Сабақ тың тақырыбы «білімді ұрпақ жарқын болашақ»



бет54/59
Дата02.04.2022
өлшемі168,24 Kb.
#137675
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
7 кл часы поуроч
аиг, Мұғражова М., Testy VOP Akusherstvo i Ginekologia
Бөлім: Сынып сағаты

Мектеп: КММ «№65 ЖББМ»

Күні: 22.02.22

Мұғалімнің аты-жөні: Достан Гүлжаһан

Сынып: 7 «г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.1.6 –  Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру. 

Сабақтың мақсаты

Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру. 

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу

Жаңа сабаққа дайындалады







Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут



Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. "Қарасаздан ұшқан қарлығаш"-деген өлеңінде: 
"Мен өзім жайында мынаны айтам: 
Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. 
Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ..."- деп жазған екен. 
Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: "Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз" 
Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. 
Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. 
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті; 
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы; 
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады; 
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі. 
ығармалары мен аудармалары. 
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. 







Презентация

Сабақты бекіту
25 минут



1.Мұқағалидың шын есімі? 
2.Мұқағали дүниеге келген ауыл? 
3. Мұқағалидың анасының есімі? 
4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің? 
5.Мұқағали өмір сүрген жылдар? 










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет