Сабақ№1 Сыныбы 7а Күні Мақсаты: Білімділік



бет17/25
Дата25.08.2017
өлшемі2,71 Mb.
#25958
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25


3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Оңтүстік Америка елдерін аймақтар бойынша түсіндіру.

Солтүстік Америка елдері


Анд елдері.

Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили т.б. жатады.

Шығыстағы жазық елдері.

Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Аргентина т.б. жатады.

4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Оңтүстік Американың кейбір елдерінің ерекшеліктерін түсіндіру.







Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Оңтүстік Американың халқы және елдері.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Америка құрлығының физикалық-географиялық орнын қалай түсінгендерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Оңтүстік Америка құрлығын қайталаған тұлға.
Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.



Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Тест сұрақтары арқылы Оңтүстік Америка құрлығы қайталанады.


1.Оңтүстік жарты шар материктері ежелгі қандай материктің құрамында болды?

а) Пангея

ә) Гондвана

б) Лавразия

в) Оңтүстік жарты шар

2.Оңтүстік Американың жер көлемі қанша?

а) 18,3 млн. км.²

ә) 53,3 млн. км.²

б) 30,3 млн. км.²

в) 24,2 млн. км.²

3.Оңтүстік Американың аралдарының ең ірісі?

а) Гренландия

ә) Шри–Ланка

б) Мадагаскар

в) Отты жер

4.Материктің солтүстік жағалауын қандай теңіз шайып жатыр?

а) Гренланд теңізі

ә) Қызыл теңіз

б) Кариб теңізі

в) Саргасс теңізі

5.А.Веспуччидің Америкаға 2-ші саяхаты қай жылы болды?

а) 1501 ж.

ә) 1499 ж.

б) 1492 ж.

в) 1513 ж.

6.Оңтүстік Америка қандай мәдени өсімдіктердің отаны?

а) Қауын, қарбыз

ә) Бидай, арпа

б) Картоп, жүгері

в) Күріш, қияр

7.Оңтүстік Американың 1874 ж. климатының ерекшеліктерін зерттеген қай ғалым?

а) Н.И.Вавилов

ә) А.Гумбольт

б) Ф.Дрейк

в) Н.И.Воейков
8.Оңтүстік Американың ең биік нүктесі?

а) Мак–Кинли

ә) Аконкагуа

б) Джомолунгма

в) Климанджаро

9.Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі шеткі нүктесі?

а) Фроуард м.

ә) Галиньяс м.

б) Кабу–Бранку м.

в) Сент–Чарльз м.

10.Анд тауларының орталық бөлігіндегі тауаралық үстірттер қалай аталады?

а) Терая

ә) Прерий

б) Пуна

в) Сьерра

11. Мұнай, табиғи газ, тас көмір Оңтүстік Американың қай аймағында тараған?

а) Таулы үстірттерде

ә) Ойпаттарда

б) Анд тауларында

в) Теңіздерде

12.Төмендегі ауа массаларының қайсысы материкке басым ықпал етеді?

а) Арктикалық

ә) Субэкваторлық

б) Субтропиктік

в) Қоңыржай

13.Оңтүстік Американы қанша климаттық белдеу қиып өтеді?

а) 6

ә) 7
б) 3

в) 5



14.Субтропиктік климаттық белдеу қандай ендіктер аралығын алып жатыр?

а) 30 және 50º о.е.

ә) 40 және 60º о.е.

б) 30 және 40º о.е.

в) 30 және 40º с.е.

15.Гран–Чако жазығында материктегі ең жоғары температура байқалған. Ол қанша?

а) +56ºС

ә) +47ºС

б) +34ºС

в) +29ºС

16.Оңтүстік Американың өзендері қанша алапқа бөлінеді?

а) 5

ә) 4

б) 2

в) 3

17.Амазонканың қаншадан астам салалары бар?

а) 500

ә) 400

б) 300

в) 200

18.Амазонкада кездесетін жыртқыш, ұсақ балық?

а) Иния

ә) Арапайма

б) Пиранья

в) Су жыланы

19.Ориноко өзенінде орналасқан д.ж. ең ірі сарқырама қалай аталады?

а) Виктория

ә) Анхель

б) Кукенан

в) Рораймо

20.Анд тауларының тауаралық үстіртті бөлігінің өзендері қай алапқа бөлінеді?

а) Тынық мұхит

ә) Атлант мұхит

б) Үнді мұхит

в) Ішкі тұйық алап

21.Оңтүстік Америкадағы жазда кеуіп қалатын тұзды көл?

а) Маракайбо

ә) Поопо

б) Титикака

в) Амазонка

22.Оңтүстік Америкадағы ең ірі лагуналық көл?

а) Маракайбо

ә) Поопо

б) Титикака

в) Амазонка

23.Оңтүстік Американың субтропиктік дала зонасы қалай аталады?

а) Прерий

ә) Гилея

б) Пуна

в) Пампа

24.Ауыспалы ылғалды ормандарда мекендейтін әлемдегі ең кішкентай құс?

а) Тукан

ә) Колибри

б) Гаоцин

в) Тоты құс

25.Биіктік белдеулер Оңтүстік Американың қай аймағында тараған?

а) Жазықтарда

ә) Амазонка ойпатында

б) Анд тауларында

в) Бразилия

26.Оңтүстік Американың шөлейт зонасының топырағы?

а) Сұр және қоңыр

ә) Қызғылт–қара

б) Қызыл–қоңыр

в) Қызыл–сары

27.Оңтүстік Американың халқы?

а) 430 млн.

ә) 3,1 млрд.

б) 33 млн.

в) 320 млн.

28.Оңтүстік Американың байырғы халқы қанша пайызды құрайды?

а) 1 %

ә) 5 %

б) 10 %

в) 18 %

29.Гайана қай аймаққа жататын ел?

а) Анд елдері

ә) Шығыстағы жазық елдер

б) Орталық Америка

в) Оңтүстік Америка

30.Бразилия қанша штаттан тұрады?

а) 50

ә) 43

б) 22

в) 34



Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қайталау.

Сабақ№________ Сыныбы_7_ Күні
Тақырыбы: Африканың географиялық орны, жағалауындағы мұхиттар.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың географиялық орны, зерттелу тарихы, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Африканың географиялық орнымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Топтастыру.



3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Оңтүстік Америка құрлығының географиялық орны?

2. Оңтүстік Америка құрлығының климаты?

3. Оңтүстік Америка құрлығының ішкі сулары?

4. Оңтүстік Америка құрлығының табиғат зоналары?

5. Оңтүстік Америка құрлығының халқы және елдері?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Африка құрлығының шеткі нүктелерін түсіндіру.













2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африка құрлығының зерттелу тарихын түсіндіру.


Б.з.б. 600 ж.

Финикиялықтар бүкіл құрлықты айналып шыққан.

1497-99 ж ж.

Васко да Гама Африканы айналып өткен.

1849 ж.

Давид Ливингстон Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өткен.

1855 ж.

Давид Ливингстон Виктория сарқырамасын ашқан.

ХІХ ғ. ортасы

Генри Стэнли Африка көлдерін зерттеген.

ХІХ ғ. аяғы

В.В.Юнкер Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасаған.

1926-27 ж ж.

Н.И.Вавилов құрлықтың мәдени өсімдіктерін зерттеді.



3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Африка құрлығының жағалауындағы мұхиттарды түсіндіру.


Африка



жағалауындағы мұхиттар.

Атлант

мұхиты

Үнді

мұхиты

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африка құрлығының географиялық орны?

2. Африка құрлығының зерттелу тарихы?

3. Африка құрлығының жағалауындағы Атлант мұхиты?

4. Африка құрлығының жағалауындағы Үнді мұхиты?

5. Африка құрлығының шеткі нүктелері?
V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Африканың географиялық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері

Каталог: uploads -> doc -> 0fc1
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fc1 -> Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі»
0fc1 -> Сабақ Тақырыбы: Бисерден алқа тоқу «Сәндік-қолданбалы қолөнер» үйірмесінің мұғалімі: Джелдикбаева Г. С
0fc1 -> Сабақ жоспары мектеп: Өркен Мерзiмі: 24. 11 2015 жыл
0fc1 -> Біләлова Өрік Әшербекқызы кмм волошинка орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет