Сабақтың мақсаты : оқушылардың бойында адам туралы,оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптас



бет3/4
Дата15.11.2016
өлшемі0,52 Mb.
#1812
түріСабақ
1   2   3   4

Мектеп: М.Әуезов орта мектебі №21-22сабақ.

Тақырып: «Құдіретті Жер -Ана»



Құндылық:Сүйіспеншілік.

Қасиеттер:қастерлеу,ардақ тұту,мейірімділік.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып: 7 сынып. Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп, дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.

- Атамекенді қадірлей білу,атамекенге қызмет ету,адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;

- оқушылардың өз атамекені,туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;

- өз атамекеніне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін,мақтаныш сезімдерін арттыру.



Ресурстар:(құралдар,

мәлiметтер)

фломастерлер,

сабаққа қажетті сөздер.

Көрнекіліктер:

оқулық, дәптер, үнтаспа, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап,сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп,ұпайларын түгендейміз.



  • Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»




Сабақ барысын талқылау: тренингтер.

түсіндіру,пікір алмасу.


/оқушылардың сабаққа қызығушылығын, көңіл-күйлерін көтеру үшін/

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Атамекенім мақтанышым»тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу.




3.Дәйексөз

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны-өзі

туралы ойлағаны»

Ш.Айтматов.


/Дәйексөзді талдайды,

дәйексөзді түсініп оқып, дәптеріне жазып қояды./



4.Мұғалім сыйы.Әңгiмелеу. Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін  қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе? Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. 

Сұрақтар:

-Бір кісі теңіз жағалап келе жатып не көрді?


-Теңіз жағасында бала не істеп жүр екен?
-Баланың тірлігінің теңіз жұлдызы үшін мәні неде ?
-Сен осы баланың орнында болсаң не істер едің?
-Осы аңыз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?






5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

« Сан түрлі әлем» А.Өтегенов

Тапсырма. (коллаж құрастыру)

Өсімдіктер әлемі;Жануарлар әлемі;Құстар әлемі;Техника әлемі.





6.Топпен ән айту.Сөзі Ш.Сариев,әні:Ж.Тұяқбаев тің «Жер Ана» әнін бірге орындау.




7. Үйге тапсырма:

Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар:

1. «Су бар жерде,ел бар».

2. «Туған жер-ер азаматтың думанды ортасы».

3. «Жер АНА - жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі».

4.«Туған жердей жер болмас,туған елдей,ел болмас».






8.Соңғы тыныштық сәтi. Қорытынды

Баяу музыка қосылады.

Енді көзімізді жұмып, Атамекенімізге сапар шегіп көрейік:Балалық шағымыздың куәсі болған туған өлкені,күн сайын мектепке барған соқпақ жолды,мәз болып асыр салған өзенді,шарықтата көкке самғаған әткеншекті,бақытты күндерімізді

бірге өткізген достарымызды есімізге түсірейік.





Мектеп: М.Әуезов о/м. Мерзiм: 23-24

Тақырыбы: «Ғаламшар ғажаптары»

Құндылық: Қиянат жасамау .Қасиеттер:Мейірімділік,қамқорлық,жанашыр.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Класс:7сынып. Оқушылар саны:




Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру.

Сабақтың міндеттері: - оқушыларға болмыс,жаратылыс,ғалам туралы түсінік беру;

- қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;

- қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Интерактивті тақта

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін – өзі тану»

сабағының ережесін «5Т» қайталап, оқушылардың оқу құралдарын «5затты» тексеріп, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 1 ұпайдан беремін.

Тыныштық сәтi.«Нұрға бөлену.»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!



Сабақ барысын талқылау:
Балалардың денелері сергиді


2.Үй тапсырмасын тексеру.(Мәтінмен жұмыс)

Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар:

1. «Су бар жерде,ел бар».

2. «Туған жер-ер азаматтың думанды ортасы».

3. «Жер АНА - жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі».

4.«Туған жердей жер болмас,туған елдей,ел болмас».



Әңгімелеу

3.Дәйексөз

«Ғаламның ғажайып сыры адамда»

/Чарльз Дъюк/

(Нақыл сөзге талдау жасалып,қорытындыланады.)

Дәптерге жазып,жаттап келу тапсырылады



Оқиды,қайталап оқиды.

4.Мұғалім сыйы. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мәтін бойынша сұрақтар:



Әңгімелесу

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Ғарышқа жол»;«Ғарышқа сиқырлы саяхат»

Сурет салу,коллаж құрастыру,талдау.


Тапсырма орындайды

6.Топпен ән айту.

Хормен ән айтады.

7.Үй тапсырмасы. 23 тақырыптағы «Ғарыштан келген гүл.» атты әңгімесін оқып,өз түсінігін толықтырып келу.

Мәтін бойынша пікір алмасу:

1.Қоршаған ортаны қабылдауда адам қандай сезім

дерге бөленеді?

2.Адамның қоршаған ортамен байланысы,өз өмірі

нен қалай көрінеді?

3.Айналамыздағы әсемдікті сезіну үшін сендерге не

көмектеседі?

4.Жерден басқа әлем туралы не ойлайсыңдар?

24-сабақ. (үзінді )оқып келу


(Фантастикалық әңгімеден үзінді)

Әңгімелесу.



8.Қорытынды.

Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық бар жерде, тыныштық бүкiл әлемде. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет!

Сау болыңыздар!


Бойлары сергиді.

Мектеп: М.Әуезов о/м. Мерзiм: 25-26сабақ.

Тақырыбы: «Өмір қымбатсың сен маған!»



Құндылық: Ақиқат .Қасиеттер:Мейірімділік,сүйіспеншілік,жанашырлық.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Класс:7сынып. Оқушылар саны:




Сабақтың мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы білімдерін одан әрі тереңдету.

Сабақтың міндеттері: - оқушыларға өмір

құндылығы туралы тереңірек білім беру;



- өмірге құштарлықтарын дамыту;

- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Интерактивті тақта

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін – өзі тану»

сабағының ережесін «5Т» қайталап, оқушылардың оқу құралдарын «5затты» тексеріп, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 1 ұпайдан беремін.

Тыныштық сәтi.«Нұрға бөлену.»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!



Сабақ барысын талқылау:
Балалардың денелері сергиді


2.Үй тапсырмасын тексеру.(Мәтінмен жұмыс)

23 тақырыптағы «Ғарыштан келген гүл.» атты әңгімесін оқып,өз түсінігін толықтырып келу.

Мәтін бойынша пікір алмасу:

1.Қоршаған ортаны қабылдауда адам қандай сезім

дерге бөленеді?

2.Адамның қоршаған ортамен байланысы,өз өмірі

нен қалай көрінеді?

3.Айналамыздағы әсемдікті сезіну үшін сендерге не

көмектеседі?

4.Жерден басқа әлем туралы не ойлайсыңдар?



(Фантастикалық әңгімеден үзінді)

Әңгімелеу



3.Дәйексөз.

Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық.

/Абай/.

(Нақыл сөзге талдау жасалып,қорытындыланады.)

Дәптерге жазып,жаттап келу тапсырылады


Оқиды,қайталап оқиды.

4.Мұғалім сыйы. С.Мұратбеков. «Отау үй» үзінді.

Әңгiмелеу (сұхбат).

Мәтін бойынша сұрақтар:

«Өмір,өмір сүру»дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?



Әңгімелесу

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Артына өшпестей із қалдырған.»

коллаж құрастыру,талдау.


Тапсырма орындайды

6.Топпен ән айту. Сөзі,әні Дәрібаевтің «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін бірге айту.

Хормен ән айтады.

7.Үйге тапсырма.Өзіміз тұратын аймақта сақталған салт-дәстүр туралы не білеміз?қысқаша жазып келу

Әңгімелеп,талдау.

8. Соңғы тыныштық сәтi. Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Сонымен бүгінгі сабақта еңбекті сүйетін адам көп еңбектенетінін,өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдыратынын,ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көретінін білдік.Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық-еріншектік. бұл әдет- бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық,-деген екен». Сау болыңыздар!



Бойлары сергиді.

Мектеп:_М.Әуезов______________Мерзiм:____________№ 27-28 сабақ.

Тақырып: Халық дәстүрі - асыл қазына.



Құндылық:Ақиқат.Қасиеттер:сүйіспеншілік,ізгілік,құрметтеу,сыйластық

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Класс:7сынып.Оқушылар саны:_______




Сабақтың мақсаты:- оқушылардың халық

дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту.



Сабақтың міндеттері: - оқушыларға халық

дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

-оқушыларды халық дәстүрінің мәнін түсініп,оны

қадірлеп,бағалай білуге баулу;

-сүйіспеншілікке,ізгілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Бұл өзін-өзі тану сабақтарында баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін қолданылатын тәсіл.Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қойылады.

Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру. 25 сабақтағы

«Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» Ш.Сариевтің өлеңін жаттап келіп,мағынасын талдау.



Сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақтар қойылып,әңгіме жүргізіледі.

3.Дәйексөз.

«Дәстүрін ел-жұртымның ардақтаймын,

Ежелгі ата-баба салтын сақтап.»

Халық өлеңі.



Дәйексөздің түйінін дәптерге жазады.мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Мұғалім сыйы. «Жанқұтты шешеннің батасы» атты мәтінді оқып,талдау.

Әңгiмелеу (сұхбат).

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: 2-топ: «Жақсы дәстүр-ел игілігі» өлеңін коллаж жасап өз ойларыңмен суреттеп көрсетіп,

халқымыздың салт-дәстүрі туралы талдау жасау.


Оқушылар сабақ барысында меңгерген білімдер

ін тиянақтау



6.Топпен ән айту.Сөзі Н.Ә.Назарбаев,әні Б.Тілеухановтің «Елім менің» әнін топпен орындау.




7.Үйге тапсырма.

«Алтын емес,салтым қымбат» шығарма жазып келу.






8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Сабақ соңында халық тағылымдарының мәнін түсіне білген адамның тек жақсылыққа жететіні туралы бүгінгі сабақтан түйгендерін оймен қорытындылау.






Мектеп: М.Әуезов о/м. Мерзiм:____________№ 29-30 сабақ.

Тақырып:Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған .

Құндылық: Ақиқат.Қасиеттер:адалдық,өнегелік,сыйластық, ізгілік,құрметтеу.

Мұғалiм_Смаилова Г.К.__Класс:7сынып.Оқушылар саны:_______




Сабақтың мақсаты:- оқушылардың ұлы адамдар,

Олардың өмірі мен қызметінің мәні туралы түсінік

терін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - оқушыларды ұлы адамдардан үлгі-өнеге алуға,ұлағатын үйренуге баулу;

-оқушыларды ұлы адамдардың жақсы істерін сезініп көре білуге,оларды қадірлеп-бағалай алуға үйрету;

-адалдыққа,өнегелікке,сыйластыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Бұл сабақта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін қолданылатын тәсіл.

Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қойылады.



Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың «Алтын емес,салтым қымбат» деген 28 сабақтағы үйден жазып келген шығармаларының мағынасын талдау.

Сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақтар қойылып,

әңгіме жүргізіледі.



3.Дәйексөз.

«Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар»

Р.Гамзатов.


Дәйексөздің түйінін дәптерге жазып,мағынасын түсіндіріңдер?

4. Мұғалім сыйы.

Әңгiмелеу (сұхбат).

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: «Сен кімдерді ұстаз тұтасың?»

2-топ: «Болашақ үшін өзің қандай із қалдырар едің?» өз ойларыңмен суреттеп көрсетіп,талдау жасау.


Оқушылар сабақ барысында меңгерген білімдер

ін тиянақтау



6.Топпен ән айту.Сөзі О.Әубәкіров,әні Ә.Бейсеуовтің «Ағаларым» әнін топпен орындау.




7.Үйге тапсырма.Өздерің тұратын жерде туып- өскен белгілі адамдардың еліне сіңірген қызметі туралы мәліметтер жинап,мақала жазып келу.




8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Сабақ соңында халық тағылымдарының мәнін түсіне білген адамның тек жақсылыққа жететіні туралы бүгінгі сабақтан түйгендерін оймен қорытындылау.





Мектеп М.Әуезов о/м. Мерзiм:____________ 31-32 сабақ.

Тақырып: «Жасампаздық жемісі» .


Каталог: uploads -> doc -> 0f85
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f85 -> Мектеп кітапханасының 2016-2017 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
0f85 -> Семинар сабақ Пән: Компьютерлік геометрия және графика
0f85 -> Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
0f85 -> Сабақ мақсаты: Жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап,кеңейтіп,пысықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет