белгілepiн қолдaнaды.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- кез-келген натурал санды жай көбейткiштерге жіктеуге болады;

- кез-келген құрама санды бірден басқа екі көбейткішке жіктеуге болады;

- егер сан ... цифрына аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- кез-келген құрама санды ... жіктеуге болады;

- өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі ... тең;

- өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші ... тең.
Пәнге тән лексика мен терминология:

- жай сандар;

- құрама сандар;

- өзара жай сандар;

- жай көбейткіштерге жіктеу;

- бөлінгіштік белгілері;




Құндылықтарды дарыту



Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана, ашықтық құндылықтары топта және жұпта жұмыс жасау ережелерін орындау арқылы және өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады; серіктестік – топта жұмыс жасау;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

Бастапқы білім


Жай және құрама сандар. Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 3-ке, 9-ға, 10-ға бөлінгіштігі. Дәреже. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың_жоспарланған_кезеңдері'>Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:



  • Көңіл күйлеріңіз қалай?-  Керемет (қолдарын көтереді)

  • Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?- Тамаша (алақандарын соғады)

  • Ынтамыз ше?-  Ғажап (бас бармақтарын көтереді)


«Сократ шеңбері» әдісі арқылы өткенге шолу.

Оқушылары бір –біріне қарама –қарсы қос шеңбер құрады. Ішкі шеңбер - сұрақтар қояды, сыртқы шеңбер - сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. Жай сандар

2. Құрама сандар

3. 1 саны қандай сан?

4.Дәреже негізі деген не?

5. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

6. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
Бағалау. Мұғалім оқушылардың жауабын бақылайды. Орындалған тапсырмалар бойынша мұғалім кері байланыс береді.




Сабақтың

ортасы

23 мин



Топтық жұмыс.

Оқушылар бір - біріне қарап 4-еуден бірігіп топ құрап, есеп шығарады.

№266

a:b бөліндісінің мәнін табыңдар.



1)

2)

3)

Дескриптор

Көбейту амалын дұрыс орындай алады.

2

Бөліндінің мәнін дұрыс таба алады

1

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Бір-бірінің жұмыстарына смайлик арқылы кері байланыс береді.



Сергіту сәті. «Сөз тізбегі» әдісі арқылы кез-келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады.
Жеке жұмыс.

№268


105=3*5*7 теңдігін пайдаланып, 1,3,4,5,7,12,15,20,21 және 35 сандарынан 105-тің бөлгіштерін теріп жазыңдар.

130=2*5*13 теңдігін пайдаланып, 1,2,5,10,13,24,26,31,65 сандарынан 130-дың бөлгіштерін теріп жазыңдар.



Дескриптор

Көбейткіштерге жіктей алады.

1

Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін біледі

1

Берілген санның бөлгіштерін таба алады

1


Бағалау: мадақтама

Математика 5 сынып, Атамұра 2017ж

Математика 5 сынып, Атамұра 2017ж


Сабақтың соңы
7мин

Тақырыпты қорытындылау.

1. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не? 


2. Егер құрама санның жіктелген жай көбейткіші белгілі болса, құрама сан қалай табылады? 
3. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілі бар?
Рефлексия:

«ҚҚҚ» кестесі. Бүгінгі сабақта не қиын? Не құнды? Не қызық? деген сұрақтарға жауап жазады.
Үй жұмысы. №





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуді біледі, бірақ есептегенде қателеседі, сол себепті ол оқушыларға әрбір қадамды түсінуге көмектесемін;

Қиналатын оқушыға жай сан мен құрама санды ажырата білуді үйретемін. Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттерін түсінуге көмектесемін. Дәреже түрінде жазуға көмектесемін.



Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын. Ол үшін берілген әрбір тапсырмаға бағалау критериі мен дескрипторлар құрастырып, жинаған балдарын санаймын.

1-4 – Ізденуің керек ..

5-7 – Толықтыр..

8-10 –Жарайсың !



Гигиеналық талаптардың орындалуы (таза ауа, жарық,тазалық); психологиялық жайлы ахуал

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ



« _____________ »

тобының оқушылары

1 - тапсырма.

Мәтіндік есеп

ф.б

2 - тапсырма.

«Кім жылдам?» деңгейлік тапсырма

10 балл

3 - тапсырма.

Семантикалық карта

ф.б

Қорытынды баға






































Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет