Сабақ Тақырыбы: Тәуелсіздік-тірегім! Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата29.03.2017
өлшемі58,72 Kb.
#12730
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы

«Днепропетров орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: Тәуелсіздік-тірегім!

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сағындықова Қарлығаш Ардаққызы

2015-2016 оқу жылы

Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 04.12.2015

Сыныбы: 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тірегім!

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктермен қысқаша таныстыру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту, тіл байлықтарын молайту

  3. Тәрбиелік: қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, Синкуейн әдісі, «Бас бармақ» тәсілі

Көрнекіліктері: «Тәуелсіздік» бейнежазбасы, кластер, сызба-кестелер, слайд-презентация

Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Психологиялық даярлық:

  • Балалар, бүгін біздің сыныпта Сашаның туған күні! (Сашаны ортаға шақыру)

  • Қанеки, бәріміз Сашаны құттықтайықшы. Құттықтау тілектеріңді қазақша, орысша, ағылшын тілінде жеткізулеріңе болады.

(Балалар тілектерін айтып құттықтайды)

- Балалар, сендер туған күнде жиі боласындар ма? ( Иә)

- Туған күнде қандай тәтті тамақ болады? (Торт, шоколад)

- Ендеше біз қазір сендерге шоколад таратамын. Шоколадты жейміз. Біз осы шоколадтар арқылы топқа бөлінеміз. Кімде қызыл түсті шоколад 1-топ құрамына кіреді, кімде жасыл түсті 2-топ құрамына кіреді.



  • Топқа бөліндік енді әр топ өз топ басшыларын сайлайды. (Оқушылар жауабы)

  • Балалар, мына кластерге назар аударайықшы. Кластерде нелер көрсетілген?

  • Ту, Елтаңба, Әнұран, Тәуелсіздік монументі

  • Жақсы, осы кластерге қарап қандай ассоциация берер едіңдер?

  • Қазақстан, Отан, Тәуелсіздік

  • Иа, тәуелсіздік! Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Еркін болу, азат болу, арманға қол жеткізу.

  • Балалар, біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

  • Қазақстанда.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Тәуелсіз, егемен, құқықты, дамыған.

  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы, қай күні алды?

  • 1991 жылы 16-желтоқсанда.

  • Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыз - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған қайталау сабағы. Біз өткен тақырыптарды қайталап, қорытамыз. Бүгінгі күнді жазайық.

Сабағымыздың тірек сөздері: Тәуелсіздік – независимость

Бірлік – единство

Отан – родина

1-топ: Тәуелсіздік сөзінің синонимі? ( егемендік, бостандық, азаттық )

2-топ: Бірлік сөзінің синонимі? ( ынтымақ, татулық )

Екі топқа ортақ: Отан сөзінің синонимі? ( туған жер, туған ел, атмекен)


Біз сабағымызды ойын арқылы жалғастырсақ. Ойын шарты:

  1. «Бейнежазба»

Бұл бөлімде сіздерге бейнежазбаға байланысты сұрақтар қойылады. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

  1. Мәтінмен жұмыс.

  2. «Сұрақ-жауап» Оқушылар сұрақтар құрастырады, жауап береді.

  3. Грамматикалық тапсырмалар. Грамматикалық тапсырмалар беріледі. Ойын барысында әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Мен сендерді мынадай әр түсті жұлдызшалар арқылы бағалаймын. Кім 5 жұлдыз жинайды 5 баға алады, 4 жинаса 4 баға

Бағалау парағымен таныссақ. Топ басшылары топ мүшелерін, топ мүшелері топ басшыларын бағалайды.

«Бейнежазба»

Бейнежазба ұсынылады.

Сұрақтар:

1-топқа:


  1. ҚР тәуелсіздігін қашан алды? 1991 жылы 16-желтоқсанда алды

  2. Жоңғар шапқыншылығы қай жылдары болды? 1723-1727 жылдары болды.

  3. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырлары кімдер? Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Баубек Бұлқышев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова

  4. 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген, Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы, Қазақстандық зілтемірші? Илья Ильин

  5. Қазақстан Республикасының президенті кім? Қазақстан Республикасының президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

2-топқа:


  1. 16-желтоқсан қандай мереке? Тәуелсіздік күні

  2. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? 1941-1945 жылдары болды

  3. Қазақстандық қандай спортшыларды білесіңдер? Қазақстандық спортшылар: Боксшылар-Бақтияр Артаев, Ердос Жаңабергенов, Біржан Жақыпов, Серік Сапиев, ауыр атлетикадан - Майя Манеза, Илья Ильин

  4. Жоңғар шапқыншылығына қатысқан қазақ батырлары кімдер? Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян

  5. 1989 жылы Семейдегі атом полигонын тоқтатуда «Невада-Семей» қозғалысын құрған белгілі қоғам қайраткері, ақын? Олжас Сүлейменов


Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, орыс тіліне аудару

Менің тәуелсіз Қазақстаным!

Менің Отаным –Қазақстан. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Еліміздің барлық халқы татулық пен бірлікте өмір сүреді. Біздің Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұран. Қазақстан Республикасының Ата Заңы-негізгі заң.

Астана – Отанымыздың елордасы. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 1997 жылы қала Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Қаланың ортасынан Есіл өзені өтеді. Астана тез өсіп, дамып келеді. Ол- еліміздің мақтанышы. «Астана-Бәйтерек» кешені – Астананың символы.


«Сұрақ-жауап»

Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, ағаштарға іледі

Оқушылар дайындаған сұрақтарын стикерге жазып тақтаға іледі. 1-топ сұрақтарына 2-топ жауап береді, 2- топ сұрақтарына 1-топ жауап береді



Сергіту сәтін өткізу

Грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтіннен тұрлаулы мүшелерді табыңдар.

2-тапсырма. Мәтіннен жалқы зат есімдерді табыңдар.

Осымен біздің ойынымыз аяқталды. Топ басшылары бағалау парағын толтырып, қорытынды ұпайды айтса.



Рефлексия

Синквейн әдісі

Балалар, әр топ қазір «Қазақстан» сөзіне қатысты

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

1 синоним



табуларың қажет.

Үй тапсырмасы: Отан туралы мақал-мәтелдер жазып, жаттау




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет