Сабақтың атауы Зат есім, Менің отбасым Мақсаты



бет15/48
Дата18.03.2017
өлшемі9,86 Mb.
#12008
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48



Пәннің аты

Сабақ 37

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ас дәмді болсын! Денсаулық

Мақсаты

Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т.Сабақтың түрі: Тақырыпты түсініп оқуына орай ойын толық жеткізуге ,ауыз-екі сөйлеуге, тілдік қорлары дамыйды

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Жұмбақ
Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ:
Ж


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.



Мағынаны тану

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?

Оқушылар: Денсаулық

- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі

бақытты."



Кім тапқыр" Сөз жұмбақ ойынын ойнау
Мәтінмен жұмыс

«Денсаулықтың он құпиясы» атты мәтінмен жұмыс істеу оқушылардың денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызығушылықтарын арттырады.

Мәтінде айтылғандай денсаулық тек тән саулығына ғана байланысты емес, денсаулықты сақтаудың бірқатар құпиялары бар. Оқушылар мәтіндегі адамды тән саулығы мен жан тазалығына жеткізген денсаулықтың он құпиясымен, яғни ақыл-ой, тыныс алу, шынығу, күлкі, демалу,тұлғаны түзу ұстай білу, таза қоршаған орта, сенім, сүйіспеншілік күші екенін біледі. Мұғалім оқушылармен бірге берілген сұрақтарға жауап іздестіре отырып, денсаулықтың әр құпиясының мәнін жеке-жеке таратып, талдау жүргізіп, өз ой қорытындыларын шығарады.
.Сөздік жұмысы

Өткен сабақтағы өткен сөздерді «Қарлы кесек» әдісі бойынша сұраймын



Жаңа сөздер:

Сүйікті – любимый

Ащы –острый, горький

Балық орамасы – рыбный рулет

Лағман – лагман

Палау – плов

Балық тағамы – рыбные блюда

Теңіз тағамы – морепродукты

Сұрақтар қоямын:

Сенің сүйікті тағамың қандай?

Сен қандай тамақты жейсің?

Саған ащы тағамдар ұнай ма?

Саған балық тағамдары ұнай ма?

5.Мәтінмен жұмыс жасау.

Менің сүйікті асым

Қазақ халқының ұлттық тағамдары көп. Олар: ет тағамдары, сүт тағамдары, нан тағамдары. Маған бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ ұнайды. Менің сүйікті асым – қуырдақ. Қуырдаққа ет, пияз, бұрыш қосады. Менің анам қуырдақты дәмді етіп пісіреді.



. Мәтінді толықтыру.

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді өздеріне қойғызу.

Менің сүйікті асым

Қазақ халқының ................................ көп. Олар: ......................, ........................, .......................... Маған ........................., ....................., ......................... ұнайды. Менің сүйікті асым – ..................... Қуырдаққа ..........., ................., ................ қосады. Менің анам ..........................дәмді етіп пісіреді.





Сергіту сәті

Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Денсаулықтың құпиясын іздеудің мәні неде?

Денсаулықты ақыл оймен байланыстырудың себебі неде?

Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіндер?

Денсаулықты сақтаудағы сенім күшінің қажеттілігі неде?



Сүйіспеншіліктің денсаулыққа әсері қалай?


Үйге тапсырма

Дене мүшелерін оқу,жазу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0519
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0519 -> Сабақтың тақырыбы : Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
0519 -> Семей қаласы. №47 жалпы орта білім беретін мектептің Қазақ тілі мен әебиеті пәнінің мұғалімі
0519 -> Бағдарламасы Амангельді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет