Сабақтың мақсаты : оқушылардың бойында адам туралы,оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптас



бет4/4
Дата15.11.2016
өлшемі0,52 Mb.
#1812
түріСабақ
1   2   3   4

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер:сүйіспеншілік,жақсылық,сенімділік.т.б.

Мұғалiм_:Смаилова Г.К.__Класс:7сынып. Оқушылар саны:_______




Сабақтың мақсаты:- оқушылардың жасампаздық,

келешек туралы түсініктерін кеңейту.



Сабақтың міндеттері: - оқушылардың жаңа бастама,

жақсы істер ел болашағы жөніндегі ұғымдарын

дамыту;

-оқушыларды ізгі істерге баулып,шығармашылыққа



жетелеп,белсенділіктерін арттыру;

-сүйіспеншілікке,жақсылыққа,сенімділікке тәрбие леу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Бұл сабақта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін қолданылатын тәсіл.

Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі.



Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың өздері тұратын жерде туып- өскен белгілі адамдардың еліне сіңірген қызметі туралы мәліметтер жинап, жазып келген мақалаларын оқытып,талдау.

Сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақтар қойылып,

әңгіме жүргізіледі.



3.Дәйексөз.

«Жаңа астананың қаласы да,адамдарының санасы да жаңа болсын.»

Н.Ә.Назарбаев.


Дәйексөздің түйінін дәптерге жазып,мағынасын түсіндіріңдер?

4. Мұғалім сыйы.

Әңгiмелеу (сұхбат).

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: «Астана-арман қала»

2-топ: «Астана-болашақтың қаласы »

3-топ: « Астана-бейбітшілік қаласы»

өз қалауларымен сурет салу,коллаж жасау.


Оқушылар сабақ барысында меңгерген білімдерін тиянақтау

6.Топпен ән айту.Сөзі Ш.Сариев,әні С.Бәйтерековтің «Қазақ елі» әнін топпен орындау.




7.Үйге тапсырма.«Астана қаласын әлем жұртшылығына таныстыру» жоба ұсыну,өз қалауларымен өлең шығарып,сурет салу.




8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Сабақ соңында халық тағылымдарының мәнін түсіне білген адамның тек жақсылыққа жететіні туралы бүгінгі сабақтан түйгендерін оймен қорытындылау.





Мектеп: М.Әуезов Мерзiм: 33-34сабақ.

Тақырыбы: «Жақсылық - жан азығы»

Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер:кішіпейілділік,мейірімділік,қайырымдылық,жанашырлық.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Класс:7сынып. Оқушылар саны:




Сабақтың мақсаты: : Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін

дамыту.


Сабақтың міндеттері: - оқушылардың ізгілік,

жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту;

-оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге,

жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету:

-сүйіспеншілікке,ойлылыққа,сезімталдыққа

тәрбиелеу;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Интерактивті тақта

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін – өзі тану»

сабағының ережесін «5Т» қайталап, оқушылардың оқу құралдарын «5затты» тексеріп, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 1 ұпайдан беремін.

Тыныштық сәтi.«Нұрға бөлену.»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!



Сабақ барысын талқылау:
Балалардың денелері сергиді


2.Үй тапсырмасын тексеру.(Дәптермен жұмыс)

32 тақырыптағы 1-тапсырма бойынша «Жасампаз

дық жемісі» дегенді қалай түсінесіңдер,2-тапсырма,3-тапсырмалар бойынша өз ойларын белгілер,таңбалар,өрнектер,сызба-суреттер түрінде бейнелеп түсіндіріп,талдап айту.


Әңгімелеу

3.Дәйексөз

«Көңіліңді бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.»

/Ы.Алтынсарин/

(Нақыл сөзге талдау жасалып,қорытындыланады.)

Дәптерге жазып,жаттап келу тапсырылады



Қайталап оқиды.

4.Мұғалім сыйы.«Бір жұлдызды құтқару» (аңыз).

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Бала теңіз жұлдыздарын қалай құтқармақ болды?

2. «Бір өзің не істей аласың» деген сұраққа бала қалай жауап берді?

3.Баланың ісіне қарап оның қандай адам екенін білуге бола ма?

4.Егер баланың орнында болсаң,сен солай істер ме едің?



Әңгімелесу

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әр оқушыға тамшы үлгісіндегі қағаз үлестіріледі.

Оқушылар өздерінің жасаған жақсылықтарын жазып,тақтаға іледі,бір-бірінің жазғандарын оқып талдау жасайды



Тапсырма орындайды

6.Топпен ән айту.Сөзі С.Молдасанұлы,әні Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнін бірге орындайды.

Хормен ән айтады.

7.Үйге тапсырма.

34-сабақ. «Жақсылық-жан азығы»деген тақырыпта шағын эссе жазу.






8.Қорытынды.

Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық бар жерде, тыныштық бүкiл әлемде. Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін,басын тік ұстап,көзін жұмып отырады.

Мұғалім баяу дауыспен:

-Оқушылар көзімізді жұмып, бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші.

Сендердің жауаптарың, пікірлерің, ойларың, әрекеттерің «Өзін-өзі тану» пәні арқылы көп адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді ұғынғандарыңды көрсетіп тұр. Бәрің де «Өзін-өзі тану» елінің көшбасшысы болуға лайықтысыңдар.Осы үйренгендерің өмірде пайдаланып, олардың сендерге нағыз адам болып қалыптасу жолында көмектесетініне көздеріңді жеткізіңдер. Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.Сондықтан, жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік,жақсы іс жасайық!Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық.Қандай жан тыныштығы!Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет.



Сау болыңыздар!


Бойлары сергиді.

Каталог: uploads -> doc -> 0f85
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f85 -> Мектеп кітапханасының 2016-2017 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
0f85 -> Семинар сабақ Пән: Компьютерлік геометрия және графика
0f85 -> Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
0f85 -> Сабақ мақсаты: Жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап,кеңейтіп,пысықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет