Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет4/97
Дата05.12.2016
өлшемі8,99 Mb.
#3210
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жұмбақ айтыс

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік:  Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.

Тәрбиелілік:  Жаңа сабақпен байланыстыра отырып, батылдыққа, шыншылдыққа, орнықтылыққа тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеу білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық дамуына әрекет ету, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушының ой- түйінін білім мазмұнына әкелу.


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ Айтыс– айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.

Мағынаны тану

Сапарғали мен Нұржан

Сапарғали:
Мен көрдім неше жүйрік даналарды,
Байқауға ойладың ба шамаларды.
Жұмбағыма қайтарса дұрыс жауап,
Біз де сынап қарайық балаларды.
Нұржаным, білдірейін сізге тағы,
Құс көрдім өзі жансыз, бір аяғы.
Теңізде салған жолы сайрап жатыр.
Байыппен ойлап тапшы мұны дағы.
Нұржан:_Сапеке,_айтқаныңды_қазір_табам,_Жансыз_құс_бір_аяқты,_мұның_–_қалам._Теңіз,_мысал,_қағаз_ғой,_жолың_–_жазу,_Жұмбағың_осыменен_болсын_тамам._Сапарғали'>Нұржан:
Сапеке, айтқаныңды қазір табам,
Жансыз құс бір аяқты, мұның – қалам.
Теңіз, мысал, қағаз ғой, жолың – жазу,
Жұмбағың осыменен болсын тамам.
Сапарғали:
Мен көрдім бір теңізде темір қайық,
Әр пенде пайдаланар көріп лайық.
Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді ризықтанып барша халық.
Нұржан:
Дастарқан – теңіз, мысал, қайық – поднос,
Бұл күнде әмбе халық қойған ықылас.
Шыныаяқ – түндігі жоқ үй дегенің,
Әр пенде ризықтанып ішпей ме ас.
Сапарғали:
Бір нәрсеге өзі жансыз, аяғы жоқ.
Су менен шөптен басқа тамағы жоқ.
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп.
Нұржан:
Шәйнектің ұқсатамын сияғына,
Су мен шай мысал қылды тамағына.
Ішіп шайды, қақпағын алғаннан соң,
Шамбасы ұқсамай ма жабағыға.

Ой толғаныс

1-топ

Жұмбақ айтыс құрастыру

2-топ

Қыз бен жігіт айтысы



3-топ

Айтыс туралы мәліметтер жинақтау



Үйге тапсырма

Жұмақ айтысты жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қамбар батыр (жырынан үзінді)

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.

2. Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері

екендігін оқушыларға ұғындыру

3. Адал және шыншыл болуға тәрбиелеу.

Caбaқтың мaқcaты Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру

Күтiлетiн нәтиже Тапсырмаларды түсініп тиянақты өз нәтижесінде орындай алады.



Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл нұсқасын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев нұсқасы тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. 

Мағынаны тану

Қамбар батыр жырынан үзінді. 
Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады
Ой қозғау:
Енді “Қамбар батыр” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Батыр сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Қамбар батыр жыры туралы айтып,суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. 

Оқулықпен жұмыс


Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) “Қамбар батыр” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v,–) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін. 
Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын. 
-Жыр кімнің атынан баяндалған?
-Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.
Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. 
Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі
• Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады
Түciнy үшiн тaпcыpмa
Дәптеpмен жұмыc
1.Сөздік жұмыс жүргізу
Оқушылар батырлық туралы өз ойларын ортаға салады.

Оқулықтағы тапсымаларды орындау.



Ой толғаныс

Қамбар Батыр – қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың 19 нұсқасы белгілі. Қамбар туралы сюжетті (жыр желісін) алғаш жазып алған Л.Мейер оны«Киргизская степь Оренбургского края» (1865) атты журналда бастырған. Бұл Қамбар оқиғасын Сыр бойындағы Алтыасар тарихымен байланыстыратын аңыз үлгісі.Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» (1888), Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» (1903) деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарияланған.

  • 1902 ж. Әбубәкір Диваев жазып алып, 1922 ж. Ташкентте бастырған.

  • 30-жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезовтер жариялап, 1957 ж. жеке жинақ болып шыққан. Қазақ даласының әр түрлі аймақтарынан жазылып алынған жырдың өзіндік ерекшеліктері бар.

«Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады. Назымның ағалары – Қораз, Дораз, Қарымсақ, Қабыршақ – дара мінез иелері. Бұл кезде Қамбар да ер жетіп, елін асырап отырған батыр тұлғасында көрінеді. Эпостағы этникалық мәліметтер оның оқиға суреттелетін кезеңнен кейіндеу туғанын аңғартады. Жырда қазақ халқының тарихи жауы – қалмақ, кейінгі этникалық бірлестік – ноғайлы атауларымен бірге қазақ этнонимі де жиі кездеседі. Қамбардың шыққан тегіне қатысты — уақ, «Ноғайлының Қамбары», Назымның әкесі Әзімбайға келгенде – «12 баулы өзбек» тіркестері қолданылған. Жыр сюжетінің алғаш аңыз түрінде туып, бері келе эпостық үлгіге ауысқаны аңғарылады. Ондағы көптеген ономастикалық атауларға қарап, Әуелбек Қоңыратбаев «Қамбар батыр» сюжетінің кейбір нұсқалары Сыр бойында туған деген тұжырым айтады. Кезінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Н.Смирнова, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдар зерттеп, пікір айтқан.

Үйге тапсырма

Қамбар батырдың суретін салу,ол туралы мәліметтер жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0b71
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b71 -> Ашық сабақ: Орал, 2016. Ожббм №45
0b71 -> Сабақ Пәні: Информатика Сыныбы: 6 «Б» Тақырыбы: Алгоритм түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет