Сабаққа мақсат қоюдың басты міндетін анықтаңыз. Саралаудың оқу процесіндегі маңызы



бет2/5
Дата19.12.2023
өлшемі23,4 Kb.
#197620
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
копия-БОӘ емтихан сұрақтары
Адам. Сараптамалық кесет, кейс
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Ұзақ мерзімді жоспар - білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп олардың жалпы ережелерін анықтайды.
Орта мерзімді жоспар - нақты сынып бойынша пән тарауларының мақсаттары мен міндеттерін мғалім іс әрекеттері мен ресурстық қолдауды егжей тегжейлі ұсынады.
Қысқа мерзімді жоспар - сабақ жоспарының үлгісі. Біздің сабақ жоспарын жоспарлаудағы көмекшіміз болып табылады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құралған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, қысқа мерзімді жоспар жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау - бұл мұғалім мен оқушылар арасындағы кері байланыстың үздіксіз процесі. Бұл оқушылардың оқу мақсатына жету үшін одан әрі әрекеттерін түзету мақсатында оқушының жетістіктері туралы ақпарат алудың тұрақты процесі.
Жиынтық бағалау - білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау. Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) зерделеу аяқталғаннан кейін жүргізілетін бағалау түрі.



  1. Педагогикалық технология мен техника ұғымдарын, олардың оқу үрдісіндегі маңыздылығын атаңыз.

Педагогикалық ТЕХНИКА - бұл мұғалімге өзін тереңірек, нақтырақ талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жиынтығы.
Педагогикалық ТЕХНОЛОГИЯ - педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Оқытуда жспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы.(Волков И.П.)

  • Дамыта оқыту тех-сы;

  • Модульдік оқыту тех-сы;

  • Ойындық оқыту тех-сы;

  • Саралап оқыту тех-сы;




  1. Пәннің оқу бағдарламасына шолу.Оқыту процесіне негізгі тәсілдерді енгізу.

Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.
Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.



  1. Оқу бағдарламасының спиральділік қағидатын сипаттап,мысал келтіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет