Сабақта тиімді қолдану


Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар



бет6/7
Дата04.10.2020
өлшемі27,03 Kb.
#64025
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Өз іс-тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданылу жолдарына тоқталмақмын.

Менің өз іс- тәжірибемде әдебиеттік оқу сабағынан өткізгенМ.Дулатовтың «Қыс»тақырыбында өткізген сабағыма тоқтала өтейін.
Сабағымды бастамас бұрын, оқушыларымның психологиялық жағынан көңіл күйлерін қалыптастыру және олардың арасында достық қарым- қатынас орнату мақсатында түрлі көңіл көтеретін тренингтер қолдандым. Тренинг барысында көңілді әуені ойналып тұрды. «Құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім- оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс -қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс- қимылға таратылады, осылайша, негізділген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болды» деген Мерсердің ойын негізге ала отырып, оқушылардың ұйымшылдық қарым -қатынастарын жақсарту мақсатында топтарға бөлдім.Оқушыларды топқа әр түсті фишкалар арқылы бөлдім. Фишка түстес көрсеткіші бар партаға барып отырады.
Мен бұл сабақтарымды мынандай кезеңдерден құрдым:

Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтады.


1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Қысқы мезгілдегі табиғаттағы тіршілік

3.Жылқышының еңбегі


3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
«Қыс мезгілі» сөзін оқушылар қағаз бетіне түсіреді.
4-ші «Әдебиет үйірмесі»
• Шағын әңгіме «Қыс мезгіліндегі тіршілік»
• «Қызықты қыс еліне» суретті аяқта
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі -бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше .Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір- бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты.Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет