Сабақтар топтамасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған



бет4/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,64 Mb.
#27456
түріСабақ
1   2   3   4



Кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық кезең

Шаттық шеңбері

-Бүгін бізде математика сабағы. Балалар сендер үш топқа бөлініп отырсыңдар.

1 –топ дөңгелектер

2 – топ үшбұрыштылар

3 –топ шаршылар

Бүгінгі біздің сабағымызға орманнан қонақтар келіпті,

Кім бізге ортаға шығып қонақтарды таныстырады?

Олардың әр қайсысының тапсырмасы бар, орындайсыңдар ма?



Балалар шеңберде тұрып,өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.

Санмен көрсетілген аңдарды санайды

Аю,қасқыр,түлкі,бұғы,қоян,тиін

№1 аю,№2 түлкі, №3 қасқыр, №4 қоян, №5 бұғы,

№6 тиін

Орындаймыз.



Ұйымдастыру іс- әрекеті

Сергіту жаттығуы:

Рефлексивті- түзетуші




Өткен сабақты еске түсіру. Аюдың тапсырмасы № 1

  • Балалар біз қандай сандарды білеміз?

  • Кәне балалар, кім 10 - ға дейін тура және кері санап бере алады.

  • 10 санының құрамын еске түсірейік.

7+3=10

5+5=10


4+6=10




Түлкінің тапсырмасы № 2

«Көршілерін ата» ойыны

* 2 *, * 4 *,

* 6 *, * 9 *.

Әр топтың балаларына геометриялық пішіндер таратылып отырылады.

1 топ - дөңгелек,

2 топ –ұшбұрыш

3 топқа -шаршы




Қасқырдың тапсырмасы № 3

«Түсіп қалған сан» ойыны

1 2 4 5 6 7 8 9 10

Құрамын айту.


Қоянның тапсырмасы № 4
«Сандарды суреттегі заттармен сәйкестендір»

1-10 дейінгі сандармен сандарға байланысты суреттер




«Көңілді пойыз»

Бір бала паравоз,қалған балалар сандары бар вагондар.


Бұғының тапсырмасы № 5

«<», «>», «=» таңбалары

5 * 3, 7 * 7, 6 * 8



Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі

Тиіннің тапсырмасы № 6

«+»,«-»амалдарына есептер шығару.

5+2=

4-2=


8+0=

3-3=
-Балалар барлық тапсырманы орындадық па?

Неше тапсырманы орындадық?

Тапсырмалар қиын болды ма?

Әр топ өздерің жинаған геометриялық фигураларды санаймыз.

Сабақ ұнады ма?

Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың белсенді қатыстыңдар.

Барлық балалара смайликтер таратылады.

Көп геометриялық фигура жинаған топқа екі смайликтен беріледі.


1-10 сандарын танимыз.

1-2 бала тура және кері санайды.

1-4 бала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ауызша санайды

Балалар сандардың алдындағы, артындағы көршілерін атайды

2 саны.Алдындағы көршісі 1 саны, артындағы көршісі 3 саны


Балалардың жауабы:

3 саны түсіп қалыпты.

2+1, 3+0


Балалар сандарды суреттермен сәйкестендіреді.

Барлық бала қатысады.

Балалар сандарды салыстырып, ортасына таңбалар қояды.

3 бала тақтаға шығады.

Амалдарға байланысты есептер шығарады.

Алты тапсырмасын орындадық,

орындауға тырыстық.

Геометриялық фигураларды санайды,

Қабырғада ілініп тұрған смайликтерге сабақты бағалап,смайликтерге жабыстырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Өткен сандардың таңбаларын және амалдардың таңбаларына қарай орындалуын

Нені игереді:

Білімдерін кез келген уақытта дұрыс пайдалануды

Нені біледі?

Ауызша тура және кері санауды, топпен бірігіп жұмыс жасауды


Урюмова Сайраш Рахадыловна
Мектепалды даярлық сынып

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі

Мақсаты: М дыбысы және әрпімен танысу. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту;


Сөздік қорларын молайту, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, әңгіме

Сөздік жұмыс: М дыбысы кездесетін сөздер.

Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, текшелер. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».

Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-

рушы кезеңі




Сергіту жаттығуы.

Біздің топта балалар,
Тату - тәтті ойнайды
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлайды
Өтілген әріпті еске түсіру.

Д әріпі мен дыбысы.

         Доп. Доға. Дән.

 Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу.

                   Өзі жап – жас, мұрты бар,

                   Ет пен сүтке ұмтылар.

                   Тастамайды жылы үйде,

                   Түкті тонын шұп – шұбар. (Мысық)

         - «Мысық» деген сөзде бірінші қандай дыбыс  естіледі ?



         - М дыбысы.

-Мынау ненің суреттері?( мысық, маймыл, алмұрт,бағдаршам)



Ойын: «Ыстық доп» М дыбысына келетін адамдардың аттарын ойлау. (Марат, Майгүл, Мұрат, Маржан т.б.)

  Әліппе – дәптермен жұмыс.

Әліппе – дәптердегі суреттерді қарап, заттың атын атайды, буындарға бөледі (қол шапалақтап).

 Д/о: «Дыбыстың сөздегі орнын тап»         



Көрнекілікпен жұмыс.

Бір буынды, екі  буынды сөздерді оқу.

Дыбыстық талдау жасату.

Пеш үстінде мысық отыр

Екі көзін қысып отыр

Тышқан етін жегісі кеп

Тісі оның қышып отыр



М дыбысын ауа арқылы жазу.

М дыбысының әрпін жазбаша түрде жазып үйрену.

Балалар бір-біріне жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлайды.
Өткен сабақты қайталайды.

Жұмбақ шешеді.

Сөздің басында, сөздің ортасында, сөздің аяғында
Балалар адам аттарын айтады.

Балалар сөздерді буынға бөледі.


Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.


Балалар сергіту сәтін орындайды.

Жұмбақ шешеді.

Сөздерді оқиды.

Дыбыстық талдау жасайды.

Ауада жазады.

Дәптерге жазады.



Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

 Таяқшалармен жұмыс. Таяқшалардан М әрпін құрастыру.

         «Құмда» бар да, «суда» жоқ,



«Менде» бар да, «сенде» жоқ

            Қай  әріп ?    («М» әрпі)

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.



Балалар таяқшалардан М әрпін құрастырады.

Өзін-өзі бағалау.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: М м дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.

Игеруі керек: Дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуды, М дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді.

Меңгеруі керек: сұраққа жауап беруді, жазбаша түрде жазуды меңгерді.

Урюмова Сайраш Рахадыловна
Мектепалды даярлық сынып

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу



Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.

Мақсаты: 1. Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.

3. Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.

Сөздік жұмыс: қарлығаш, тоқылдақ, балапан, торғай, қараторғай және т.б.

Көрнекіліктер: АКТ, суреттер, дала құстары, үй құстары



Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.



1.Балалар жақсы көңіл күймен амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

Сергіту жаттығуы:

Жұмбақ жасыру:

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады (Қарлығаш)
Сирағы ұзын

Тырнағы ұзын

Балықты сүзбей

Ұстайтын шоқып

Тұмсығы біздей (Тырна)
Өз атын өзі шақырады

Сөйтіп күнді батырады (Көкек)

Дұрыс айтасыңдар, бұлардың барлығын не деп атаймыз?

Құстар дала және үй құстары болып бөлінеді


Дала құстарын кім айтады? (Слайд №1,2)

Сонымен қатар ұшпайтын құстарда болады, олар пингвин және түйеқұс (Слайд №3 )

Құстардың ұяларымен танысайық

( Слайд №4 )


Үй құстарын кім атайды? ( Слайд №5 )
Олардың қандай пайдасы бар?

Құстардың суреттерін көрсетіп, олардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Құстардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Олардың табиғатты қорғаудағы рөлі туралы айтып өту. Құстар бау-бақшаны зиянды құрт-құмырсқада тазартады. Осыған байланысты адамдар да құстарға қамқорлық жасайды. Құстарға ұя жасайды, жем шашады.


Кәне қанат қағайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық,

орнымызға қонайық

Қарлығаш боп ұайық,

торғай болып қонайық

Сауысқан боп секіріп,

тоқылдақ боп шоқиық

Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізіледі.

Құстар туралы мақалдарды оқып, мағынасын ашу.


Тырна көлге қонады,

Ара гүлге қонады.


Қыран құс құз-қиянын сағалайды,

Болар бала ізгі істі сағалайды.

Д/о «Өз мекеніне орналастыр»

( Слайд №6,7 )

«Дауысынан таны» дидактикалық ойыны. ( Слайд №8)

Мақсаты: Құстардың дауысы шығады, қандай құстың дауысы екенін ажырату керек



Жұмбақты шешеді,қарлығаш, тырна,көкек

Әңгімелерді тыңдайды, түсінеді.

Құстар

Әтеш, тауық, күркетауық, үйрек

Сауысқан, торғай, бүркіт, қарға,үкі, аққу

Құстардың пайдасын айтады.


Әліппе-дәптермен жұмыс жасйды. Тапсырмаларды дұрыс орындауға талпыныс жасайды.

Балалар мақалды қайталайды.

Ойынға барлық бала белсенділік таныта қатысады. Мысалы: Аққу- мойыны ұзын, қауырсындары аппақ немесе қара құс. Ол- өте әдемі құс. Суда жүзеді.



Қорытындылау.


1.Қандай құстар адамға жақын жүреді?

2.Құстар немен қоректенеді?



Белсенді қатысқан балаларға смайликтер тарату

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымының қалыптасуы.

Білуі тиіс: үй құстары мен дала құстарын

Түсінігі: құстардың тіршілігі, немен қоректенетіні туралы

Көрсете білуі: құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет