Сабақтың мақсаты: а Оқушыларға ана тілі туралы, оның қасиеті туралы, тіл туралы ұлағатты сөздерді білдіру, мазмұнын түсіндіру



бет3/3
Дата12.03.2018
өлшемі0,59 Mb.
#39195
түріСабақ
1   2   3

Өзгелік етіс Ырықсыз етіс Бұйрық рай



Жаңа сабақ:
нәресте – младенец

сіңу – впитать

ерлік – геройство

қоғам құбылыстары – общественные явления

мұра – наследие

дәреже - уровень



Ұлағатты сөздердің мағынасын ұқтыру:

1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. (Ш.Айтматов)

2. Қазақша жазу – қазақ сөздерінің кез келгенін құрастыра беру емес. (М.Әуезов)

3. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. (А.Жұбанов)

4. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғ.Мүсірепов)

5. Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны ойлаудан басталады.(Г.Гегель)

6. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты. (П.М.Мелиоранский)

Мәтінмен жұмыс:
-оқушыларға тізбекпен оқыту;

-орыс тіліне аударту;

-мазмұнын түсіндіру;

-сұрақ-жауап алу.


Ана тілі туралы
Ана тілің анаңның ақ сүтімен нәресте кезіңнен бойыңа сіңеді.

Тіл – халықтың байлығы. Мысалы, біздің қазақ халқы жер бетінде өмір сүріп келе жатқаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз, ертегілері, шығарған жырлары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, көрген-білгені, жалпы дүние жайындағы ұғым-түсініктері, ойы, сезімі – бәрі де ана тілімізде шығарылып, ана тілімізде дамып, атадан балаға мұра болып келеді. Демек, ана тіліміз – бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Ол халқымызбен бірге жасап, бірге дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп отыр.

Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз.

Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек.



Деңгейлік тапсырмалар
III Деңгей

Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп, морфологиялық талдау жасаңдар.


II Деңгей

Ана тілі, үйренемін, жаттау, өлең, кездесу – деген сөздермен құрмалас сөйлемдер құрып, синтаксистік талдау жасаңдар.
I Деңгей

Ана тілі – жүрек үні” деген тақырыпқа өлең шығару.


Сабақты бекіту:

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту:

1.Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

2.Тіл туралы Ш.Айтматов не деген?

3.М.Әуезовтің сөзін қалай түсінесің?

4.Ғ.Мүсірепов ана тілін ұмытқан адам неден қол үзеді дейді?

5.Өзің тіліңді қалай құрметтейсің?
Бағалау.
Үйге :

Ұлағатты сөздерді жаттау;



Тіл туралы мақал-мәтел жазып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 084b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
084b -> Сабақ тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдістерін тәжірибеде қолдану Жалпы мақсаты
084b -> Сабақтың тақырыбы: «Табиғат қандай тамаша»
084b -> Досымова Г. А. Бастауыш сынып мұғалімі Бұланды ауданы Макинск қаласы Мектеп-лицейі Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару. 152-бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет