Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру



бет6/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №24, №25, №26
Өздіктерінен: №28
Қорытынды

Цилиндрдің жазбасы қандай фигура болады?

Цилиндрдің бүйір бетінің формуласы?

Цилиндрдің толық бетінің формуласы?


V. Үйге тапсырма беру: §5, т 5.3, №, сұрақ 1-5, №20-21

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған призмалар.

Мақсаты:

  1. Цилиндрге іштей және сырттай сызылған призмалармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Цилиндрдің жазбасы қандай фигура болады?

Цилиндрдің бүйір бетінің формуласы?

Цилиндрдің толық бетінің формуласы?


Жаңа тақырып
Цилндрге іштей сызылған призма деп табан жазықтықтары – цилиндрдің де табан жазықтықтары, ал бүйір қырлары цилиндрдің жасаушылары болып табылатын призманы атайды.

Цилиндрге жанама жазықтық деп цилиндрдің жасаушысы мен осы жасаушыны қамтитын осьтік қимаға перпендикуляр жазықтықты айтады

Цилиндрге сырттай сызылған призма деп табан жазықтықтары – цилиндрдің де табан жазықтықтары, ал бүйір жақтары цилиндрге жанасатын призманы атайды
Есептер шығару

31, №32, №33




Қорытынды

Цилиндрге іштей сызылған призма деп қандай призманы атайды?

Цилиндрге жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?

Цилиндрге сырттай сызылған призма деп қандай призманы атайды?


Үйге тапсырма беру: §5, т 5.4, №, сұрақ 1-5, №20-21

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Конус - айналу денесі. Конустың жазықтықпен қимасы.

Мақсаты:

  1. Конус және конустың қималары туралы ұғыммен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру таныстыру

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Цилиндрге іштей сызылған призма деп қандай призманы атайды?

Цилиндрге жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?

Цилиндрге сырттай сызылған призма деп қандай призманы атайды


Жаңа тақырып
Конус деп дөңгелектен – конустың табанынан, бұл дөңгелектің жазықтығында жатпайтын нүктеден конустың төбесінен және конустың төбесін табанындағы шеңбердің нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған денені айтады.

Конустың төбесін табанындағы шеңбердің нүктелерімен қосатын кесінділер конустың жасаушылары деп аталады.

Егер конустың төбесін табанының центрімен қосатын түзу табан жазықтығына перпендикуляр болса, онда оны тік конус деп атайды.

Конустың биіктігі деп оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды.

Конустың төбесі арқылы өтетін жазықтықпен қиғанда қимада бүйір қабырғалары конустың жасаушылары болып табылатын, тең бүйірлі үшбұрыш шығады.

Конустың табан жазықтығына параллель жазықтық конусты дөңгелек бойымен, ал бүйір бетін центрі конустың осінде жататын шеңбер бойымен қиып өтеді.


Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №8, №9, №10
Өздіктерінен: №11
Қорытынды

Дөңгелек конус, конустың төбесі, конустың жасаушысы, конустың табаны, конус бүйір беті деген не?

Конустың биіктігі, конустың осі, конус осьтік қимасы деген не?

Тік конус деп қандай конусты айтады?


Үйге тапсырма беру: §6, т 6.1-6.2, №, сұрақ 1-5, №12, №13
Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___

Тақырыбы: Конустың жазбасы мен бетінің ауданы.

Мақсаты:


  1. Конустың жазбасы мен бетінің ауданының формуласымен таныстыру. Формуланы пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Дөңгелек конус, конустың төбесі, конустың жасаушысы, конустың табаны, конус бүйір беті деген не?

Конустың биіктігі, конустың осі, конус осьтік қимасы деген не?

Тік конус деп қандай конусты айтады?


Жаңа тақырып
Конустың бүйір бетінің ауданын

S=C=
Каталог: uploads -> doc -> 0cf3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf3 -> Сабақ жоспары сабақ: Дүниетану
0cf3 -> Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
0cf3 -> Сабақ жоспары. Көңілді старт


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет