Сабақтың мақсаты: Қалау райдың жасалу жолдарын үйретіп, оның ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару


Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға рналған дидактикалық ойындар



бет8/8
Дата28.06.2017
өлшемі1,18 Mb.
#20208
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға рналған дидактикалық ойындар

1. «Кім тапқыр» ойыны.Ойынның шарты:тақтаға жұмбақ жасырылған және ту,шар,елтаңбаның суреттері бейнеленген плакат ілінеді.Мұғалім жұмбақты оқиды, балалар жауабын суреттерге қарап айтады.

Желбірейді биікте,

Ел белгісі – ол сенің.

Айта қойшы,балақай,

Рәміздегі қай белгің? Жауабы: (ту)

Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.

Оқулық соңындағы сынақ тапсырмаларымен жұмыс.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің райлары

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, рай категориясының жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін,көзқарасын білдіріп,белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады.Етістіктің райлары қимылдың,іс-әрекеттің жүзеге асу,орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай,бұйрық рай,, шартты рай,қалау рай.



Жаттығумен жұмыс: 163-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,етістіктердің жасалуына,қай шақта тұрғанына көңіл бөліңдер.

Жеке оқушылармен жұмыс: мақал-мәтелдер жазып етістіктеріне морфологиялық талдау жасаңдар .

Мысалы: Жел дауылды шақырады.

Бұлт жауынды шақырады.

Шақыр-а-ды—шақыр түбірі етістік, -а-көсемшенің жұрнағы, -ды-жіктік жалғауының ІІІ жағы



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?



Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 164 -жаттығу. Мәтіннен етістіктерді тауып, құрамына қарай талдау жасайды.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ашық рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, ашық райдың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ашық райдың мәні етістіңтің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты.Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады.

Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.

Жаттығумен жұмыс: 165-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын көрсетіңдер.

Жеке оқушылармен жұмыс: Төмендегі ашық райлы етістіктерді қатыстырып,сөйлем құрастырыңдар.

Оқыды,айтыпты, тыңдап отырмыз, озар, жазған



Шығармашылық жұмыс: Ашық райлы етістіктерді қатыстырып, «Анамның мамандығы» деген тақырыпта шағын хабарлама жазыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?

4. Ашық рай қалай жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 169 -жаттығу. Көшіріп жазып,әңгімеге ат қойыңдар,ашық райлы етістіктерді талдаңдар.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Бұйрық рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, бұйрық райдың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бұйрық рай іс-әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра,талап,тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!

Бір жаққа қаратылып,қимылдың іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады..

Жаттығумен жұмыс: 171-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұйрық райлы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын,олардың мағыналық ерекшеліктерін көрсетіңдер. Әңгімеге ат қойыңдар.

Топпен жұмыс: Екі топ бұйрық райда тұрған мақал-мәтел айтып жарысады.

Мысалы: Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атаңа ауыр жүк артпа!

Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдында мейіріңді көрсет.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?

4. Ашық рай қалай жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Етістіктері бұйрық райда тұрған бата жаттап келіңдер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Бұйрық райдың жіктелу үлгісі

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, бұйрық райдың жіктелу үлгісі туралы түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бұйрық райдың жіктелу үлгісі



жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ



Барайын,келейін,санайын

Бар-, кел-, сана,

Барыңыз, келіңіз, санаңыз

Барсын,келсін, санасын




Барайық,келейік,санайық

Барыңдар,келіңдер,санаңдар

Барыңыздар,келіңіздер, санаңыздар

Барсын,келсін,санасын



Етістіктің бұйрық рай түріне кейде –шы,-ші жұрнағы жаллғанып та жұмсала береді.

Ондайда бұйрық райлы етістік бұйрық, талап ету мағынасынан гөрі өтініш, тілек, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: (мен) алайын-алайыншы



Жаттығумен жұмыс: 172-жаттығу. М.Қашқаридің сөзін есте ұстаңдар. Көшіріп жазып бұйрық райлы етістіктердің астын сызыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?



Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Бұйрық райды жіктеп бірнеше сөйлем жазып келіңдер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Шартты рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, шартты райдың жасалу жолын түсіндіру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу болмау,іске асу-аспау мүмкіндігінінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктік негізгі және туынды

түбіріне ,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са,-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, кел-се

Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са,-се жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.



Жаттығумен жұмыс: 174-жаттығу . Көшіріп жазып шартты райлы етістіктердің астын сызыңдар.

Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген етістіктерден шартты рай жасап,әрқайсысына бір-бір сөйлем құраңдар.

Сана, жаз, жүргіз, тазарт, санама



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?



6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Каталог: uploads -> doc -> 0379
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0379 -> Аққұдық негізгі мектебі Педагог -психолог Альжанов Ербулат Сабровичтың
0379 -> Сабақтың тақырыбы: Туған жерін ән еткен Е. Хасанғалиев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет