Сабақтың жоспары



бет2/9
Дата05.02.2022
өлшемі254,04 Kb.
#17931
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Үй тапсырмасын сұрау: 1.Целлюлоза мен крахмалдың арасында қандай айырмашылықтар бар?

2. Целлюлозаның қасиеттерін айтып беріңіздер.
3. Целлюлоза қайда қолданылады?
4. Көмірсулардың адам тіршілігіндегі маңызы қандай?
III. Жаңа сабақ: Аминдер дегеніміз- аммиак (NH3) молекуласындағы бір,екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.
Аминдер аммиак (NH3) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді:

Біріншілік
R-NH2

Екіншілік


R2
NH
R2



Үшіншілік


R1 – N – R2

R3

CH3 – NH2 C H3 СН3 – N – CH3
метиламин NH
C2H5 C2 H5

метилэтиламин диметилэтиламин



  • NH2 тобы – амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.

Мысалы,
СН –NH2 метиламин немесе аминометан

СН3 – СН – СН3

NH2
Изопропиламин немесе 2- аминопропан


Изомериясы: Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериясы болады.

1.Көміртек тізбегі изомериясы.


H3C


H3C C – NH2
H3C

H3C – CH – CH2 – CH3



NH2

H3C – CH2 – CH2 – CH2 – NH2



2.Амин тобының орналасуы бойынша


біріншілік, екіншілік, үшіншілік
деп бөлінеді.
CH3 – H2C – N – CH2 – CH3

H
CH3 – N – C2H5

CH3




C4H11N



Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар.Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.
Химиялық қасиеттері: Көптеген химялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды.

  1. Ауада жануы:

4CH3 – NH2 + 9O24CO2 + 10 H2O + 2N2

  1. Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінін көреміз.

Н H +
. .


СН3 – N : + Н+ ОН-  СН3 – N – H OH
. .
Н
H
CH3 – NH2 + H2O  [ CH3NH3] +OH-
метиламин метиламмоний
гидрооксиді



  1. Қышқылдармен әректтесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы).

CH3NH2 + HCl  [CH3NH3]+ Cl
Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды.


IV. Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:

  1. § 27. Аминдер. 127-128 беттер;

  2. Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?

Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады ? Мысал келтіріңіздер.
3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.
V. Қорытындылау: Аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдерді аминдер деп атайды. Олар: біріншілік, екіншілік, және үшіншілік болып жіктеледі.
Сабақтың жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: § 28. Аминқышқылдары.
Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушыларға аминқышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру

    2. Дамытушылық: Аминқышқылдарының кейбір өкілдеріне назар аудартып, тереңдете түсу.

    3. Тәрбиелік: Білім алуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Лекция , түсініктемелік конспект жазу.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика
Сабақтың жабдығы:
1. Қ.Н. Сақариянова, М.Б. Усманова, Б.Н. Сахариева, Р.С. Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.
2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.
3. Кожарева М.Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.
II. Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?


2. Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады. Мысал келтіріңіздер.
3. Не себепті аммиакқа қарағанда метиламиннің негіздік қсиеті басым болады?
4. Қандай қасиетіне байланысты органикалық негз деп аталады?
5. Анилинді алу реакциясы қалай аталады?
III. Жаңа сабақ: Аминқышқылдары дегеніміз – молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын заттар.
Жалпы формуласы: (NH2)m R (СООН)n
n, m – көбіне 1-ге немесе 2-ге тең болады.
Аминқышқылдары құрамындағы:
а) Функционалдық топтардың санына қарай жіктеледі:

NH2 – R – COOH; (NH2)2 – R – COOH NH2 – R – (СООН)2


моноаминдикарбон диаминмонокарбон моноаминдикарбон
қышқылы қышқылы қышқылдары
ә) амин тобының орналасуына қарай жіктеледі:

О
y B L //


Н3С – Н2С – НС – С
\
NH2 ОН
L – аминқышқылы
О
y B L //
Н3С – Н2С – НС – С
\
NH2 ОН
B – аминқышқылы
О
y B L //
СН2 – СН2 – СН – С
\
NH2 ОН
y – аминқышқылы

Біздің қарастырғанымыз құрамында бір амин тобы – NH2 және бір карбоксил тобы - CООН бар қарапайым, қаныққан қатардағы аминқышқылдар. Оларды молекула құрамындағы радикалдың сутек атомының біреуінің орнын – NH2 амин тобы басқан карбон қышқылдары деп қарауға болады. Аминқышқылдары тарихи қалыптасқан жүйе бойынша атау үшін карбоксил тобынан кейінгі көміртектен бастап, грек әріптерімен белгілейді де, сол әріптердің көмегімен амин тобының орнын көрсетеді.


Одан басқа табиғатта кездесетін түрлерінің тривиалдық атаулары да болады. Мысалы: NH2CH2 – COOH – глицин қышқылы (аминсірке қышқылы) (11- кесте)

Амин қышқылдарының кейбір өкілдері





Қышқылдардың аты

Формуласы

Аминсірке
Аминпропион
Аминмай
Аминвалериан
Аминкапрон
Аминэнант

H2N – CH2 – COOH
H2N – CH2 – CH2 – COOH
H2N – CH2 - CH2 – CH2 – COOH
H2N – CH2 – CH2 – CH2 - CH2 - COOH
H2N – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – COOH
H2N – CH2 – CH2 – CH2 –CH2 – CH2 – CH2 – COOH

Бұларда класс ішінде изомерияның екі түрі: көміртек тізбегі және функционалдық топ орынына байланысты изомериясы болады.Осыған қоса класаралық изомерлер де түзеді.Оның өзі радикалдардың орналасуына қарай түрленеді.Мысалы:
а) көміртек тізбегі изомері:
б y B L
Н3С – Н2С – СН – CН2 - СООН
NH2

B – аминвалериан қышқылы


NH2


y B L
H3C – C – CH2 - COOH

CH3


B амин - B – метилмай қышқылы

ә) орынбасушылар орнына байланысты изомер:


y B L
Н3С – СН – СН - СООН
NH2 CH3
B – амин – L – метилмаймай қышқылы

б) класс аралық изомер:


О
B L //
Н3С – СН – С
\
ОСН3
B – аминпропион қышқылының
метил эфирі

О
//


Н2С - С
\
NH2 ОС2Н5

Аминсірке қышқылының этил эфирі


Аминқышқылдарын алу.
Практикада аминқышқылдарын көбіне белоктарды гидролиздеу арқылы алады, ал қоспадан бөліп алу үшін хромотаграфия әдісі қолданылады. Синтездік алыну әдісі органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысқа негізделген:
СН3СООН + Сl2  СН2 – СООН + НСl

сірке қышқылы Сl


хлорсірке қышқылы

СН2 – СООН + NH3  CH2 – CОНН + НСl


Cl NH2
хлорсірке қышқылы аминсірке қышқылы


Физикалық қасиеттері. Аминқышқылдыры – суда еритін түссіз кристалл заттар, балқу температурасы 230-300°С. Көпшілік B – аминқышқылдарының дәмі тәтті болады.


Химиялық қасиеттері: Аминқышқылдарында екі түрлі функционалдық топтар болғандықтан, химиялық қасиеттерін төмендегідей жіктеп қарастырамыз:

H2N

COOH

– R –



Негіздік қасиеттер (аминдерге тән)


Қышқылдық қасиеттер
(карбон қышқылдары тәрізді)





Негіздік қасиеттер (аминдерге тән)



  1. Негіздермен әректтесуі (қышқыл ретінде):

Н2С – СООН + NаОН Н2С – СООNа + Н2О


NH2 NH2

аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының


(глицин) Na тұзы, Na-дің глицинаты



  1. Қышқылдармен әрекеттесуі (негіз ретінде):

+
O
//
Н2С – СООН + Н+Cl-  H2C – C Cl -
\
NH2 NH3 OH

аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының


(глицин) хлориді (тұз)

Сөйтіп аминқышқылдары екі жақты қасиет көрсететін органикалық екідайлы қосылыстар.



  1. Ортаның ( қышқыл немесе сілті) өзгеруіне байланысты аминқышқылдарының молекуласы ионданады:

O O O
// OH- // OH- //


+Н3N – CH – C NH3+ - CH - C H2N - CH - C
\ H+ \ H+ \
OH R O- R O-
қышқыл орта бейтарап орта сілтілік орта

Егер амин тобы мен карбоксил топтарының саны тең болса, онда аминқышқылдары бейтарап орта көрсетеді, егер біреуінің саны көбірек болса, онда ондай аминқышқылдарының ортасы да фунуционалдық топтың түріне қарай негіздік немесе қышқылдық болады.





  1. Аминқышқылдары өзара әректтесіп, петидтер түзеді:

R – CH – COOH + R1 – CH – COOH 


NH2 NH2


_ _ _

R – CH – C – N – CH – COOH + H2O


_ _ _
NH2 R1
пептидтік (амидтік) байланыс
Аминқышқылдары өзара әректтескенде түзілген:

О H


С N
байланысы пептидтік немесе амидтік байланыс деп аталады. Түзілген қосылысты бірінші қышқылдың тривиалдық атына –ил- жұрнағын жалғап, соңғысын сол қалпында қосып атайды.
Түзілген затта амин және карбоксил тобы болғандықтан, ол екі жағынан тағы да аминқышқылдарын қосып алады. Осындай реакция нәтижесінде көп аминқышқылды буындары бар молекулалар түзіледі. Олар полипептидтер деп аталады.
Аминқышқылдарының маңызы. Аминқышқылдары адам және жануарлар организмінде белоктың құрамына кіретін тіршілік үшін аса маңызды заттар.Бұл мақсат үшін аминқышқылдарын тікелей тағамнан алады немесе организм өзі синтездейді. Осыған байланысты аминқышқылдары екі топқа бөлінеді:

  1. алмасатын аминқышқылдары- адам организмінде синтезделеді. Оған: глицин, аланин, глутамин, серин, аспарагин, тирозин, аргинин, пролин жатады.

  2. алмаспайтын аминқышқылдары- саны – 9. Адам организмінде синтезделмейді, жануар текті белоктары бар тағам арқылы қабылданады. Оған. Валин, лейцин, фенилаланин, изолейцин, лизин, треонин, метионин, гистидин, триптофан, цистейн жатады.

Белоктың құрамына кіретін аминқышқылдарының жалпы формуласы:



R – CH – COOH


NH2



Осы кезге дейін белок құрамынан 20 шақты L - аминқышқылдары табылған. Олар тіршіліктің негізін құрайтын заттар.


IV. Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет