Сабақ Тақырып: Мен адаммын! Құндылық: дұрыс әрекет



Дата08.11.2019
өлшемі18,52 Kb.
#51399
түріСабақ
Байланысты:
5сынып

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: 11ОМГ

Мерзiмі: №8 сабақ

Тақырып: Мен адаммын!

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірім, қайырымдылық, қамқорлық

Мұғалiм: Д.С.Елмуратова

Сынып 5 «Ә,Г»

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:Оқушыларға адамның өмірлік мақсат-мұратының маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-Оқушыларға жақсылық, қайырымдылық жасаудың мағынасын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

-Оқушыларды өзіне және өзгелерге қайырымды іс жасауға, өзін кемелдендіруге баулу арқылы қамқорлық қасиетіне үйрету.

-оқушыларды жақсы адам болуға, қайырымдылыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.


2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
3.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 8 сабақ «Қарапайым адам» мәтінін сұрақ қою арқылы сұрау. 29 бет



Сұрақтар:

  • Адамды қалай тануға болады?

  • Жақсылық жасау үшін адамға қандай қасиеттер керек?

  • Қарапайым адам деп кімді айтамыз?

  • Адам жақсылықты не үшін жасайды деп ойлайсыңдар?

  • Өзіңе басқалар жақсылық жасаған кезде қандай күйде боласың?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Адам деген ардықты ат»

Халық нақылы




5.Әңгiмелеу.«Екі дос»Ел аузынан

Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

  Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбасына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:

-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.

-Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Сұрақтар:

Адал достық пен бауырмалдық дегенде нені түсінесіңдер?

Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің іс-әрекеттеріні мейірімділікке жата ма? Неліктен?

Сендер адал достарыңды бауырмыз деп санайсыңдар ма?

Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?





6.Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма Оқушылар дәптердегі «Өзімді танумен өсіп келемін» тақырыбында эссе жазады.

2-тапсырма Дәптердегі қамқорлықты көрсететін суреттерді бояп, мазмұнын айтып береді.




7.Топпен ән айту.«Адам бол, адам!»

Сөзі:Ж.Молдағалиевтікі,

Әні: Ә.Бейсеуовтікі

Ай, жұлдық аспан төсін алқалаған,

Жер - ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ-

Бәрі де саған құштар, дарқан далам.

қ/сы


Адам бол, адам!

Адам бол, адам!

Сұлу бол, адам!

Жылу бол, адам!

Биікте бол, адам!

Сүйікті бол, адам!

Сүйікті бол, адам!





8.Үй тапсырмасы.

№ 9 сабақ «Ұстаз бен шәкірт» мәтінін оқу .36 бет






9. Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет