Сабақтың мақсаты : оқушылардың бойында адам туралы,оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптас



бет2/4
Дата15.11.2016
өлшемі0,52 Mb.
#1812
түріСабақ
1   2   3   4

Мектеп: М.Әуезов о/м. Мерзiм: 13-14сабақ.

Тақырыбы: «Тамырын жайып тереңге»

Құндылық:Дұрыс әрекет.

Қасиеттер:сыйластық,құрмет көрсету,сүйіспеншілік

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып: 7 сынып. Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты:- Оқушыларға отбасы құндылықтары,ата-баба дәстүрі,ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: - отбасы құндылығы,отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

- өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспен

шіліктерін дамыту;



- өз туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге,

бағалай білуге тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»



Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықта ұсынылған тақырыптарға ой-толғау жазу




3.Дәйексөз

«Үлкен алдында жас қарызы,ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый»

М.Әуезов


Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер







4.Мұғалім сыйы.Бейне көріністі талқылау.

- Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?

- Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар,

дәстүрлерің бар?

- Өз отбасың үшін алаңдайсың ба,жауапкершілік

сезінесің бе?


Әңгімелеу.

Кәне, оқушылар бір сәтке ойланып көрейік



5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: Өз отбасыңда қандай аға,апа,іні,қарындассың?

2-топ:Осы аталғандарға тұрарлық қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің?

3-топ: Осы аталғандарға лайықты болып жүрсің бе?

Эссе жазып,талдау.



Оқушылар топпен жұмыс жасап,ойларын ортаға салады.

6. Топпен ән айту.Сөзі М.Мақатаев,әні Т.Рахимовтің «Сәби болғым келеді» әнін бірге орындау.




7. Үйге тапсырма.

Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер,олардың мағынасын ашып,

дәптерлеріңе жазыңдар.

Өз ата-әжелеріңнен ұрпақтарына қалдыратын немесе қалдырған өсиеттері туралы сұрап,қысқаша шығарма жазыңдар.






8. Соңғы тыныштық сәтi. Қорытындылау.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайып, бүгінгі өткен сабағымыздан біз отбасы құндылығы,отбасы бақыты,ұрпақтар сабақтастығы туралы, өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктері туралы, өз туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге,бағалай білуге үйрендік.



Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, пікір леріңді жазыңдар.







Мектеп: М.Әуезов атынадғы орта мектеп 15-16сабақ Мерзiм:

Тақырыбы: «Аялай біл,сен деп соққан жүректі»



Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер:мейірімді,сыйластық, қадірлеу.т.б.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып: 7 сынып. Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты:- жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы құрдастар,

достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.



Сабақтың міндеттері:- адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

- жаныңда жүрген жақын адамдарға деген

сүйіспеншіліктерін дамыту;



- жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай,

қадірлей білуге тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқан

дарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша 

түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағытта ңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  



Сабақ барысын талқылау:

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.




2.Үй тапсырмасын тексеру.( Мәтінмен жұмыс)

Оқулықтың 65- бетіндегі Р.Ақдемірдің«Ана махаббаты» атты мәтінді үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы әңгімедегі ерекше естеріңде қалған , риясыз сүйіспеншіліктің көріністерін суретке салып келу тапсырылады.  (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін талқылау).



Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:

-Ана неліктен балалардың көңіл күйін бұзғысы келмеді?

-Балалар саяхатқа жиналғанда анаға қандай ой келді?

-Балалардың саяхаттан бас тартуына олардың қандай қасиеттері себеп болды?

- Балалар өздерінің ойларын неге құпия ұстады?


Кейбір оқушылар өздерінің бойындағы қасиеттерді білмейді,

өздерін білу үшін көп талпыну керек,өздеріңе көңіл бөлу керек,атал

ған қасиеттердің барлы

ғы бойларыңда болған

да ғана сендер,басқа біреуді сыйлауды,

құрметтеуді білесіңдер.



3.Дәйексөз.

«Бізді сүйетұғын,күйетұғын,әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.

Міржақып Дулатов

«Адам бойындағы ең қымбаты-оның жүрегі»

Абай Құнанбаев.

-Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ана махаббаты риясыз сүйіспеншілікке жата ма?


Дәйексөзді оқимыз,мағынасын ашып талдаймыз.

Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталаймыз.Дәптерге көшіріп жазады.



4.Мұғалім сыйы.Әңгiмелеу «Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол - мен!Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

- Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім.Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілі

гім азайды ма?


  • Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді...Аналарың сендерді үнемі сүйіс

пеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?

3.Жақсы ой,сөз,іс- әрекеті үйлескен қандай адам?






5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І топ

Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

..................... таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды ...............,

................. бір-бірінен көмекті.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

Әрқашанда таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды адамдар,

Аямайды бір-бірінен көмекті.



ІІ топ

Ауырмашы мәңгі соқсын ...........,

.............. қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп ................,

Қалайша сен барда мен қартаямын?
Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,

Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп аяладың,

Қалайша сен барда мен қартаямын?



1 тапсырма екі топқа жұмыстануға ана тақырыбына арналған өлеңді толықтырып көр:

2 тапсырма Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана - өмірдің- гүлі,тіршілік басы»

шағын эссе жазу.


Тірек сөздер:

Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл,қамқор , күн шуағы, нұр шашады,



6.Топпен ән айту.ән: «Анашым»

Сырым Исабаев

Ағарған сенің шашыңа қарап уайымдаймын күнде мен,


Жастық бар жерде қартаю барын, мен, осы неге білмегем?
Немерелерің арқаңда бәрі, қарамай белге бүгілген
Бақыт деген балада екенін түсіндім, ана, бүгін мен.
Қайырмасы:
Тұрса да дауыл майыса көрме, ұсташы тіктеп бойыңды,
Анашым, сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды.
Ақ тілектерді қабыл ет, Алла, қабыл ет, Алла, ойымды,
Анашым, сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды.
Құттықтап, ана, туған күніңмен жиналды бүкіл ұрпағың,
Қуанышыңнан ұмытып кеткен жазылып кетсін сырқатың.
Ақтауға жүрміз ақ сүттеріңді кешігіп кетсек кейде тым,
Аналар, бәрің аман жүріңдер, бейнетін көріп, зейнетін.




7.Үйге тапсырма. Дәптермен жұмыс. № 15 -сабақ «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер»

№ 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс. С. Байжановтың «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу,ойтолғау

жазып келу.





8.Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

















Мектеп: М.Әуезов орта мектебі Мерзiм: 17-18сабақ.



Тақырыбы: «Адамның азаматтық тұлғасы»



Құндылық:Ақиқат. Қасиеттер:мейірімді,сыйластық, қадірлеу.т.б.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып: 7 сынып. Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты:- жеке тұлғаның қоғам алдын

дағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.

Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімімен тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: - азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру;

- азаматтық ұстанымдар мен көзқарастарын қалыптастыру;

-оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.



Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқан

дарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша 

түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағытта ңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  


Сабақ барысын талқылау:

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.




2.Үй тапсырмасын тексеру.. № 15 -сабақ «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер»

№ 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс. С. Байжановтың «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу,ойтолғау

жазып келу,талқылау.





3.Дәйексөз.

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама,ел үшін мен не істей аламын деп сұра.



Джон.Кеннеди.

Дәйексөзді оқимыз,мағынасын ашып талдаймыз.

4.Мұғалім сыйы.Әңгiмелеу




5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«азамат»сөзінің мағынасын ашу үшін,топтарға синонимдік тәсіл мен антонимдік тәсілді пайдаланып,табу.






6.Топпен ән айту.

Сөзі Қ.Мырза Әлі,әні Н.Тілендиевтің: «Өз елім» әні






7.Үйге тапсырма.

Оқулықтағы 100,102 беттегі,1-тапсырма,

2-тапсырмаларды орындау.





8.Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!


















Мектеп: М.Әуезов орта мектебі .Мерзімі №19-20сабақ.

Тақырып: «АТАМЕКЕН – АЛТЫН БЕСІК»

Құндылық:ақиқат.

Қасиеттер:сүйіспеншілік,құрмет тұту,қастерлеу.т.б.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып: 7 сынып. Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп дамуындағы,өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.

Сабақтың міндеттері: - атамекенді қадірлей білу,атамекенге қызмет ету,адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;

- оқушылардың өз атамекені,туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту; - өз атамекеніне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін,мақтаныш сезімдерін арттыру.



Ресурстар:(құралдар,

мәлiметтер)

фломастерлер,

сабаққа қажетті сөздер.

Көрнекіліктер:

оқулық, дәптер, үнтаспа, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.Тыныштық сәтi.

Енді көзімізді жұмып, Атамекенімізге сапар шегіп көрейік:

Балалық шағымыздың куәсі болған туған өлкені,Күн сайын мектепке барған соқпақ жолды,Мәз болып асыр салған өзенді,Шарықта

та көке самғаған әткеншекті,Бақытты күндерімізді бірге өткізген достарымызды есімізге түсірейік.


Сабақ барысын талқылау: тренингтер.

түсіндіру,пікір алмасу.


Баяу әуен жіберіп тыңдату,соңынан қандай сезімде болғандарын сұрау.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстыр

ып,әр сөздің өзіне сәйкес келетін мағыналарын анықтаңдар.

Ұғым

Анықтамалары

1.Азаматтық




2.Азамат




3.Адамгершілік




4.Кісілік




5.Саналылық
















3.Дәйексөз

Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.

Халық нақылы

- Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Ал сіздер қандай сезімге бөлендіңдер?


/Дәйексөзді көзқарас-себеп-мысал қорытын

дылау арқылы талдай

ды,дәйексөзді түсініп оқып, дәптеріне жазып қояды./


4.Мұғалім сыйы.Әңгiмелеу.




5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

6.Топпен ән айту.

Сөзі Қ.Мырза Әлі,әні Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін бірге орындау.






7.Үйге тапсырма.

«Атамекенім-мақтанышым»тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу.






8.Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік.









Каталог: uploads -> doc -> 0f85
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f85 -> Мектеп кітапханасының 2016-2017 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
0f85 -> Семинар сабақ Пән: Компьютерлік геометрия және графика
0f85 -> Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
0f85 -> Сабақ мақсаты: Жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап,кеңейтіп,пысықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет