Сабақтың мақсат-міндеттері: Оқытушылық



Дата22.06.2017
өлшемі115,81 Kb.
#19622
түріСабақ
Сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сынып: 5 Ә

Күні: 16.11.2011

Тақырыбы: Қола дәуірінің қоныстары

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық – Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызды, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру. Тәрбиелік – Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің арқасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін ұғыну.

Дамытушылық – Қола дәурінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы мен ерекшелігін ашып көрсете білу, картинаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас дәстүрлі

Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, сұрақ-жауап, кесте, салыстырма тапсырмалары, тірек-сызба, баяндау (әңгіме, диалог).

Көрнекілік: қосымша мәліметтер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Қола дәуірі және оның ерекшеліктері.


Қола дәуірі б.з.б. ІІ-І мыңжылдықтар арасын қамтиды.

Қалайы+мыс= қола металы алынды.


Қола дәуірі тарихи кезеңге бөлінді:

Нұра кезеңі Атасу кезеңі Беғазы-Дәндібай кезеңі
Ерекшелігі:


  1. Рулық қатынастар ыдырап, тайпалық бірлестіктер пайда бола басталы;

  2. Металл қорту кең етек алды;

  3. Мал шаруашылығы дамыды оның ішінде көшпелі мал шаруашылығы;

  4. Егіншілік дамыды;


Тапсырма: «Салыстыру»


Қола дәуірінің мәдениеті:




Андрон мәдениеті

Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Табылған жері:

Оңтүстік-батыс Сібірдегі Ачинск қаласы маңынан Андронов қонысынан

Орталық Қазақстаннан

Зертелген жылы

1914ж

1946ж

Зерттеген ғалым




Ә.Х.Марғұлан

Табылған қорған обалар саны

150-ден аса

50-ден аса қорған

Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын жетіліп отырды. Өндірісті игеру тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытындысын пайдаланған. Осындай табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар: біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер энеолит дәуірінен кездеседі. Ал тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қола дәуірінде басталды.

Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді, ол негізінен мыс пен қалайының қосындысынан алынады. Металл кеніштер қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында, қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтпаевтың есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Шығыс Қазақстанда нарым мен қалба кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.

В) Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.

Адам табиғи мысты пайдаланудан біртіндеп оны қорытуға көшті. Пешті жоғары температураға дейін жеткізе қыздыра алды. Онда кенді балқытты. Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы қола өндіруді үйренді. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болып келді. Қоладан жасалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын бірітіндеп ығыстырды. Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп аталады.



ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Қола дегеніміз не, қандай металдардың қоспасы?

В) Қола дәуірінің ерекшеліктері?

С) Қоладан жасалған еңбек құралдар қашаннан бастап қолданыла бастады?

V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен адамзат тарихындағы тағы бір кезең – қола дәуірін қарастырдық. Қола дәуіріндегі жаңалықтар: матриархатттың құлап, патриархаттың орнауы, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері туралы жаңа мағлұматтар білдік.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.

Сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сынып: 5 Б

Күні:


Тақырыбы: Ежелгі адамдардың өмірі және Қола дәуіріндегі қазақстан
Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық – Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызды, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.

Тәрбиелік – Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің арқасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін ұғыну.

Дамытушылық – Қола дәурінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы мен ерекшелігін ашып көрсете білу, картинаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас дәстүрлі

Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, сұрақ-жауап, баяндау (әңгіме, диалог).

Көрнекілік: қосымша мәліметтер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабаққа оқушының назарын аудару

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Андронов мәдениеті. Шаруашлығы мен кәсібі.

Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андронов мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Андроново деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті «Андронов мәдениеті» атанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. Олардың кейбірін ертедігі алғашқы қалалар деуге келеді. Мысалы, қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар қола дәуіріндегі қалаға ұқсатады. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы Петровка мен Боголюбов қоныстары орлармен және дуалдармен қошалған. Сондай-ақ ғалымдар Орталық қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.

В) Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Беғазы мәдениеті мен Андронов мәдениетін салыстырындар?

В) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

С) Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле?

V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен адамзат тарихындағы тағы бір кезең – қола дәуірін қарастырдық. Қола дәуіріндегі жаңалықтар: матриархатттың құлап, патриархаттың орнауы, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері туралы жаңа мағлұматтар білдік.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.

Сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 6

Күні:

Сабатақырыбы: Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Білімдік – Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы, мәдениеті, саяси тарихы және т.б. деректермен таныстыру.

Тәрбиелік – Беғазы-Дәндібай мәдениетінің өркениетке қосқан үлесін анықтау, оқушының отаншылдыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық – Қола дәуірі тайпаларының мәдениетін салыстыра отырып, ортақ белгілерін, айырмашылығын тани білуге, картамен жұмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: Аралас

Әдісі: Өзбетімен оқу,талдау
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Шаруашылығы мен кәсібі.

Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Беғазы мәдениеті мен Андронов мәдениетін салыстыр?

В) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

С) Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле?

V. Қорытындылау. Біз бүгін адамзат тарихындағы тағы бір кезең – қола дәуірін қарастырдық. Қола дәуіріндегі жаңалықтар: матриархатттың құлап, патриархаттың орнауы, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері туралы жаңа мағлұматтар білдік.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.
Сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 6

Күні:

Сабақ тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы-өнімді шаруашылық

Білімдік-Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы және оның өнімді шаруашылық екенін түсіндіру

Тәрбиелік- Оқушының Ізденімпаздыққа, Ұқыптылыққа, Еңбекке баулу

Дамытушылық-Оз ойын толық айта білу дағдысын дамыту.

-Жаңа сабақты меңгерту

-Үй тапсырмасын тексеру

-Сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ: Қазақстан даласында шамамен б.з.б 2 мыңжылдық соңында егіншілікпен шұғылдану пайдасыз екені белгілі болды.Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуға мүмкіндік бері.

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді.Малшылар: Жылқы,түйе, қой, сиыр ұстады.


Бекіту сұрақтыры:

- Шаруашылық түрлері

- Мал басының көбейуі

- Жаңа жайылымдар

- Көшпелілік
Қорытындылау:

Үйге тапсырма: Дәптермен жұмыс.



Сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 6

Күні:

Сабатақырыбы:Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.Көшпелі мал шаруашылығы

Білімдік-Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы және оның өнімді шаруашылық екенін түсіндіру

Тәрбиелік- Оқушының Ізденімпаздыққа, Ұқыптылыққа, Еңбекке баулу

Дамытушылық-Оз ойын толық айта білу дағдысын дамыту.

-Жаңа сабақты меңгерту

-Үй тапсырмасын тексеру

-Сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ: Қазақстан даласында шамамен б.з.б 2 мыңжылдық соңында егіншілікпен шұғылдану пайдасыз екені белгілі болды.Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуға мүмкіндік бері.

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді.Малшылар: Жылқы,түйе, қой, сиыр ұстады.


Бекіту сұрақтыры:

- Шаруашылық түрлері

- Мал басының көбейуі

- Жаңа жайылымдар

- Көшпелілік
Қорытындылау:

Үйге тапсырма: Маусымдық жайылым тақырыбына дайындалу

Сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 6

Күні:


2 сағат

Сабақ тақырыбы: Үйсіндер



Үйсіндердің тұрмысы, шаруашылығы
Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық – Үйсін пайпасының тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.

Тәрбиелік – Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.

Дамытушылық – Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабаққа тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, сұрақ-жауап, баяндау (әңгіме, диалог).

Көрнекілік: қосымша мәліметтер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Үйсіндер б.з,б 3 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасыры аралығында өмір сүрген

Үйсін астанаыс: Қызыл Аңғар /Чигучен немес Чигу

Үйсін басшысы Гуньмо
Байүйсіндер 4-5 мың жылқыдан иемденген

Гуньмо

Бектер Жылжымалы мүлік /мал/

Тайпа көсемдері мен әскербасылар Жылжымайтын мүлік /жер/

Малшылар Егіншілер/
ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.
Каталог: uploads -> doc -> 0c35
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c35 -> Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ
0c35 -> Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. П п дыбысы мен әрпі (3 сағаты)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет