Сабақ тұрпаты мен түрлері Сабақты талдау. Сабақты өзіндік талдау


Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері



бет3/12
Дата07.02.2022
өлшемі95 Kb.
#82772
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
маманға көмек

2. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
- сабаққа дайындық – психологиялық мақсаттарды ең басты түсініп тану және оны жүзеге асыруда ішкі жан дүниеңмен дайындалу;
- сабақтың басы мен оның барысында өзін-өзі ұстау, билеу (жинақылық, тақырыппен ілесу және психологиялық мақсатпен ұласу, күш-қуаттылық, сабаққа қойылатын мақсаттарды жүзеге асыру, педагогикалық ізденіс)
- педагогикалық такт (пайда болу жағдайлары)
- сабақтағы психологиялық жай.


3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
1) оқушылардың ойы мен қиялының өнімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету үшін шараларды анықтау:
- оқушылардың игеретін объектілері мен құбылыстарын қабылдау жолдарын жоспарлау;
- оқушылардың нақты және тұрақты жолдарын жоспарлау;
- оқушылардың нақты және тұрақты назарларын жоспарлау;
- оқушылардың ес қабілеттерін белсендіру үшін әр түрлі жұмыс нысандарын қолдану. Олар ертеректе игерілген білімдері мен біліктерінің орнына жаңа формалар қажет (әңгімелесу, жеке сұрау, қайталау бойынша жаттығулар).

2) Оқушылардың бойында жаңа білімдер мен біліктерді қалыптастыру үрдісінде ойлау мен қиял іс-әрекеттерін ұйымдастыру:


- оқушылардың бойында білім мен біліктерді қалыптастырудың деңгейін анықтау (нақты – сезімталдық ұғымдар деңгейінде – образдарды жалпылайтын – «жаңалықтар», «қортындылар»);
- оқушылардың ойлау қабілеті мен қиялдарын ұйымдастыруда жаңаобраздарды құру, түсіністік деңгейлерін, ұғымдарды қалыптастыруда психологиялық заңдылықтарды қалыптастыруға тірек.
- оқушылардың өзіндік ойлауы мен белсенділігің қамтамасыз ететін жұмыс тәсілдерімен түрлерін жоспарлау (сауалдар жүйесі, проблемалық жағдайларды туғызу, әр түрлі деңгейдегі проблемалық- іздену тапсырмаларын орындау, есептер шешу, сабақта іздену және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өзідік жұмыстарын орындау барысында зердегілілік қиындықтарды жеңе білу оқушылардың танымдарын дамыту мақсатында тапсырмаларды қиындату);
- түсінік деңгейіне басшылық ету (суреттеуден, салыстыру, түсіндіруден, жалпылауға, бағалауға, проблемалық) және те талқылай алу мен қортындылай білу;
- оқушылардың әр түрлі шығармашылық жұмыстарын қолдану (жұмыс мақсаттарын түсіндіру, оның шарттарын орындау), сұрыптауға үйрету және материалды жүйелеу, сол сияқты нәтижелерді өңдеу және жұмысты ресімдеу).
3) Жұмыс нәтижесін бекіту:
- жаттығуларды орындау барысында дағдыларды қалыптастыру;
- ертеректе игерілген біліктер мен дағдыларды жаңа жұмыс жағдайларына ауыстыру, механикалық ауыстыруды ескерту.

4) Оқушыларды ұйымдастыру:


1) оқушылардың оқуға қатынасы, олардың өзіндік ұйымдастыру және ойлау қабілетін дамытудеңгейі.
Оқушылардың сабақта жеке, топтық және жаппай жұмыс түрлерін анықтау кезінде оқыту деңгейі бойынша топтарды құру мүмкіндігі.

5) Оқушылардың жас ерекшіліктерін есепке алу:


1) оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақты жоспарлау
2) жақсы оқитындар мен нашар оқитын оқушыларды есепке алып сабақты жүргізу
3) жақсы оқитындар мен нашар оқитындарды саралап оқыту тұрғыда қарау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет