Сабақ тақырыбы: «Сүйіспеншілік өмір негізі»



бет4/4
Дата18.08.2020
өлшемі19,14 Kb.
#76296
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
сүйіспеншілік - өмір негізі 10 - 11 сынып
Документ Microsoft Office Word, сүйіспеншілік - өмір негізі 10 - 11 сынып
Талқылау сұрақтары:

  • Өздеріңіз Сара Алпысқызы туралы қандай мәліметтер білесіздер?

  • Бұл кісіні «Алтын жүректі ана» деп атаудың сыры неде?

  • Ана сүйіспеншілігінің киесі туралы қандай ой-пікір қосар едіңіздер?

  • Ананың жүрек лүпілінен қандай ғажайыптар туындайды?

  • Өздеріңіз ана болсаңыздар қандай сезімде болар едіңіздер?



  1. Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім: Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол – үлкен жүректі алыптардың ісі. Сондай адамдардың бірі де, бірегейі де – Сара Алпысқызы. Осы орайда І.Есенберлиннің «Жақсы көру – жүректің ісі, адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат. Ұлы ашылымдар болмаса да – бәрі бір адамзат өмір сүреді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.» деген сөзін айтуды жөн көрдім. Біздің Сара апамыз да – үлкен жүректі, көкірегі нұрға толы адам.

Оқушылар «Алтын жүректі ана» тақырыбына постер құрастырады (топпен жұмыс жасайды, ұсынады, оны қорғайды).




  1. Топпен ән айту

«Абзал ана»

Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі

Әні Александр Зацепиндікі

Солғанша гүлім көзде тұнып,


Ана деп ән салам.
Кетейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.
Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!

Ардақтысың есіміңмен,

Ел ана деп адам.
Жер ана деп адам,
Тербеледі бесігіңде,
Ана жан аңсаған.
Арнадым ән саған.

Қарызбыз әжім, ақ шашыңа,


Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!


  1. Сабақтың қорытынды сәті

Енді түзу де еркін отырып, көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта айтылған ғибратты әңгімелер мен өнегелі ойлардағы ізгі қасиеттерді, адамзаттық асыл қасиеттер туралы алған білімдерімізді, сабақтан алған әсерлерімізді бір сәт көз алдымыздан өткізіп, жүрегімізге терең бойлатып, әр кез жадымызда сақтайық.

«Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген: сүйіспеншіліктен туылып, сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз, махаббат Тәңір бізге берген нәрселерді сақтау үшін Сүйіспеншіліктің атымен құрыламыз, жақсылық жасаймыз, құрамыз да!» (С.А.Назарбаева) .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет