Сабақтың мақсаты: а Білімділік



Дата20.06.2018
өлшемі85,92 Kb.
#43388
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көктемде
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларға жаңа тақырып бойынша жан-жақты білім беру. Жаңа сөздерді сөз тіркестері мен сөйлемдерде пайдалана білу.

ә) Дамытушылық: Жыл мезгілі тақырыбында сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Әр оқушының білім сапасын оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы дамыту.

б) Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қадірлеуге, табиғат заттарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың формасы: «Жеті ата» ауылына саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, кластермен жұмыс жасау.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, сөзжұмбақты шешу, күннің, гүлдердің, құстардың суреттері.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлығын түгелдеу.

Сұрақ-жауап.

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Бүгін ауа райы қандай?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ата ауылы.

-Үйге қандай тапсырма берілді? (дәптердегі сөздермен сөз тіркестерін құрау)



ІІІ. Жаңа сабақ. Әке ауылы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.



  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Көктемде. Бүгінгі сабақта алдыма

қойған мақсатым, сендерге тақырып туралы түсіндіріп, осы тақырып жайында білімдеріңді тереңдету. Табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру және табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді арттыру. Ал, енді сабағымызды бастамас бұрын, тақтада жазылу тұрған жаңа сөздермен танысып алайық.

а) Сөздікпен жұмыс.

1. Мұғалім өзі дауыстап оқиды.

2. Оқушылар жеке-жеке дауыстап қайталайды.

3. Жұптық жұмыс (біріншісі қазақша нұсқасын, ал екіншісі орысшаға аударады)

гүлдеді – зацвели

қараторғай – скворец

құстың ұясы – скворечник

ұшып келе бастады – начали прилетать

қуанды – радовался (-ась, -ись)

қатты – сильно

орнатты – прикрепил (-а)

б) Оқулықпен жұмыс. Бала ауылы.

1-тапсырма. Мәтінді оқы, аудар. (Оқушылар тізбекпен бір-бір сөйлемнен оқып, аударады).

Көктемде.

Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қатты қуанды.

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз. (Оқушылар тақтаға шығып, сөйлемдерді толықтырып жазады).

Көктемде .... мерекесі болдаы. Көктемде .... ұшып келеді. Көктемде .... жылы болады. Көктемде .... каникул болады. Көктемде .... өседі.

Керекті сөздер: құстар, наурыз, гүл, күн, көктемгі.

3-тапсырма. Мәтін бойынша жауап бер.

1.Қай жыл мезгілі келді?

- Көктем келді.

2.Нелер гүлдеді?

- Ағаштар гүлдеді.

3.Нелер жылы жақтан ұшып келе бастады?

- Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады.

4.Алмас не істеді?

- Алмас ұя жасады.

5. Көктем айлары қандай?

- Наурыз, сәуір, мамыр.

4-тапсырма. Толықтырып сөйле. (кеспе қағаздармен жұмыс)

(Март) көктемнің бірінші айы.

(Апрель) көктемнің екінші айы.

(Май) көктемнің үшінші айы.



Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз, (оқушылар орнынан тұрады)

Қолымызды созамыз. (қолдарын алға созады)

Бір отырып, бір тұрып2, (қимыл-қозғалыс ретінде)

Алақанды соғамыз, (шапалақтайды)

Орнымызды табамыз. (оқушылар орнына отырады)



ІҮ. Немере ауылы.

Өзіңді тексер, аударып айт. (ауызша формада)

Пришла весна. Весенние месяцы. День теплый. Птицы прилетают. Будут каникулы. Сделали скворечник. Прикрепил в дерево.

Ү. Шөбере ауылы.

Жеті сөз тауып оқы. Тапқан сөздерді орыс тіліне аударып, жазыңдар.



К

Н

А

У

Р

Ы

З

Ө

Д

Қ

Ұ

С

Ь

М

К

Г

Ш

З

Ә

Л

П

Т

О

А

Й

У

Р

Ф

Е

К

Ү

Н

І

Ж

Ө

М

А

М

Ы

Р

В

Х


ҮІ. Шөпшек ауылы.

Жаңа сабақты «Сөзжұмбақты шешу» арқылы қорытындылаймын.





  1. день

  2. синий

  3. два

  4. птицы

  5. семь

  6. май

  7. радовался

  8. праздник

ҮІІ. Немене ауылы.

Кластер бойынша күннің бейнесіндегі сөзбен («Көктем») сөйлемдерді оқып шығу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-тапсырма, 164 бет. (арнайы жұлдызшаларда беріледі)

ІХ. Бағалау. (оқушының білім деңгейіне қарап, кесте бойынша толтырамыз)






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет